51. Жоңғар ханлығының күшеюі: «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама —


Бөкей ордасының құрылуы,басқару жүйесінің ерекшеліктері мен аумақтары. Жәңгір ханның ағартушылық саясаты



бет7/50
Дата24.04.2023
өлшемі139,8 Kb.
#86032
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   50
Байланысты:
Тарих 50-100 (копия)

60.Бөкей ордасының құрылуы,басқару жүйесінің ерекшеліктері мен аумақтары. Жәңгір ханның ағартушылық саясаты.
Ішкі Бөкей ордасы 1801 жылы Павел патша «Кіші жүз қазағының хан кеңесінің бастығы Нұралы хан Ұлы Бөкей төрені өзіме қабыл аламын, көңілдегі жеріне жайлауға рұқсат етемін», - деген жарлық шығарады. Осы жылы Бөкей бастаған оң мыңға жуық отбасы Жайықтың оң жағына көшкеннен кейін Ішкі Орда хандығы құрылып, оның ханы болып Бөкей сұлтан сайланды 1806ж. мамырдың 19-ы Патшалық Үкіметтің арнайы жарлығымен хандықтың территориялық көлемі 6500 мың десятина жер болып бөлінеді Жаңа құрылған хандықты Бөкей 1815 жылы өзі өлгенше басқарды. Өзінің орнына хандыққа баласы Жәңгірді қалдырды. 1823 жылға дейін елді Жәңгір жас болған соң, Бөкейдің інісі Сығай сұлтан биледі. 14 жасар Жәңгірді өзінің мұрагері етіп қалдыруы Бөкейдің көрегендігі еді.
Жәңгір 1824 жылы Орал қаласында хан болып жарияланды және хандықты 20 жыл бойы басқарды. 1827 жылы ол хандықтың орталығы-Хан ордасының негізін қалады. Хан ордасы Нарын құмының батыс бөлігінде салынды.
Жәңгір хан билік басында болған уақыт қазақтардың бүрынғы дәстүрлі тұрмысына елеулі өзгеріс жасалған, хан билігі күшейген, ислам дінінің ықпалы артқан, тауар-ақшақатынастары айналымға енгізілген маңызды кезең болды.
Жәңгір хан тұсында Бөкей ордасында басқарудың жаңа жүйесі енгізіліп, хандық билер басқарған 12 әкімшілік орталыққа бөлінеді. Билер мен хандар кеңесі, тархандар институты қайта құрылған. Хандық 14 аймаққа бөлінді. Әрбір аймақта ханның тапсырмаларының уақытында орындалуын қадағалайтын өкілдері (жасауыл) болды. Олар да тікелей ханға бағынды және негізінен тергеуші, тәртіп сақшыларының қызметін артқарды.Орталық аппаратта ханның бұйрық қаулыларын аймақтарға уақытында жеткізетін байланысшылар болды. Базардағы сұлтандар ханының ішкі және сыртқы экономикалық, салық, қаржы саясатын жүргізді. Ханның жанында 175адамнан тұратын әскери күзет болды. Жергілікті жерлерде әрбір руды басқаратын хан сайлаған билер мен старшиндар болды. Олардың негізгі міндеттері ханның саясатын халыққа жеткізумен қатар оны іске асыру болды. Хандықтың құрамында 10ру болды. Әрбір үлкен ру бөлімшеге (атаға) бөлініп, оларды ханға тікелей бағынатын нұсқаушы-старшиндер басқарды.Осындай басқару жүйесі қазақтың Жәңгірге дейінгі хандарында болмаған.
Хан ставкасында арабша және орысша оқытатын 60 балалық мектеп қазақстанда алғашқы рет 1841 жылы ашылды. Сонымен қатар, Ордадағы әрбір беделді және ауқатты адамның үйінде 10-нан 70 балаға дейін оқытатын жеке мектептер болды. Мешіт арқылы хан халық арасында идеологиялық саясатын жүргізді.Ханның жанынан жоғары діни дәреже – Ахунды бекітті.Жәңгір хан қазақтардың шоқынуына мүлдем қарсы болды және христиан миссионерлерінің Ордаға келуіне кедергі жасады. Ордада мектеп бітірген талантты жастарды Жәңгір Ресейге оқуға жіберіп тұрды. 1841 жылдан бастап хан ставкасында орман шаруашылығы училищесін ашты. Ол училищеде емтихан алушылардың ішінде ханның өзі де болды. Оқу-біліммен қатар, Бөкей Ордасында өнер де жақсы дамыды.Бөкей ордасында ерекше дамыған күй өнері болды. Құрманғазы, Дәулеткерей. Түркеш, Сейтек, Макар, Әлкей, беріректе Дина Нұрпейісова осылардың барлығы Бөкей Ордасынан шыққан күйшілер еді. Жәңгірдің кезінде сауда өте жақсы қарқынмен дамыды. Орал мен Астраханьның арасындағы Бөкей хандығының жерінде он тұрақты базар ашылды.
1845 жылы Жәңгір хан кенеттен белгісіз жағдайда қайтыс болған. Ол Бөкей ордасының үшінші және ең соңғы ханы болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет