Кіші және Орта жүздер аумағында барлық билік институттарын реформалау және аумақтық-әкімшілік басқару жүйесін енгізу.
Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі хандық басқару жүйесін патша өкіметінін жойып, жаңа билік жүйесін еңгізуі ХVIII ғасырдың өзінде-ақ Орта жүз бен Кіші жүз хандарын патша өкіметі тағайындай бастаған. Олардың ел басқару қызметін жергілікті патша әкімдері бақылап отырды.
XIX ғасырдың 20-жылдарында Ресей үкіметі қазақ арасында хандық өкіметті біржола жойып, ел басқарудың жалпы ресейлік тәртібіне жақындатуға кірісті. Бұл шараларды іске асыру Орта жүзден басталды. Уәли хан өлгеннен кейін (1819), «Сібір қазақтары туралы Жарғыға» сәйкес (1822) Орта жүзде хандық билік жойылды. Жүз территориясы сыртқы сегіз округке бөлініп оларды аға сұлтандар басқаратын болды.
1775 жылғы реформаға сәйкес О.А.Игельстром далалық жерлерді жалпы империялық негізде басқару мақсатында Кіші жүзде хандық басқару жүйесін жоюды көздеген жоба ұсынды. Игельстром реформасының сәтсіздікке ұшырауының басты себебінің – дәстүрлі басқару түрін жоюдың алғы шарты қалыптасуында болатын. Расправаларының басқару ісіне араласуына Кіші және Орта жүздердегі ықпалды сұлтандар қарсы шықты, олар Кіші жүздегі хандық билікті қалпына келтіруге ұмтылды.
Орта жүздегі хан билігінің жойылуы Кіші жүзде тап осылай әрекет жасауды әлдеқайда жеңілдетті. Хан билігі әлсіреп, қол астындағы халық арасында беделінен айрылып тынған болатын.
1822 жылы Орынбор өлкесінің губернаторы П.К. Эссен Ресей астанасына «Орынбор қырғыздары жөніндегі жарғының» жобасын жөнелтті. Бұл кезде Кіші жүзде Шерғазы әлі де хан болып тұрған еді. 1828 жылы ондағы әкімшілік бірліктерінің аттары өзгертіліп, Батыс, Орта және Шығыс округтары деп аталынды. Кіші жүздегі өкімет билігі Орынбор генералгубернаторлығына тікелей бағынатын басқарушы сұлтандардың қолына көшті.
Кіші жүздегі ауыл старшындарынан бастап, басқарушы сұлтандарға дейінгі барлық лауазымды тұлғаларды Орынбор губернаторының өзі тағайындайтын болды. Сайлау жүйесі жойылды.
Ресей өзінің саясатын ел басқару саласын өзгету арқылы жүзеге асырумен болды және де ол өте сәтті жүргізіліп жатты. Қазақтар арасындағы ауыз бірліктің жоқтығы қолындағы бостандықты жоғалтудың басты себебі болды. Ресей отарлау саясатын одан әрі күшету масатында Кіші жүзді басқарудың дистанциялық (бекінісаралық) жүйесі енгізілді.
Бұл шекара маңындағы қазақтарды басқаруға бағытталған шара. Жайық қазақтарын басқару ісіндегі дистанциялық жүйе тәжірибесіне (1824-31) сүйенген патша үкіметі бұл шараны Кіші жүзге 1831 жылы енгізді. Негізгі мақсаты қазақ даласындағы казак-орыстардың қолына көшіру, қазақтар арасында тәртіпсіздікті болдырмау, ауылдардағы жағдайды шекара комиссиясына жедел жеткізу болды.
1831- 68 жыл арасында Кіші жүз даласында шекара маңыннан 31 дистанция ашылған. Олар реттік номермен белгіленіп, әрбір дистанция ауылдарға бөлінді. Дистанцияларға 400-1500 шаңырақ кірген. Мысалы 33 дистанцияда – 324 шаңырақ, 49 дистанцияда – 1547 шаңырақ болған. Олар рулық туыстықжағынан ғана емес, жер жағдайына қарай құрылған жүйе. Дистанциялық жүйе патша үкіметіне қазақ жеріне біртіндеп енуге, бекіністер салуға, казак-орыстарды осында орналастыруға және қазақ даласын отарлауға қолайлы жағдай туғызды.
«Орынбор қырғыздары (қазақтары.- авт.) туралы жарғының» кемшілік тұстары көп еді. Сондықтан оның орнына 1844 жылы «Орынбор қырғыздары туралы ереже» шықты. Ендігі жерде Орынбор әкімшілігіне қарайтын қазақтар тұратын жерлер Ресей империясының бір бөлігі деп жарияланды. Кіші жүзге жалпы басшылық жасауды Орынбор шекара комиссиясы жүргізді.
58.Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы (1867 ж.) және Орынбор және Батыс Сібір бас үкіметтерінің Дала облыстарын басқару туралы (1868 ж.) уақытша ереженің жүзеге асырылуы.
Ресей империясы үкіметі 1867—1868 жылдары Қазақстан аумағында әкімшілік реформа жүргізді. Оның негізгі мақсаты сұлтандар тобын өкімет бөлігінен біржолата ығыстырып, жалпы империялық басқару тәртібін енгізу еді. Жаңадан енгізілген шаралар өлкені шаруашылық жағынан отарлауға ықпал етуге және оған Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударатын шаруаларды одан сайын қаптатуды қамтамасыз етуге тиіс болды.