5‑лекция. Педагогикалық зерттеудің мәселелерінің анықтамасы


Педагогикалық эксперимент – арнайы ұйымдастырылып, алдын-ала зерттеу мақсаты белгіленген зерттеушінің зерттеу іс-әрекеті



бет13/19
Дата27.02.2023
өлшемі93,51 Kb.
#70104
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
Байланысты:
5 лекц тв тапсырма каз

Педагогикалық эксперимент – арнайы ұйымдастырылып, алдын-ала зерттеу мақсаты белгіленген зерттеушінің зерттеу іс-әрекеті (1, Б.18).
П.И.Пидкасистыйдың басшылығымен дайындаған «Педагогика» оқулығында «Эксперимент - ғылыми болжауды тәжірибе жүзінде тексеру» деп түсіндірген (2,Б.105).
Сонымен, педагогикалық эксперимент деп нақты «қолдан» жасалған жаңа жағдайларда педагогикалық үрдісті түрлендіріп, ғылыми тұрғыдан тәжірибе қоюды айтамыз. Екінші жағынан, эксперимент дегеніміз қатаң қадағалауда болатын және эксперимент жасаушының өзі мақсатты әрі жоспарлы түрде жүзеге асыратын педагогикалық бақылау болып табылады(1, Б.18).
Эксперименттің көлемі кең ауқымда (мұнда экспериментке қатысушылардың саны өте көп) немесе ықшамдалған топта да (мұнда экспериментке қатысушылар саны аз) болуы мүмкін.
Педагогикалық экспериментті ұйымдастыруда оның негізгі ережелерін сақтаған жөн:

  1. Тұлғаның (оқушы, студент, т.б.) денсаулығына зиян келтірмеу;

  2. Оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру бағытында қолдану;

  3. Зерттеудің мақсат, міндеттеріне, қатысушыларды іріктеуге байланысты эксперименталдық базаны анықтау;

  4. Экспериментті жүргізу алдында зерттеу пәнінің көрсеткіштерін, деңгейлерін, өлшемдерін анықтау.

Орта ғасырлық ғалым Р.Бэкон «Эксперимент - ғылыми білімнің жасанды тәжірибесінің нағыз қайнар көзі болып табылады» - деген. Оның отандасы Ф.Бэкон экспериментті ақиқатты танудың маңызды құралы деп есептеді (3,Б-115). Ф.Бэконның пікірі бойынша ғылыми эксперименттің кездейсоқ тәжірибеден айырмашылығы ол белсенді және мақсатты түрде адамның табиғатқа еніп, жалпы әлем болмысының ұстанымдарын құрайтын тәжірибе болып саналуында деп көрсетті. Ф.Бэкон экспериментті басқаруда бірнеше әрекеттерді ұйымдастыра білу керектігін айтты:

    1. Вариация – зерттеп жатқан құбылысты өзгерту әрекеттері;

    2. Репродукция - тәжірибені қайталау әрекеттері;

    3. Инверсия - өзгертілген жағдайда табылған жаңа дәйекті тексеру әрекеті;

    4. Қажетсінуге бағындыру - ықпал етуші факторлар күштерінің көбеюі немесе азаюына байланысты тәжірибені тоқтаусыз жүргізе беру әрекеттері.

Бұл әрекеттердің мақсаты - зерттеу мәселесіне байланысты дәйектерді түгелдей жинақтау. Тәжірибе кезіндегі жалған немесе уақытынан бұрын алынған мәліметтер бойынша қорытынды нәтижелерде қателеспеу үшін Ф.Бэкон төменде көрсетілген 3 түрлі кестені ұсынады:
1-кесте. Зерттеу құбылысындағы дәйектердің (фактілердің) болуы.
2-кесте. Зерттеу құбылысындағы дәйектердің жоқтығы.
3-кесте. Зерттеу құбылысындағы дәйектердің көрсеткіштері.
Зерттеу құбылысының мақсаты бойынша бұл кестелерден алынған мәліметтер талданып, салыстырылып, ақиқатты нәтижені алуға көмегін тигізеді.
Педагогикалық экспериментті ұйымдастыруда ең алдымен оның жоспары анық болуы қажет, ол үшін:

  1. Эксперименттің мақсатын анықтау.

  2. Эксперименттің міндеттерін анықтау.

  3. Эксперимент барысында «иә» немесе «жоқ»деген жауап көрсеткіштерінің болуы.

  4. Зерттеу құбылысында оңды нәтиже алуға әсер етуші факторларды анықтау.

  5. Зерттеуде әсер етуші факторларды іріктеу және оларды қолдануға шешім қабылдау.

  6. Әсер етуші факторларды міндетті түрде маңыздылығы бойынша реттеу.

  7. Кейбір факторлардың реттелуге келмейтіндігінен, олардың орташа әсерін (мәліметін) есепке алу.

  8. Эксперменттің соңғы сатысы – бұл талдау (нәтижелерді жинақтау, реттеу, статистикалық мәліметтерді енгізу, қорытынды пікір қабылдау).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет