57. Қобыланды – Әбілқайыр заманында өмір сүрген
тарихи
тұлға. Шамамен XV ғасырда өмір сүрген. Бейіті
Қобда өзені
бойында. Ескерткіші – Аягөз қаласында орналасқан.
58. Әкесі – Тоқтарбай, анасы – Аналық, жары – Құртқа. Жаз
жайлауы – Көздікөл, қыс қыстауы – Қараспан. Тоқсан
құлдың бастығы – Естеміс. Тұлпары – Тайбурыл. Жолдасы –
Қараман, Қарлыға. Жауы – Көбікті. Шыққан руы – қыпшақ.
59. Қыстау –
малшылардың мал қыстайтын қысқы мекені.
60. Әулие – діни.
1)Құдай жолын уағыздаушы адам; 2)қасиетті
аруақ; 3)көріпкел, сәуегей.
61. Қамқа – көне.
Зер талшықтары қосылып тоқылған жібек
мата.
62. Енші –
1) бала жеке үй болып бөлек шыққанда ата-анасы
беретін мал-мүлік; 2)иелігінде, меншігінде болу.
63. Пір – діни.
Қолдап, қорғаушы рух, аруақ; 2) ауысп. демеуші,
қолдаушы.
64. Баулу –
тәлім-тәрбие беру, үйрету, тәлімгер болу.
65. Намазшам –
кешкі намаз уақыты, ақшам. Наз – өкпе,
базына, реніш. Ынтызар– ыстық ықылас, көңіл құштарлық, әу-
есқойлық.
66. «Қобыланды батыр» жөніндегі аңыз әңгімені алғаш рет
баспа бетіне түсірген академик
В.В.Радлов.
67. «Қобыланды батыр» жырынан бір үзіндіні (Тайбурылдың
шабысы)
Ы.Алтынсарин
өзінің «Қазақ хрестоматиясына» ен-
гізген.
68. Әсірелеу (гипербола)
«Қобыланды батыр» жырында өте
көп кездеседі.
Аңыз әңгімелер
69. Аңыз –
тарихта болған танымал адамдар туралы тарихи
шындыққа негізделген көркем шығарма.
70. Аңыз әңгімелердің
тарихи аңыздар, топонимикалық
аңыздар, батырлар туралы аңыздар, ғашықтар туралы
аңыздар деген түрлері бар.
71. Тарихи аңыздар дегеніміз –
тарихи оқиғаларға, тарихта
болған адамдардың іс-әрекетіне байланысты туған аңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |