41. ДРАМА –
трагедия, комедия
42. ЛИРИКА -
салт жырлары, жан-жануарлар туралы жырлар, өлең, терме, толғау,
тақпақ, арнаулар, т.б.
43. Әдебиетте көріктеу құралдарын
троп
дейді.
44. Троп (грекше tropos - айналым, тіл оралымы, иін, иірім, сөз қолданысы)
немесе құбылту – сөздердің тура мағынасында емес, ауыспалы түрде қолданылу
тәсілі.
45. Ахмет Байтұрсынұлы: «Тіл көрнекі болу үшін дерексіз нәрсе деректі нәрсе-
дей, жансыз нәрсе жанды нәрседей суреттеліп, адамның сана-саңылауына келіп
тусерлік дәрежеге жетуі керек. Қалыпты түріндегі сөз ондай дәрежеге жету үшін
турлі әдістер істеледі. Ол әдістер негізгі туріне қарай үш топқа бөлінеді:
1. Көрік
-
теу. 2. Меңзеу. 3. Әсерлеу».
46. Типтік бейне –
көркем шығармада адам өмірі, басқа адамдармен қарым-қаты-
насы, наным-сенімдері, ойы мен сезімдері, мінез-құлықтары суреттеледі. Көркем
әдебиеттегі жинақталған адам образы типтік бейне деп аталады. Мысалы, Қобы-
ланды батыр бейнесі сол замандағы барлық батырларға тән ержүректік, еліне
деген сүйіспеншілік, батырлық сияқты қасиеттер жинақталған бейне.
47. Прототип (грекше prototypon – түп, төркін бейне) –
шығармадағы кейіп-
кердің бейнесін жасауға тірек, негіз болатын, өмірде болған адам, яғни өмірде
бар бастапқы, түпкі тұлға.
Батырлар жыры
48. Эпикалық жанрдағы шығармалар:
қисса-дастандар, лиро-эпостық жырлар,
батырлар жыры, тарихи жырлар.
49. Батырлар жыры –
әр батырдың ерекше ерлігін, елі үшін жасаған еңбегін
жырлаған өлеңдер.
50. Батырлар жырының баcты тақырыбы –
Отанын сыртқы жаулардан қорғау,
өз елінің тәуелсіздігі үшін күресу.
51. Батырлар жырының баcты кейіпкері –
елін сүйген батыр.
52. Батырлар жыры –
көпнұсқалы, авторы жоқ,
Достарыңызбен бөлісу: |