Бөліну белгісі-міндетті түрі мен ақпаратты өңдеу процестері 1-кезең (60-70 жж.)- есептеу орталықтарында топтық пайдалану режимінде мәліметтерді өңдеу. Ақпараттық технологиялар дамуының негізгі бағыты адамның бұрынғы операциялық іс-әрекеттерін автоматтандыру болып табылады. 2-кезең (80 жж. бастап)-стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған ақпараттық технологиялар құру. Бөліну белгісі-қоғамды ақпараттандырудың алдында тұрған мәселелер. 1-кезең-(60 жж. соңына дейін)мүмкіндігі шектеулі ақпараттық құралдармен үлкен көлемді мәліметтерді өңдеу мәселесімен сипатталады. 2-кезең-(70 жж. соңына дейін) IBM сериялы ЭЕМ-дердің таралуымен байланысты. Бұл кезеңде пайда болған мәселе-ақпараттық құралдардың даму деңгейінен программалық қамтамасыз етудің кешеуілдеуі. 3-кезең-(80 жж.бастап)-компьютер кәсіпқой емес пайдаланушылардың құралы, ал ақпараттық жүйелер-шешім қабылдауды сүйемелдеу құралы. Мәселелер-пайдаланушының қажеттілігін жоғары деңгейде қанағаттандыру және компьютерлік ортада сәйкес жұмыс интерфейсін құру. 4-кезең (90 жж. бастап)-байланыстар мен ақпараттық жүйелерді ұйымдастырудың қазіргі технологияларын құру. Бұл кезеңнің мәселелері барынша жан-жақты. Олардың ішіндегі маңыздылығы: -компьютерлік байланысқа арналған келісімдер жасау, стандарттар мен хаттамалар тағайындау; -стратегиялық ақпаратқа кіру мүмкіндігін тағайындау; -ақпаратты қорғау мен оның қауіпсіздігін ұйымдастыру.
Бақылау сұрақтары: Ақпараттық технологиялар дегеніміз не?
Электрондандыру үш негізгі аспектісін атаңыз?
Программалап оқыту мен оны жүзеге асыру құралдарына сипаттама беріңіз?
Білім беруді ақпараттандырудың негізгі кезеңдеріне сипаттама беріңіз?
Ақпараттық технологиялардың даму тарихына шолу жасап, бөліну белгісіне қарай әрбір кезеңіне сипаттама беріңіз?