Модельдерді келесі параметрлер бойынша сандық бағалауға болады: объектінің сыртқы түрін модельдеуде: - физика-химиялық сипаттамалардан (өлшемі, салмағы, түсі т.с.с.) берілетін дәлдік (өлшеу қателігі);
пропорцияны, масштабты сақтау;
объект құрылымын модельдеуде: нақты көрсеткіштер:
бейнеленетін элементтер мен олардың өзара байланыстарының
үлесі (пайыз);
- элементтер салмағы мен олардың арасындағы байланысты бейнелеу дәлдігі (дөңгелектеу қателігі);
объект құрылымын деталдау (ірілендіру);
ықтимал көрсеткіштер: - элементтер санының орташа мәні мен бұл мәннен орташа ауытқуы (дисперсия);
орта бағалардың дәлдігі (сенімділік аралығы);
объект күйін модельдеуде: нақты көрсеткіштер: - объект қатысатын себеп-салдарлық байланыстарды ескеру дәлдігі
(есептеу қателігі);
- дискретті модельдер (дербес жағдайда сандық) көмегімен үзіліссіз процестерді модельдеуде дискреттеу қадамдары (кванттық уақыт периоды);
модельдеу процесінің уақыт параметрі бойынша бейнеленуінің пропорционалдылығы (теңөлшемділігі);
ықтимал көрсеткіштер: - модельденуші объект күйі параметрлері таратылымының ықтимал заңдары;
объектінің бақыланатын күйі мен оның моделі арасындағы айырымның статистикалық мәнділік деңгейі.
Модельдерді келесі параметрлер бойынша сапалық бағалауға болады:
модель мен объектінің ұқсастық алмасу дәрежесі (жоғары, орта,
ұқсастықтың төменгі дәрежесі);
модель бойынша объектіні тану дәрежесі (танылды, тануға болады,
танылмайды);
модель бойынша объект күйін алдын-ала болжау дәрежесі.
Компьютерде есептеу Егер біз математикалық модельдеуді компьютерде атқаратын болсақ, машина есептеу барысында зерттеушіні қызықтыратын кез –келген мәліметті бере алады. Бұл мәліметтердің сенімділігі құрылған модельмен анықталады. Осы себеппен қолданбалы зерттеулерде ешқандай толық түрдегі, басқа сөзбен айтсақ, өндірістік есептеулерді құрылған программа көмегімен бірден орындауға болмайды. Ол үшін алдымен тесттік есептеулер кезеңін өткізу керек. Олар программаны түзету үшін ғана емес, алгоритмді құру мен оны программалық іске қосу барысында жіберілген қателерді тауып, түзетуге арналған.
Бұл алдын –ала есептеулерде математикалық модель де сынақтан өтеді, оның құбылысты қаншалықты дұрыс сипаттайтынын, шын өмірдегі жағдайға қаншалықты сәйкес келетінін анықтайды. Ол үшін бір қатар сенімді өлшеу нәтижелері бар бақылау тәжірибелерін қайта есептеп, жауабын алынған нәтижелермен салыстырады.
Бұл жағдайлар параметрлерінің кіші шамалары үшін орындалады, яғни, толыққанды зерттеулер жүргізген кезде пайда болатын қиындықтар тумайды. Осы нәтижелерді есептеу, нәтижелерімен салыстыру арқылы математикалық модельді анықтауға, модель көмегімен алынатын болжамның дұрыстығына көз жеткізуге болады.