Биосфера Алуан түрлі организмдер тіршілік ететін қабат (грекше «био» - тіршілік) – Биосфера «Биосфера» ұғымын 1875 жылы енгізген – Э. Зюсс. Биосфера терминін өз еңбектерінде қолдана отырып, «биосфераны» тіршілік бесігі деп
атаған– В.И. Вернадский Биосфера – атмосфераның төменгі қабатынан, гидросферадан және литосфераның жоғарғы
қабатынан тұратынын дәлелдеген – В.И. Вернадский В.И. Вернадский бойынша биосфера бөліктерінің саны – 3 (тірі зат, биогенді зат және биокосты зат) Тірі зат – планетамыздағы барлық тірі организмдердің жиынтығы Биогенді зат – ежелгі биосфера бөлшектері таскөмір, жанатын газдар, шымтезек, батпақ, мұнай Биокосты зат – шөгінді жыныстар, сазды минералдар В.И. Вернадский бойынша биосфераның жоғары шекарасы – озон қабаты 20 км В.И. Вернадский бойынша биосфераның төменгі шекарасы – 3-3,5 км тереңдікте Жер қойнауында тіршілік етуге мүмкіндік жоқ температура – +100 0 С Қазіргі заманғы топырақтану ғылымының негізін қалаған ғалым – В.В.Докучаев Күрделі табиғи зат жер бетіндегі тау жыныстарының, жер бедері, климат,
микроорганизмдер, флора, фауна т.б өзара әрекеттесуінен пайда болған – топырақ Алғашқы жұқа топырақ қабаты пайда болған кезең – 500 млн жыл бұрын кембрий дәуірінде Топырақ баяу қалыптасады жүз жылда оның қалыңдығы – 0,5-2 см жетуі мүмкін Топырақтың негізін қалыптастырады – қатты, сулы, газтәрізді заттар мен тірі ағзалар Топырақ тығыздығына қарай бөлінеді – өте тығыз, тығыз, борпылдақ, үгілгіш Топырақ қасиетіне қарай бөлінеді – құрылымды және құрылымсыз Топырақтың маңызды бір қасиеті – оның құнарлылығы Топырақ пен органикалық қалдықтарды асқазан шырынымен шылап өзгертіп, өңдеп
шығаратын жәндік – жауынқұрт Қазақстанның жазықты аймақтарында топырақ зонасы бөлінеді – 4 (орманды дала, дала,
қуаң дала және шөл) 1) Орманды дала зонасының топырағы – сілтізденген қара 2) Дала зонасының топырағы – кәдімгі қара топырақ, оңтүстік қара топырақ 3) Қуаң дала зонасының топырағы – күңгірт қара қоңыр, қара –қоңыр, ашық қара