Технологиялық сызба-нұсқалар, оларды құрастыру әдістері
Химиялық, операциялық, фунционалды, технологиялық сызбанұсқалар
Химиялық өндіріс
Химиялық өндіріс әртүрлі ағыстармен өзара байланысқан ондаған, жүздеген аппараттар мен қондырғылардан тұрады.
Жүйе деп өндірістегі элементтер мен байланыстар арасындағы біртұтас жиынтықты айтады. Байланыстар элементтерді өзара қосады.
Химиялық өндірісте элементтер – машиналар, аппараттар және басқа қондырғылар, ал байланыстар – машиналар, аппараттар, қондырғыларды қосатын материалдық трубалар - бу өткізгіштер т.б.
Элементте ағыстардың қозғалысы (олардың күйлерінің өзгерісі бөліну, араласу, сығылу, қыздыру, химиялық өзгерістер т.б.) жүзеге асады.
Байланыста ағыстар (материалдық, жылулық, энергетикалық) бір элементтен басқа элементке жіберіледі.
Химиялық-технологиялық процесті ұйымдастыру
Химиялық-технологиялық жүйе – бастапқы затты өнімге дейін өңдеуге арналған аппараттардың, машиналардың, басқа қондырғылардың (элементтер) және материалдық, энергетикалық, басқа ағыстардың (байланыстар) өзара біртұтас жиынтығын айтады.
Шикізат дайын өнімге дейін өңделетін машиналар мен аппараттардың жиынтығын технологиялық жүйе деп аталады.
Машиналар мен аппараттарда жүретін операциялардың графикалық кескінделуі мен баяндалуын технологиялық сызбанұсқа деп атайды.
Кез келген химиялық-технологиялық процесті ұйымдастыру: