5В010200 – «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» мамандығы үшін



бет62/67
Дата06.01.2022
өлшемі464 Kb.
#15908
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
Байланысты:
шамалар

21 - тақырып

Сыныптан тыс сабақтың жоспарларын дайындау

Мақсаты:

- бастауыш мектепте математикадан сыныптан тыс жұмыстың өзгешілігін және математикадан сыныптан тыс сабақтың жоспарын дайындауды білу.



Құрал – жабдықтар:

математикадан сыныптан тыс сабақтың жоспарының үлгілері.



СОӨЖ тасырмасы:

сыныптан тыс сабақтың жоспарларын құру.



Әдістемелік нұсқау:

Математикадан сыныптан тыс жұмыс бүкіл оқу процесінің құрамды бөлігі, сабақтағы жұмыстардың заңды жалғасы болып табылады.

Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі міндеттері: оқушылардың практикалық дағдылары мен білімдерін кеңейте және тереңдете тусу; логикалық ойлауды, тапқырлықты, математикалық қырағылықты дамыту; неғұрлым қабілетті және дарынды балаларды көрсете білу, олардың ой-өрісінін әрі қарай дамуына көмектесу, математикаға қызығушылығын арттыру; балаларды қызықты сабақтарға (жұмыстарға) тарту; соның аркасында тәртіпті күшейте түсу, табандылыққа, еңбекке деген суйіспеншілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сыныптан тыс жұмыстардың сыныптағы тақырыптардан өзгешелігі — еріктілік принципінде құрылуында. Мұнда оқушыларға баға қойылмайды, бірақ пайымдаулардың негізділігі, тапқырлық, есептеу щапшаңдығы, есеп шығаруда ұтымды әдістерді пайдалануы мадақталуға тиіс. Кластан тыс жұмыс үшін мұғалім шамалары келетіндей қиынырақ материалды немесе математиканың негізгі курсын оқып үйренуде толықтырушы болып табылатын материалды сынып жұмысымен үйлесімді болатындай таңдап алады. Сыныптан тыс жұмыстың сабақтан өзгешелігі — ол матеатикалық ойын-есептер, ойындар, жарыстар сипатында болып келеді. Мунда қызықтыратын формадағы жаттығулар кеңінен пайдаланылады. Алайда қызықтыратын форманы пайдалана отырып, мынаны есте ұстау керек: егер мәселенің математикалық мәнін түсінуге, математика жөнінен білімдерді тереңдетуге және айқындауға себі тисе ғана ол кұнды болмақ.

Муғалім сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруды, ол белсенділікті, инициатива және оқушылардың өз бетінше жұмыстарын жан-жақты қамтамасыз ететіндей, мұқият ойластыруы тиіс.

Муғалімдер тәжірибесі сыныптан тыс жұмыстардың алуан түріне бай. Бұл сыныптан тыс сабақтар математикалық бұрыштар, математика кештері немесе ертеңгіліктері, математика үйірмелері, конкурстар, олимпиадалар болып табылады.

Сыныптан тыс сабақтар, немесе кейде оны «қызықты математика сағаты» деп атағаңдай, әдетте барлық сыныпқа арналып өткізіледі. Сабақтың ұзақтығы түрліше болады: оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты 30-дан 45 минутқа дейін. Мүндай сабақ айына 1—2 рет болуы мүмкін. Мазмұны жөнінен ол сабақтағы жұмыспен байланысты болуы тиіс, алайда мұнда қиынырақ есептер, тапқырлық есептері, ойын-есептер, геометриялық мазмұнды қызықты есептер, логикалық есептер, мысалдар шешу үшін түрлі әдістер пайдаланылатын теңдеулер шығарылады. Сиқырлы квадраттарды толтыруға тапсырмалар, ойлаған санды табу, ребустарды, шарадаларды, жұмбақтарды шешу т. б. ұсынылады. Бүл материалмен жұмысты қимылды және тыныш ойындар формасында ұйымдастыруға болады. Айшықты бояулармен салынған плакаттар, суреттер пайдаланылса, балаларға өте әсерлі болу үшін ертегілердің кейіпкерлері кірістірілсе тіпті жақсы.

Сыныптан тыс сабақтың жоспарының схемасы:


  • сабақтың тақырыбы;

  • сабақтың мақсаты;

  • безендіруі;

  • сабақтың жоспары;

  • қолданылған әдебиеттер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет