Жуалы
жерін көргенде: «Жерің
семіз, шөбің шүйгін, қарың мол, топырағың май екен, қадіріңді
егін салған ел білер», – депті.
93. Қарсақбай
аймағын көргенде (Жезқазған жері): «Айналаң
жапан түз екен, тауыңның асты жез екен. Жұртың ашықпас!», –
деп жүріп кетіпті.
94. Шыңғырлауды
көргенде: «Ай, Шыңғырлау, жылқы өзі
өскен жоқ, Шыңғырлау, сен өсірдің!», – деп үш айналып,
Шыңғырлаудың суына қолын малып отырып, «Шыңғырлау өкпе-
лер» деп, сонда қонып кетіпті.
95. Ұзын аққан
Ертісті
көргенде: «Мына шіркіннің баласы
тойдым деп қарап отырмас, қарыным ашты деп жылап отыр-
мас. Сиырдың мүйізі, доңыздың құлағы шығып тұрған жер
екен», - депті.
96. Түндікті өзенін
көргенде: «Он екі қазылық ойтүндік, маңы-
рап жатқан қой түндік. Қойдың құлағы түтам шығып тұрған
жер екен», - деп тастап кетуге қимай, артына үш қараған екен.
Сонан
«Үшқара»
атанған екен таудың аты.
97. Қызылтау
деген жерге келгенде: «Тау-тасы кеш болғанда
қой болып, ыңыранып жатады екен. Тоқты қысыр қалмайтын
жер екен», - депті.
98. Баянауыл
тауын көргенде: «Ат ерін алмайтын жер екен.
Бауырында түзы бар екен, тұзы ауыр екен, бір түн түнеп ке-
темін деген адам, бір жұма тоқтап қалады екен. Тұзы жібер-
мейді екен»,- депті.
99. Ащы бойына келгенде, артына қарап: «А, Баянауыл! Сенің
қоныс болып тұрғаның - мынау ащының арқасы екен. Мал
жазғытүрым бір жүма ащылайды екен, күзге таман бір жұма
ащылайды екен. Сонысы бір жылға татиды екен», - депті.
100. Шідерті
деген өзенді көргенде: «Мына шіркіннің топырағы
асыл екен. Алты ай мініп арықтаған ат, бір айда майға бітетін
жер екен. Бос жылқы шідерлеп қойғандай тоқтайтын, жылқы-
ның қонысы екен», - депті.
101. Өлеңті
өзенін көргенде, тоқтап еш нәрсе айтпай, өлеңде-
те берген екен. «Неге үндемейсіз?» - дегенде, аз тұрып:
«Өлеңтінің суы - май, Шідертінің шөбі - май», - деп жүре
беріпті.
Достарыңызбен бөлісу: |