Оқытудың төртінші деңгейінде (шығармашылық). Бұл деңгейге әр түрлі ақпарат көздерін қолданатын хабарламалар және баяндамаларды жатқызуға болады. Сонымен қатар өзіндік шешімдер және оқытылған әдебиеттерге тікелей қатысы жоқ жалпылауларға негізделеді.
Әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар, оқушылардың білімін бақылау жүйесінде оқу материалының меңгеруін түрлі деңгейде тексеру қолданылады.
Қортынды тексеруде пәнді әр түрлі дейгейде, реродуктивті типтен жетілдірілген деңгейге дейін меңгеруі тексеріледі.
Информатикада практикалық іскерлікті тексеру барысында мыналарға ерекше назар аудару керек:
- DOS жүйесінде немесе WINDOWS аумағында негізгі амалдарды орындауға;
- дербес компьютердің түрлі құрылғыларымен негізгі жұмыс дағдысын білуге;
- түрлі ақпараттық технологиялардың негізгі жұмыс дағдысын білуге;
Оқушылардың білімін тексерудің қортынды формасы - тест, есеп, теориялық өздік немесе бақылау жүмысы, практикалық жұмыс.
Әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды қолдануға әдістемелік нұсқау
Түрлі деңгейдегі тапсырмаларды мұғалім оқытудың түрлі сатысында және сабақтың түрлі сатысында пайдалана алады.
Бақылау тесттері, бұл жұмыста берілген тақырыптағы теориялық материалдарды өткізгеннен кейін оларды мақсатқа лайықты жүзеге асыру керек.
Тесттік бақылаудың мақсаты – оқушыны оқытудың нәтижесін тексеру және бағалау.
Тесттік тапсырмалар әр түрлі деңгейлі күрделілікте болады.
Келтірілген тізімнен таңдау - бұл
I күрделілік деңгейі. Қарапайым тесттік тапсырмалар. Мысалы:
А) Позициялық емес санау жүйесін таңда
ондық с/с;
екілік с/с;
үштік с/с;
римдік с/с.
ІІ күрделілік деңгейіне мектеп бағдарламасына қарастырылған ұғымдар,бірақ күрделі анықтамалары бар тесттік тапсырмалар келтірілген. Мысалы:
В) Қандай санау жүйесінде әр санның өлшемі оның позициясына тәуелді емес, тек оның жазылуымен анықталады?
ІІІ күрделілік деңгейіне жазылғанда пәннің мазмұны қарастырылмайтын ұғым пайдаланылатын тапсырмалар жатады.
Бұл тесттік тапсырмалар типі:
С) Көпмүше түрінде жазылған екілік сан:
1*24+0*23+1*22+0*2+11*20 Оның ондық түрі қандай?