5В010700 – «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының студенттеріне арналған біртұтас Практика бағдарламасы


Педагогикалық іс-тәжірибенің мақсаты



Pdf көрінісі
бет6/14
Дата17.06.2023
өлшемі143,47 Kb.
#101995
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Приложение 3. Программа практики по спец.

Педагогикалық іс-тәжірибенің мақсаты:
1. Студенттерді мұғалім мамандығына деген сүйіспеншілікке және
тұрақты қызығушылыққа тәрбиелеу;
2. студенттің өзін-өзі тұтас педагогикалық процестің субъектісі ретінде
сезініп, үздіксіз кәсіби-тұлғасын дамытуға деген қажеттілігін қалыптастыру;
3. студенттің теориялық білімін тереңдету және бекіту;
4. мектептің тұтас педагогикалық процесінде пайдалана отырып
әлеуметтік психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерін тереңдету;
5. тұтас педагогикалық процесті құзырлылық әдіспен іске асыруға
мүмкіндік беретін болашақ мұғалімнің кәсіби іскерлігін және дағдысын
қалыптастыру;
6. педагогикалық іс-әрекеттің, шығармашылық, зерттеушілік әдісін
дамыту;
7. мұғалімнің тұлғалық-кәсіби сапасын қалыптастыру.


Педагогикалық іс-тәжірибенің міндеті:
- Теориялық сабақтарда алған жалпы педагогикалық шеберліктері мен
дағдыларын одан әрі қарай дамыту және жетілдіру;
- Студенттер сабақтарда алған алғашқы білімдерін толықтыру;
- Студенттерді мектеп ұжымымен, бейнелеу өнері және сызу кабинетімен
және ондағы құрал-жабдықтармен таныстыру.
Есеп беру құжаты:
1. Күнделік;
2. Дербес-өзіндік жұмыстары;
3. Көрнекіліктері;
4. Қорытынды есебі.
Оқу (таныстыру) педагогикалық іс-тәжірибеге арналаған әдістемелік 
нұсқаулар
Жеке жоспар. Бұл құжатта іс-тәжірибенің өтуі мерзіміндегі орындалатын
барлық жұмыстар көрсетіледі. Бұл жоспар бейнелеу өнері пәнінің мұғалімінің
қатысуымен бірге түзіледі және әдіскер бекітеді.
Жеке жоспар бір апта мерзіміне түзіледі. Оның мазмұны нақты және
тақырыпты болуы тиіс.
Күнделік. Практиканттың күнделігі барлық жұмыстарды тіркеу үшін қажет.
Әдіскер студенттің күнделікті жұмысының барысын күнделік арқылы
қадағалайды. Іс тәжірибе біткенше практикант күнделігін өзімен бірге мектепте
алып жүруі тиіс және оны жүйелі түрде толтыруы қажет. Тәжірибе аяқталғаннан
кейін күнделік басқа құжаттармен бірге әдіскерге тапсырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет