В.В.Радлов.
67. «Қобыланды батыр» жырынан бір үзіндіні (Тайбурылдың шабысы)
Ы.Алтынсарин
өзінің «Қазақ хрестоматиясына» енгізген.
68. Әсірелеу (гипербола)
«Қобыланды батыр» жырында өте көп кездеседі.
Аңыз әңгімелер
69. Аңыз –
тарихта болған танымал адамдар туралы тарихи шындыққа негізделген
көркем шығарма.
70. Аңыз әңгімелердің
тарихи аңыздар, топонимикалық аңыздар, батырлар
туралы аңыздар, ғашықтар туралы аңыздар деген түрлері бар.
71. Тарихи аңыздар дегеніміз –
тарихи оқиғаларға, тарихта болған адамдардың
іс-әрекетіне байланысты туған аңыздар.
72. Тарихи аңыздар:
Қорқыт, Иасауи, әл-Фараби, Шыңғыс хан, Асанқайғы, Жәні-
бек хан, Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу; Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Махам-
бет, Исатай және тағы да басқа қазақ батырларының ерлігіне байланысты туған
аңыздар.
73. Топонимикалық аңыз әңгімелер дегеніміз –
тарихи оқиға белгілі бір мекен-
мен, тау-таспен, өзен-көлмен байланыстырыла айтылуы. Себебі олар белгілі бір
географиялық нүктенің неліктен солай аталатынын түсіндіреді.
74. Топонимикалық аңыздар:
Бурабай, Баянауыл, Шайтанкөл, Марқакөл, Екібастұз
және тағы да басқа көптеген жер-су аттарымен байланысты туған аңыздар.
75. Батырлар туралы аңыздарда -
ата-бабаларымыздың қаһармандығы туралы
баяндалады.
76. Батырлар туралы аңыздар:
массагеттер патшайымы Томирис (Тұмар), Отанын
құтқару жолында өз өмірін құрбан еткен бақташы Шырақ жайындағы аңыз әңгіме-
лер.
77. Қазақ аңыздарының үлкен бір тобын ғашықтардың, махаббат хикаялары құрай-
ды. Бұларға
Зарина ханшайымның, Айша бибі арудың, Балқаш қыздың баста
-
рынан өткен
оқиғалары жатады.
78. Ш.Уәлиханов –
алғаш рет тарихқа қатысты әңгімелерді, яғни, тарихи оқиғалар
мен тарихи қайраткерлер туралы аңызды жеке-дара бөліп алып, «тарихи
аңыз» деп атаған.
Достарыңызбен бөлісу: |