. Екі айырма бойынша белгісіз шаманы табуға берілген есептер
Екі айырма бойынша белгісз шамаларды табуға берілген есептер IV сыныпта енгізіледі. Олар екі айнымалыдан және бір немесе бірнеше турақты шамадан тұрады, мұнда бір айнымалының екі мәні және екінші айнымалының сәйкес мәндерінің айырмасы берілген, ал бұл айнымалының өзінің мәндері ізделінді болып табылады. Пропорционал тәуелділіктегі әр үштік шамадан тұратын топқа қатысты алғанда екі айырма бойынша белгісіздерді табуға берілген есептердің алты түрін бөліп көрсетуге болады. Алайда бастауыш сыныптарда 3 таблицада көрсетілген екі есепті қарастырумен қанағаттанады.