5сынып адебиет



Pdf көрінісі
бет672/679
Дата03.12.2023
өлшемі3,92 Mb.
#133408
түріПоэма
1   ...   668   669   670   671   672   673   674   675   ...   679
Бердібек Соқпақбаев
149. Баяндау түрінде қара сөзбен жазылған оқиғалы
көркем шығарманың түрін повесть деп атайды. Ол көлемі
жағынан әңгімеден үлкен, романға жақындау. Повестегі 
оқиғалар жинақы, сюжеттік желісі, негізінен, бір арнада
өрбиді, кейіпкерлер саны әңгімеден көбірек.
150. Бердібек Соқпақбаев (1924–1991) – 
балалар жазушысы. 
151. «Балалық шаққа саяхат», «Қайдасың, Гауһар?», «Бастан 
кешкен», «Өлгендер қайтып келмейді», «Он алты жасар 
чемпион» атт
ы повестер мен романдарды дүниеге әкелген. 
152. «Он алты жасар чемпион» 
повесі кейіннен өңделіп, 
«Жекпе-жек» 
деген атпен жаңа нұсқаға ие болды.
153. Жазушының атын ерекше танытқан шығармасы – 
«Менің 
атым Қожа»
повесі. Повесте Қожаның мектеп жасындағы 
бастан кешкен әртүрлі қызықты оқиғалары туралы баяндалады.
154. Қадір Мырза Әлі:
« Бердібек Соқпақбаев кітаптарының
соңғы беттерін жапқанда көркем шығарма оқып шыққандай 
болмайсың, өзіңнің ең тату-тәтті дос, жолдастарыңды ұзақ
сапарға шығарып салғандай боласың. Қимайсың. Жазушы
үшін бұдан асқан бақыт болуы мүмкін емес».
155. «Менің атым Қожа» повесі
орыс, украин, литва,
латыш, молдаван, француз 
тілдеріне аударылған.
156. 1963 жылы «Қазақ фильм» 
студиясында экрандалып,
1967 жылы Канндағы халықаралық кинофестивальде арнау-
лы жүлдеге ие болды.
157. Жазушының өзі естелігінде былай дейді: 
«Мен жазған 
дүниелердің ішінде жұртқа көбірек танылғаны «Менің атым 
Қожа» повесі болса керек. Бұл шығарманың әуелгі аты «Өзім 
туралы повесть» Алматыда басылды. «Қожаның жағымды 
қылықтарынан жағымсыз қылықтары көп. Балаларға бұл кітап 
қандай тәрбие бермек», – деп алая қарағандар аз болған 
жоқ...
158. Қазақфильм «Менің атым Қожа» повесі бойынша көркем-
суретті кинофильм түсіруге кірісті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   668   669   670   671   672   673   674   675   ...   679




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет