5В010200 – «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» мамандығы үшін


- тақырып Сабақ үзінділерін өткізу және талдау



бет25/67
Дата06.01.2022
өлшемі464 Kb.
#15908
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   67
Байланысты:
шамалар

4 - тақырып

Сабақ үзінділерін өткізу және талдау

Мақсаты:

- Сабақты талдауға қойылатын талаптарды білу;

- Қатысқан сабаққа талдау жасауды білу.

Құрал жабдықтар: сабақ жоспары, сабаққа қажетті көрнекіліктер, сабақты талдау схемасы, математика оқулықтары.

СОӨЖ тасырмалары:

Сабақ үзінділерін өткізу және талдау



СОӨЖ нәтижелері мен тексеру формасын анықтау

Нәтижесі – сабақтарға талдау жазылған дәптер.

Тексеру формасы - жұмысты ауызша қорғау.

Тапсырманы орындаудағы арналған әдістемелік нұсқаулар:

Сабаққа талдау жасау үшін:

- сабақты талдау схемасын және сабақтың барысын жазуды білу қажет.

4.1 Математика сабағын талдау схемасы:

1. Сабақ жайындағы жалпы мағлұматтар (сыныбы, пәні, тақырыбы). Сабақтың типі мен құрылымы. Тақырып бойынша жүргізілетін сабақтар жүйесіндегі орны. 2. Сабақтың басталуы. Оқушылардың сабаққа даярлығы. Окушыларды оқу ісіне тартуда мұғалімнің пайдаланатын тәсілдері. Жалпы сыныппен, жеке оқушымен жұмыс.

3. Сабақ жабдығы. Көрнекіліктің тақырыпқа, талапқа сай болуы. Мұғалімнің және оқушылардың жұмыс орнының тиімді ұйымдастырылуы.

4. Сабақ мақсаты. Математика сабағында тәрбиелеу, жан-жақты дамыту, оқыту міндеттері қалай шешіледі?

5. Сабақтың мазмұны. Сабақтың материалы негізгі мақсатпен білім беру міндетіне сай ма? Сабақта саналы түрде есептеу дағдыларын қалыптастыру үшін қандай жүмыс жүргізілді? Ауызша есептеуге арналған есептер шапшаң, тиянақты есептей білу дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізді ме? Теориялық материалды жетік білуі, есептеу дағдысын қалыптастыруға жәрдемі қандай? Әр сабақ сайын өткенді қайталауға, жаңа материалға дайындық жұмысына арнайы ауызша есептеуге 5-7 минут уақыт бөліне ме? Сабақтың тақырыбын аша түсетін жаттығулар мен есептердің жүйесі, оқытудың өмірмен байланысы. Оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстардың түрлері, олардың мазмұны. Математикалық терминдерді қолдану реті, теория мен практиканың бірлігі. Жаңа сабақты түсіндіруде, пысықтауда, қайталауда оқулықтағы мысал,есептер тиімді пайдаланыла ма? Есептер шығару барысындағы жұмыс. Оқушылар есеп мазмұнын талдай ала ма? Қысқаша белгілеуін жазу үшін негізгі сөздерді таңдай ала ма? Сабақ үстіңде қанша есеп шығарылды? Шығарылған есептер бойынша шығармашылық жұмыс жүргізіле ме? Үйымдастыру және өткізу әдістерінің тәрбиелік мәні, оқушылардың сабақтағы мінез-құлқы.

6. Сабақтың әдістемелік қорлары. Оқу материалын іріктеп алудың негізі, қолданылатын әдістердің жаңалығы, сабақтың мазмұны мен типіне, оқушылардың жас ерекшеліктеріне оның сәйкес келуі, сабақтын барлық кезеңдеріне оқушылардың қызметін жандандыру әдістері мен тәсілдері, оқушылардың білімдерін тексеру және бағалау тәсілдері мен сапасы, үйге тапсырма беру және тексеру әдістемесі, оның көлемі мен мазмұны. Мұғалім әр оқушының үй тапсырмасын өз бетімен орындай алатынына сенімді ме? Көрнекіліктерді шебер, орынды пайдалаңды ма? Сабақ үстіңде шығарылған есептер окушыларды кызықтырып қана қоймай, олардың жан-жақты білім дәрежесін көтеруге жәрдемі тиді ме?

7. Мұғалімнің сабаққа дайындығы, әдістемелік шеберлігі-мәдениеті, ұқыптылығы, сөйлеу мәнері, педагогикалық әдебі.

8. Сабақ жоспарының орыңдалуы. Мақсатқа қол жетуі.

9. Қорытындылар мен ұсыныстар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет