Бағалау. Оқушы компьютермен жұмыс істеу барысында, оқылатын материалмен қалай жұмыс істеу керектігін білулері қажет. Ең маңызды мәселе "оқушы - мұғалім - оқушы" коммуникациясын ұйымдастыру болып табылады. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін оқушыларға жобалар, пікірсайыстар немесе "ынтымақтастықта оқу" деген сияқты жұмыс ұйымдарын ұйымдастыру ұсынылады.
Бақылау сұрақтары: Тест түсінігі?
ҰБТ толық анықтама беріңіз?
Оқушылардың үлгерімін тексеруде тесттік форманы тиімді, тиімсіз жақтарын жайлы не айтар едіңіз?
Бағалауға анықтама беріңіз?
Дәріс 12. Тақырыбы: Интернетте объектіге бағдарланған тәсілдің болашағы. Ауқымды желіде білім беру жүйесін тарату.
Мақсаты: Интернетте объектіге бағдарланған тәсілдің болашағы жайлы және ауқымды желіде білім беру жүйесін тарату мүмкіндіктерін қарастыру
Телекоммуникация туралы айтпас бұрын, алдымен коммуникация түсінігіне тоқталайық.
Коммуникация латынның "communication" сөзінен алынған, кез-келген (хабарлама, байланыс, тарату) ақпарат алмасуды білдіреді.
Материалдық қарым - қатынасқа қандай да бір физикалық объектілерді (транспорттық магистраль, газ проводтары т.б.) таратуға байланысты процестер жатады.
Ақпараттық - бұл ақпаратты таратуға байланысты процестерін біріктіреді:
Баспа қарым-қатынас - кітап, журнал, баспалар арқылы;
Аудиториялық қарым-қатынас - лекция, театрлар, концерт залдары;
Видео қарым-қатынасына - видеобейнелер, теледидар, кино;
Аудио қарым-қатынас - радио, грамжазбалар, телефон;
Компьютерлік қарым-қатынас - тасымалдаушылар: дискеттер, дискілер, компьютерлік байланыс құралдары.
Ақпараттық қарым-қатынас ортасы - бұл ақпараттар алмасуындағы шарттар мен құрылғылардың жиынтығы.
Компьютерлік қарым-қатынас ортасы - бұл компьютер көмегімен ақпарат адамдар арасында құралдары мен шарттарының жиынтығы.
Телекоммуникация - бұл компьютерлер негізінде қашықтан мәліметтерді тарату.
Компьютерлік желілерді аппараттық-программалық қамтамасыз ету