Тәжірибелік сабақ 5 . Тақырыбы «Оқу орталары және жаттықтырушылар.»
Дидактикалық мақсаты: зерттеу.
Ұйымдастыру әдісі: тәжірибелік. Оқыту технологиясы мен әдістері: оқу-әдістемелік жоба.
Студенттерді алдын-ала дайындау: тапсырманы орындау.
Теориялық түсініктеме Дифференциялдық ішкі пәндерді жұмысына сәйкес әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды ұсынуға болады. 3 деңгейдегі нұсқалары бар;
Материалдың көлеміне қарай ерекшеленеді.
Информататиканы терең үйренетін сыныптар үшін әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар дайындауға қойылған.
Барлық тапсырмалар әртүрлі қиындық деңгейіне байланысты берілген және 3 топқа бөлінген.
I деңгейдегі тапсырма – базалық.Оқушылардың барлығы орындайтындай болуы тиіс.
II және III деңгейдегі тапсырмалар– қиындықты көтеру.
Олардың жұмысы логикалық ойлауды дамыту стандартты емес шешімді қабылау, техникалық білімді көбірек талап етеді.
Тапсырманың мазмұнды жағына ғана емес, сонымен бірге қиындық деңгейі оқушыларды таңдауда құқылы.
Бастапқы қолдануда I , II және III деңгейдегі тапсырманың қайсысын таңдауы барысында оқытушы көмек беріп, әртүрлі деңгейдегі тапсырманы бағалау критерийімен таныстырады
Әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды жүйелі қолдану оқушылардың таңдауына байланысты.
Үйрену дәрежесі Түрлі деңгейлі тапсырмаларды құрастырғанда оқушы қандай білімді, іскерлікті және дағдыны игеру керектігін ескеру керек.
Оқытудың бірінші деңгейінде (білім беру жүйесінің репродуктивті типі) оқушы білу керек: - оқу материалын мазмұндау керек;
- мұғалімнің айтқанын өз ойын қоспай мазмұндай алу керек;
- есепті бір формуланы қолдану арқылы шеше алу керек (негізгі формуланы және ақпараттың өлшем бірліктерін біле тұра);
Оқытудың екінші деңгейінде (білім беру жүйесінің реконструктивті типі) оқушы білу керек: - сабақ барысында алған немесе оқулықтан оқыған білміне негізделіп мұғалімнің кез – келген сұрағына жауап бере алу керек;
- Анықтамалардың, формулалардың , мөлшерлердің мәнін ұғыну ;
- оқылып жатқан материалдар тақырыптарының арасында байланысты орната алу керек;
- 2 және 3 формуланы пайдаланып, алгоритмнен стандартты есептерді шеше алу керек;
Оқытудың үшінші деңгейінде (білім беру жүйесінің вариативті типі) оқытылу материалы негізінде оқушыға жаңа анықтамалар мен формулаларды түсіндірудің сәйкес келуі; білімді жаңа оқу үрдісінде қолдану. Осы деңгейге жатады:
алдын ала қаралмаған үлгідегі есептерді шешу;
- әр түрлі ақпараттық модельдердің оптимальды алгоритмдері және есептерді шешу әдістерін құру.