Ахмет Байтұрсынұлы
135. Өлең –
ырғағы мен ұйқасы, шумағы мен бунағы белгілі бір
тәртіпке бағынатын шағын көлемді поэзиялық шығарма. Өлең
шумақтарға бөлінеді. Әр шумақ тармақтардан, тармақ бунақтар-
дан, бунақ буындардан тұрады. Өлең бунақ пен буындарға өзін-
дік ырғағына байланысты бөлінеді.
Өлең – // сөздің патшасы, // сөз сарасы, (а)
Қиыннану/ қиыстырар // ер данасы. (а)
Тілге жеңіл, // жүрекке // жылы тиіп, (б)
Теп-тегіс, // жұмыр келсін // айналасы. (а)
Бұл – бір шумақ өлең, Берілген бір шумақ төрт жолдан, яғни
төрт тармақтан, әр тармақ 11 буыннан, айтылу ырғағына бай-
ланысты 3 бунақтан құралған.
136. Мысал –
шағын көлемді, оқиғалы, адамға сабақ боларлық
тәрбиелік, тағлымдық мәні бар шығарма. Көбіне аң, хайуанат,
жәндік туралы жазылады, сол арқылы адам бойындағы мін,
әлеуметтік ортадағы кемшілік сықақпен сыналады. Идеясы
астарсыз, ашық, тура, мірдің оғындай өткір, шымшыма, шымыр
келеді.
137. Мысал өлеңмен де, қарасөзбен де беріледі.
138. Аллегория дегеніміз –
адамдардың орнына жануарлар
мен жәндіктерді, өсімдіктерді алып, олар арқылы адам жасай-
тын әрекеттерді көрсету.
139. Аллегория
(көне грек. allegoria - пернелеп, түспалдап
айту) – оқырманның санасына, қиялына ерекше әсер ететін-
дей образ жасаудың бейнелеуші құралы, көркемдік тәсіл.
Әдебиетте, өнерде дерексіз ұғымды деректі образдар арқылы
көрсету, Мысалы, түлкі – қулық арыстан – зорлық қасқыр –
қастық қоян сужүректік, аққу – адалдық қасиеттерін білдіреді.
140. Қазақ сөз өнерінде мысал жанрын дамытқан –
Абай
Құнанбаев.
Ол орыстың мысалшысы
И.А.Крыловтың
мысал-
дарын аударған.
141. Абайдан кейін қазақтың көрнекті ақыны Ахмет Байтұр-
сынұлы аударып, 1909 жылы Петербургте «Қырық мысал»
деген атпен кітап етіп бастырып шығарды.
Достарыңызбен бөлісу: |