54. Юпитер Юпитер



бет6/32
Дата03.05.2023
өлшемі325,51 Kb.
#89489
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
54. Юпитер Юпитер

59. Кометалар
Комета – Күн жүйесінің кіші денесі;аспанда оқтатекте тұманданған нысан түрінде байқалып,жұлдыздарға қатысты орын ауыстыратын, центрінде ядросы аспан денесі. Құйрықты жұлдыздың басы ядро бөліп шығаратын газ бен тозаңнан түзіледі.(Мұз,метан және будан) Күнге жақындаған кезде буланып кетеді. Қазіргі таңда 400-ге жуық қысқакезеңді кометалар анықталған. Олардың 200-ге жуығы бір үлкен өлшемде байқалған.Олар үлкен тұқымдас қауымды құрайды.Мысалы: көбінесі қысқакезеңді комета (олардың Күнді айналуы 3-10 жылға созылады)Юпитер тұқымдасынан құралады. Бұған Сатурн, Уран және Нептун (соңғысына әйгілі Галлея кометасы жатады) да әсерін тигізеді.Құйрықты жұлдыздардың эволюциясына Күн жүйесіндегі үлкен планеталар, негізінен, Юпитер көп әсерін тигізеді. Құйрықты жұлдыздың пішініне және ондағы өтетін процестердің қалыптасуына Күннің корпускулалық сәуле шығаруы – Күн желінің ықпалы да өте үлкен. Күн жүйесіндегі құйрықты жұлдыздардың саны орасан көп: кейбір мәліметтер бойынша олар жүздеген миллиардқа жетеді. Ядросының массасы 1011–1015 кг шамалас, ал оның басының өлшемі 103 – 106 км аралығында; құйрығының ұзындығы жүздеген млн км-ге жетуі мүмкін Күннен алыс жерде құйрықты жұлдыз – қатты дене. Күнге жақын келгенде Жерден телескоп арқылы, кейде көзбен көруге болады. Күннен қашықтаған сайын құйрықты жұлдыздың жалтырауы кеми береді. Көзбен көруге болатын кометаларды «үлкен кометалар» деп атайды. Кометаның массалық салмағы түкке тұрғысыз–Жер салмағына қарағанда миллиард есе кем . ал құйрығындағы зат тығыздығы нөлге тең. Сондықтан «жер қонақтары» Күн жүйесіндегі планеталарға ешқандай әсері жоқ. Мысалы 1910 жылы мамыр айында Жер Галлея кометасының құйрығының ішінен өткенде Жер қозғалысына ешқандай әсері болмаған. Басқа жағынан қарағанда, үлкен кометалардың басқа планеталармен соқтығысы үлкен көлемде атмосфераға және планетаның магнитосферасына залалын келтіреді . Ондай соқтығыстарды жақсы және сапалы зерттеген кез Шумейкеров-Леви 9 кометасының Юпитермен 1994 жылы шілде айында соқтығысынан байқалған. Кометалар көріну үшін не байқалу үшін Жерге жақын келуі қажет. Мысалы, Галлея кометасы Күн жүйесін әр 76 жыл сайын басып өтетіндіктен жарық болып көрінеді,бірақ 1986 жылы өткенде Жерден алыстау болып қалды. Кометаны анықтап қарау мүмкін болды,бірақ оны елеулі көрініп тұр деп атауға қиын болды. Осы үш шартты қанағаттандырған комета өте үлкен әсер туғызары анық.Бірақ, кейде бұл критерилерді бұзып, кометалар Үлкен бола алады. Мысалы, Хейла-Боппа кометасы үлкен ядросы (диаметрі 40 километр) болып Күннен алыста жарқырап өткен. Хякутакэ кометасы «кішкентай»ғана (2 км) Жерге жақын ұшқандықтан жарқырап көрінген. Сонда да олар 1996-1997 жылдың атақты кометалары атанған. Үлкен не алып кометалар деп-(ағылш. Great comets) Жер бетінен бақылаушыларға үлкен және жарық болып көрінетін кометаларды атайды. Орта есеппен Үлкен комета онжылдықта бір пайда болып, көрінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет