54. Иық белдеуінің бұлшықеттері мен фасциялары,қызметі


Білектің бұлшықеттері мен фасциялары,олардың қызметі



бет2/4
Дата05.12.2022
өлшемі27,87 Kb.
#54858
1   2   3   4
56.Білектің бұлшықеттері мен фасциялары,олардың қызметі
Білектің бұлшық еттері – алдыңғы және артқы топ деп екіге бөлінеді. Бұл бұлшық еттері сыртынан шандыр қапшықпен қапталып жатады. Ол шандыр алдыңғы тобын артқы тобынан ажыратып тұрады.
Білек бұлшық еттерінің алдыңғы және артқы топтары беткей және терең бұлшық еттерге бөлінеді. Алдыңғы беткей бұлшық еттеріне жататындар:
1. Жұмыр пронатор – жоғарыда айтқан аймақтан басталып, төмен қарай қиғаш түсіп, кәрі жіліктің орта бөлігіне бекиді. Жиырылғанда білекті, яғни жілікті қол басымен ішке қарай бұрады. Бұл жағдайда кәрі жілік шынтақ сүйектің үстінде қиғаш жатып, қол басын, алақанды ішке айналдырады.
2. Кәрі жіліктің білезік бүгетін бұлшықет - қиғаш орналасқан. Ол тоқпан жіліктің ішкі өсіндісінен басталып, ІІ алақан сүйегіне бекиді. Ол қол басын бұруға және білекті ішке бұруға қатынасады.
3. Алақанның ұзын бұлшықет – кей адамдарда жоқ болуы да мүмкін. Бұл еттің ұзын сіңірі үшбұрышты алақан шандырына жалғасып, алақан терісіне бекиді. Жиырылғанда алақан терісін тартып, қол басын бүгеді.
4. Саусақтарды бүгетін беткей бұлшықет – бұл еттің пішіні жалпақ кетеді. Оның төменгі бөлігі төрт сіңірге тармақталған. Бұл сіңірлері ІІ, ІІІ, ІҮ, Ү саусақтардың бақайшықтарына бекиді. Бұлар жиырылғанда саусақтарды қол басымен бірге бүгеді.
5. Шынтақтың білезік бүгетін бұлшықеті – білектің ішкі жағында орналасқан. Оның сіңір бөлімі бұршақ тәрізді сүйекшені қоршап барып, алақан сүйегіне бекінеді. Жиырылғанда қол басын бүгеді.
Білектің алдыңғы терең еттеріне саусақты бүгетін терең ет, басбармақ бүгетін ұзын ет және шаршы пронатор еттері жатады.
1. Саусақтарды бүгетін терең бұлшықет – шынтақ сүйектің алдынан және сүйекаралық жарғақтан басталады. Бұл ет саусақтар бүгетін беткей ет тәрізді төрт жіңішке сіңірге бөлініп ІІ, ІІІ, ІҮ, Ү саусақтардың тырнақ бақайшықтарына бекиді.
2. Басбармақ бүгетін ұзын бұлшықет – білектің кәрі жілік жағында терең орналасқан. Ол кәрі жіліктің алдыңғы беті мен тоқпан жіліктің ішкі жағынан басталып, ұзын сіңірі білезік шандырларының астына өтіп, басбармақтың тырнақ бақайшығына бекиді. Жиырылғанда басбармақты бүгеді.
3. Шаршы пронатор – білектің төменгі жағында жатып, шынтақ сүйектің алдыңғы бетінен басталады да, кәрі жіліктің алдыңғы сырт жақ бетіне бекиді, яғни жұмыр пронатордың синергисі болып есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет