Электрондық басылымы-программалық басқару құралдары мен құжаттамалары бар және кез келген электрондық ақпарат-магниттік, оптикалық –тасымалдаушысына (CD-ROM,DVD RW және т.б.) орналасқан немесе компьютерлік желілерде жарық көрген сандық, мәтіндік, графикалық, аудио, видео және басқа да ақпараттар жиынтығы.
Электрондық оқу құралы-құрамында оқу курсының ең маңызды бөлімдері, сонымен қатар, есептер жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу тәжірибесін өткізуге нұсқалар, практикумдар, курстық және дипломдық жұмыстарды дайындауға әдістемелік нұсқаулары бар берілген басылым түрінде мемлекеттік мекеме беретін арнайы дәрежеге ие электрондық оқу басылымы.
Электрондық оқу басылымы-оқытуды және білім бақылауды автоматтандыруға арналған және оқу курсына немесе оның жеке бөлімдеріне сәйкестендіріліп, сонымен қатар, шығу траекториясын анықтауға мүмкіндік беретін және әртүрлі оқу жұмыстарымен қамтамасыз ететін электрондық басылым.
Электрондық оқулық-құрамында оқу курсының немесе оның бөлімінің жүйеле мазмұны бар және берілген басылым түріне мемлекеттік мекеме беретін арнайы дәрежеге ие электрондық оқу басылымы.
Электрондық оқу құралы-бұл оқулықты жекелей немесе толық алмастыратын немесе толықтыратын, басылымның осы түрі үшін арнайы бекітілген электрондық басылым.
Мультимедия технологиясы (ағылшынша-көп компонентті орта) мәтін, графика және бейне мультипликацияны пайдалануға мүмкіндік береді, оқу процесіндегі компьютердің қолдану саласын кеңейту.
Мультимедиа-бұл әртүрлі формада (мәтін, графика, дыбыс, бейне, анимация) берілген ақпаратты біріктіруге мүмкіндік беретін және онымен интерактивті режимде жұмыс істеуге болатын компьютердің ақпараттық және программалық құралдар кешені.
Гипертекст немесе гиппертекстік жүйе-бұл тек әртүрлі файлдармен ғана емес, сонымен бірге әртүрлі компьютерде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін әртүрлі ақпараттар жиынтығы.
Гиппертекстің негізгі сипаты-бұл гиперсілтемелер арқылы көшу мүмкіндіггі, ол арнайы безендірілген мәтін түрінде немесе белгілі бір графикалық бейне түрінде беріледі. Гиппертексте бір немесе бірнеше негізгі сөздер, көшу батырмалары ерекшеленген графикалық элементтер түрінде бірнеше сілтемелер болуы мүмкін, олардың көмегімен мәтіннің басқа бөлігіне көшуге болады. Гипертексте мәтіннің бейнеленуі-сызықтық емес тәсілімен жүзеге асырылады.