Санына сай мән-мәндердің айырмасы берілген. Әр мәнді табу керек.
Хорға қатысатындардың костюмі үшін бірдей бағамен екі бөлек жібек мата сатып алынған: біреуіңде 18 м, екіншісінде 15 м бар. Бірінші бөлек мата үшін екінші бөлек матадан 210 теңге артық ақша төледі. Әр бөлек мата қанша тұрады?
II
Тұрақты
Санына сай мән-мәндердің айырмасы берілген. Әр мәнді табу керек.
Екі мәні берілген
Хорға катысушылардың костюмі үшін бірдей бағамен екі бөлек жібек мата сатып алынды: бір бөлек мата үшін 1260 теңге, ал екіншісі үшін 1050 теңге төленген. Бірінші бөлектегі мата, екінші бөлектегі матаға қарағанда 3 м артық. Әр бөлекте қанша метр мата бар еді?
Әуелі I түрдегі есеп, содан кейін II түрдегі есеп қарастылады. Бұл тек қана тұрақты шаманың мәнін табу тәсілімен шығарылады.
Мысалы:
Бір орамда 25 м, ал екіншісінде 49 м бірдей мата бар. Екінші орамның құны біріншіден 1440 теңге артық. Әр орамға қанша теңге ақша төленген?