Мазмұны-бұл процесспринциптері, теориясы, заңдылықтары (ғылымның методологиялық құрылымы).
Медиатизация-ақпаратты жинақтау, сақтау және тарату құралдарын жетілдіру процесі;
Модельдеу-басқа жүйенің көмегімен физикалық және абстрактілі жүйені жүргізудің әртүрлі сипаттамаларын ұсыну В.И.Першиков.
Оқыту программалары мен жүйелері-компьютердің көмегімен оқытуда пайдалануға арнайы жасалған программалармен программалық жүйелері.
Оқыту траекториясы – бір электрондық оқу басылымындағы оқу бірліктерінің немесе нақты біліктілікті алу үшін енгізілген пәндер тізбегі.
Педагогикалық ақпарат-білім беру және тәрбиелеу процесін бейнелейтін, осы процестерді, білім беру саласындағы адамдар ұжымын және жеке тұлғаларды басқаруға қажетті мағлұматты, мәліметті, білімдер жиынтығы.
Педагогикалық жобалау-құрылған модельді ары қарай жасау және оны практикалық пайдалану деңгейіне дейін жеткізу.
Педагогикалық модельдеу-педагогикалық процестер мен жағдайларды және оған жетудің негізгі жолдарын құру мақсатын жасау.
Ресурс-қандай да бір құралдардың қоры немесе көзі. Қазіргі қоғамда материалдық, шикізат, энергетикалық, еңбек, қаржы ресурстары мен қатар ақпараттық ресурстар да бар.
Рефлексия-педагогикалық бұл мұғалімнің және өзінің әрекетін объективті бағалау, өзін оқушылар және басқа адамдар қалай қабылдайтынын түсіну, ең алдымен, педагогикалық қарым-қатынас процесінде кіммен өзара әрекеттесетінін түсіну қабілеті.
Сараланған оқыту-бұдан олардың икемділігі қызығушылығы байқалатын қабілеттері ескеріледі, бірақ оқушыларды жалпы білімдік дайындаудың базалық деңгейі төмендейді.
Телеконференциялар- үлкен қашықтықта орналасқан адамдар қатыса алатын, талқылау материалдарын алу және жіберу технологиясы.
Тест-(ағылшынның test-тексеру сөзінен алынған)адамның дербес психологиялық ерекшеліктері мен тәртібін өте дәл мөлшерімен нақты сапалық бағалауға арналған стандартталған зерттеу әдісі.