54. Юпитер Юпитер



бет4/32
Дата03.05.2023
өлшемі325,51 Kb.
#89489
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
54. Юпитер Юпитер

57. Ергежейлі планеталар.
Ергежейлі планеталар ХАО анықтамасы бойынша төменгі сипаттамалары бар аспан денелері:

Күнді айналып қозғалатын қатты денелер үш категорияға бөлінген: үлкен планеталар – 8, ергежейлі планеталар – қазіргі тізімде 5, кіші планеталар – астероидтер. Ергежейлі планеталар масса бойынша үлкен және кіші планеталар арасына келеді. Үлкен планеталар өз орбитасының кеңістігін басқа денелерден босатқан, кіші планеталар – гидростатикалық тепе-теңдікке жетпеген. ХАО ергежейлі планеталарға Церера, Плутон, Хаумеа, Макемаке, Эрида атты күн жүйесінің денелерін жатқызған. Тағы да бірнеше денелер ергежейлі планеталар тізіміне кандидат: Орк, Седна, Квавар, Варуна, Иксион. Плутон – ергежейлі планета. Плутон орбитасының эксцентриситеті 0,249 болады, сондықтан да планета Күнге жақындаған кезде Нептунның орбитасының ішінде орналасады.
Плутонның жіңішке атмосфера қабатынан метанды кездестіруге болады және бұл атмосфераның қысымы Жер бетіндегі атмосфералық қысымнан 6700 есе аз, температурасы теория бойынша 45 К-нен аспайды, ал шын мәніндегі атмосфералық температура 58 К. Планетаның полярлық аймақтары метан мұзынан тұрады да, осыған байланысты, Харонның беті де толығымен метан мұзымен қапталған. 1985-90 жылдары Плутон-Харон жүйесі 124 жылда бір рет байқалатын тұтылмалы айналмалы жүйе екендігі белгілі болды. Плутон мен Харонның тұтылуының негізінде олардың радиусы мен массасы анықталды: Плутонның радиусы 1122 км, ал оның массасы Жердің массасының 0,0020 үлесіндей болса, Харонның радиусы 600 км, массасы Жердің массасының 0,0003 үлесіндей. Плутон мен харонның әрқайсысының орташа тығыздығы 1,84 г/ ң өз остерін айналып қозғалуы Харонның орбиталды қозғаласымен синхронды түрде өтетіндіктен Плутон мен Харон бір-біріне бір жақты бетімен ғана бұрылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет