5В011100 Информатика(4 ж.), 5В011100 Информатика


Әлемнің ақпараттық бейнесі-



бет12/79
Дата25.11.2023
өлшемі1,01 Mb.
#126983
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   79
Байланысты:
аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі

Әлемнің ақпараттық бейнесі-ақпарат құралатын, тұтынылатын, орналасатын көп өлшемді ақпараттық кеңістіктің моделі.
Әлеуметтік интеллектуалдандыру-ақпараттың қабылдануы мен дүниеге келу қабілетін дамыту процесі, яғни жасанды интеллект құралдарын пайдалануды қоса есептегендегі, қоғамның интеллектуалдық потенциялын арттыру.
Базис-бұл мақсат, міндеттер, зерттеу пәні мен объектісі, зерттеу әдістері, категориялары мен ұғымдары.
Білім беруді ақпараттандыру-танымдық іс-әрекетті қайта құру үшін және оқушылардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін күшейтуге араналған жағдайды құру үшін және оқушылардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін күшейтуге арналған жағдайда құру мақсатында микропроцессорлық техника мен ақпаратты тарату құралдарының, осы құралдарға негізделген педагогикалық технологияның базасында ақпаратты жинау, өңдеу, тарату және сақтау әдістері мен құралдарын педагогикалық практикаға жаппай енгізу.
Білім беруді қазірігі ақпараттық технологиялар-адамзаттың интеллектуалдық жетістіктерін өзіне жинақтаған және азаматтың интеллектуалдық, оның ішінде білім берудегі қызметін шынайы күшейтуге қабілетті құрал.
Білім беру жүйесі-адамның дамуы үшін арнайы тағайындалған аға ұрпақтардың тәжірибелерін тарату және қабылдау тәжірибесінің арнайы ұйымдастырылған жүйесі.
Білімдік компетенция-бұл шынайы ақиқаттың объектісіне қатысты жеке тұлғалық және әлеуметтік мәні бар өнімді іс-әрекеті жүзеге асыруға қажетті оқушының өзара байланысқан мәні бар бағдары, білімі, іскерлігі, дағдысы және іс-әрекет тәжірибелерінің жиынтығы.
Білім маманының ақпараттық-коммуникациялық құзырлығы(латын тілінен аударғанда compete-жетемін, сай боламын,сәйкес келемін)-кәсіптік педагогикалық іс-әрекет ретінде ақпараттық кеңістікті қалыптастыру және меңгеру міндеттерін шешу қабілеті.
Білім беру процесінің қашықтан оқыту технологиясы - ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалануға негізделген қашықтықтағы оқу процесін жүргізуді қамтамасыз ететін, оқу процедураларын әкімшіліктендіру, оқыту әдістері мен құралдарының жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет