5сынып адебиет


 Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938) –



Pdf көрінісі
бет31/679
Дата03.12.2023
өлшемі3,92 Mb.
#133408
түріПоэма
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   679
142. Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938) – 
ағартушы ақын, әде-
биет зерттеушісі, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы 
және қоғам қайраткері. XX ғасырдың басындағы Алаш қозға-
лысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, ұлттық жазу-
дың реформаторы.
143. Ахмет Байтұрсынұлының жары –
Александра Ивановна. 
Ахмет оған Бадрисафа деген ат берген. Бадрисафа есімі араб 
тілінен аударғанда – толған ай деген мағынаны білдірген.
144. И.И.Хемницердің «Ат пен есек», А.С.Пушкиннің «Ба-
лықшы мен балық», «Алтын әтеш», «Ат», «Данышпан 
Аликтің ажалы» шығармаларын, лирик ақын С.Я.Надсон-
ның өлеңін 
қазақ тіліне аударды.
145. «Ала қойлар», «Қартайған Арыстан», «Үлес», «Өгіз 
бен Бақа», «Қайыршы мен Қыдыр», «Ат пен Есек», «Егін-
нің бастары» атты
көптеген мысалдарда өнегелі тұжы-
рымдар аса мол.
146. Міржақып Дулатұлы: 
«… А. Байтұрсынұлының өлеңдері 
өзінің сыртқы қарапайымдылығы, ішкі мазмұны, жеңілдігі және 
біркелкілігі жағынан қазақ әдебиетінде бірінші орын алады… 
А. Байтұрсынұлының арқасында санасыз түрде болмаса да, 
шын мәнінде орыстана және татарлана бастаған қазақ зиялы-
ларының бір тобы дереу есін жиып, … өз ағаттықтарын түсіне 
бастады…»
147. Рымғали Нұрғали:
«Екі жинақ - «Қырық мысал», «Маса» - 
қазақ әдебиетін жаңа тақырыптармен, идеялармен, ойлар-
мен, өрнектерімен байытты; Абайдың ақындық дәстүрі ілгері 
жалғасты, заман талабына сай жігерлі поэзия туды, бұдан 
кейін талантты ақындардың жаңа буыны тарам-тарам жүлге-
лерді тереңдетіп, жалғастырып әкететін болады».
148. Рабиға Сыздықова:
«Ахмет Байтұрсынов – халықты
оқуға шақырған, білім-ғылымның қажеттігін түсіндірген
жалаң үгітші емес, қазақ арасында ағартушылық жұмыста-
рын, жалпы мектеп ісін жолға қоюға көп күш салған, бала
оқытып, ұстаздық құрған тәжірибесі мол жан».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   679




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет