66. Қос және еселі жұлдыздар. Спектрлік-қос, тұтылмалы-айнымалы жұлдыздар. Кеңістікке жақын орналасатын сол себептен өзара физикалық әсерлесетін екі жұлдыз қос жұлдыз болады. Осындай қос жұлдыздардың әрбіреуі физикалық пар жұлдыздың компоненті болады. Кейбір жағдайда үш, төрт, с. т. б. жұлдыз осындай жүйе құруы мүмкін. Жұлдыздың қос екендігін визуалды, фотометрлік, спектрлік әдістермен анықтауға болады. Әдістерге байланысты қос жұлдыздарды осындай түрлерге бөледі, бірақ физикалық жағынан осы парлардың ешқандай айырмашылығы болмайды.
Спектрлік-қос жұлдыздар-Кейбір жұлдыздардың спектрінде спектрлік сызықтардың екі жаққа қарай периодты ығысуы байқалынады. Осындай жұлдыздар компонеттерінің бүрыштық арақашықтығы 0,”05 аз болатын қос жұлдыздар екендігі анықталды. Бұл жұлдыздар тіпті өте күшті телескоппенде жеке-жеке көрінбейді. Сондықтан, жұлдыздардың қос болуы тек спектрлік әдіспен көрсетілетін жұлдыздар спектрлік-қос жүлдыздар болып табылады. Қос жұлдыздың спектрлік сызықтарының ығысуы болу үшін бұл жұлдыздардың орбиталдық жазықтығы сурет жазықтығына көлбеу орналасуы керек, компоненттердің орбиталдық жазықтығымен бақылаушының көру бағытының арасындағы бұрыш 900 болмауы керек.
Егер бақылаушы компонеттердің орбитасының жазықтығында орналастын болса, қос жұлдыздың әрбіреуі өзінің орбиталдық қозғалысы саласында не бақылаушыға жақындайды, не алыстайды. Допплер эффекті бойынша жарық көзі жақындағанда спектрлік сызықтар күлгін, ал алыстағанда- қызыл облысқа ығысады. Осы ығысулардың периоды орбиталдық қозағалыстың периодына тең болады. Сол себетен қос жұлдыздардың спектрлік сызықтары қосарланып, периодты түрде орташа орыннан екі жаққа қарай ығысады, қос жұлдыздың бір компонентінің жарқырауы екіншісінен әлде қайда көп болғанда, қосарлану байқалмай, тек сызықтардың ығысуы байқалады.
Қос жұлдыздың орбитасының жазықтығы көру бағытында орналасқан жағдайда бір жұлдыз екінші жұлдыздың алдынан өтіп, қос жұлдыздан келетін жарық ағыны периодты түрде өзгеріп отырады. Бір-біріне жақын ораналасатын және жұлдыздық шамасы периодты түрде өзгеретін қос жұлдыздар тұтылмалы-айнымалы қос жұлдыздар деп аталады. Осындай жұлдыздардың қос екендігі фотометрлік әдіспен анықталған себептен, бұларды фотометрлік қос жұлдыздар деп де атайды. Жарқырауы көп болатын жұлдызды бас жұлдыз деп екенішісін оның серігі дейді.