Құзыреті:
арнайы: педагогикалық міндеттерді шешуде түрлі пәндер салаларындағы білімдерді
біріктіру біліктері мен дағдыларын меңгеру.
пәндік: Жай, құрмалас, аралас сйлемді тану, құрай білу, талдап, түр-түрінің жасалу
жолдарын ажырату, құрмалас сөйлем заңдылықтарын іс жүзінде дұрыс қолдана білу.
ЭК
Пәннің шифры: ОТGKA 2218
Пән атауы: ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті
Пәннің пререквизиті: Әдебиеттануға кіріспе, Қазақ ауыз әдебиеті
Пәннің постреквизиті: ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті, Кеңес дәуіріндегі қазақ
әдебиеті, Әдебиет теориясы
Мақсаты: ХІХ ғасырдағы ақын-жазушылар шығармашылығы фольклорлық, дәстүрлі
жыраулық және ақындық поэзияның табиғи сабақтастығы, көркемдік, стильдік жалғастық
мәселелері аясында ғылыми-теориялық тұрғыдан түсіндіріледі. Қазақ әдебетінің әлемдік
озық көркемдік әдістерімен, жанрлық-стильдік шеберлік үлгілерімен үндестігіне де
айрықша назар аударылады. Әлемдік әдеби дамудың ортақ заңдылықтарын игерген,
жаңашылдықпен түлеген реалистік әдебиетіміздің алыптары шығармаларындағы
көркемдік шеберлік сырлары да тереңдетіле қарастырылады.
Пәнге қысқаша сипаттама: ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті – ұлттық сөз өөнері
тарихының елеулі бір кезеңін қамтитын пән. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінде ақын-
жыраулар поэзиясын оқытумен қатар, өөнер тұтастығы мамұнындағы ақындар (сал-
серілер), әнші-ақындар шығармашылығындағы көрнек өөнерінің ежелгі тұтастық
(синкретизм)
белгілерінің
сақталуы
меңгертіледі.
Сондай-ақ,
ағартушылық,
демократияшыл кзқарастағы ақын-жазушылар шығармашылығының ХІХ ғасырдағы
әлемдік өркениет дамуындағы маңызын, реалистік жаңа жазба әдебиетті дамытудағы игі
ықпалдар жөнінде терең мағлұматтар беріледі
Күтілетін нәтиже:
- ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы ақын-жыраулар шығармаларындағы дәстүр
жалғастығы мен шығармашылық байланыстарды ажырату;
- Қазақ сөз өнерінің философиялық, гуманистік-ағартушылық, эстетикалық мазмұнын
жан-жақты қамту;
- Әлемдік әдеби дамуға байланысты романтизм, реализм символизм,
поэзия жанрлары т.б. әдебиеттану мәселелерін меңгеру, шығарманың тілі мен бейнелілігін
айқындауы;
Құзыреті:
арнайы: Көркем шығарманың идеялық-тақырыптық негізін, тілдік-көркемдік табиғатын,
қазақ әдебиетінің өзіне тән сипаттарын, ұлттық әдеби процестің, әдебиет терминдерінің
ерекшеліктерін жете түсіндіріп, көркем шығарма негізінде талдау студенттерге сапалы
теориялық білім беру, эстетикалық талғамын қалыптастыру.
пәндік: Фольклордағы синкретизмнің әнші-ақындар шығармашылығы арқылы
жаңғыра көріну тәсілдерін меңгеру.
ЭК
Пәннің шифры: ZhGBKA 2219
Пән атауы: ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті.
Пәннің пререквизиті: ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті.
Пәннің постреквизиті: Қазіргі қазақ әдебиеті.
Мақсаты: Әдеби бағыттар мен олардың өкілдерін айқындау арқылы шығармашылық
жетістік пен кемшіліктерді саралау. ХХ ғасыр басында әдебиеттің өріс алған қоғамдық,
санаткерлік, көсемсөздік міндеттердің нәтижелерін салыстырмалы түрде қарастыру.
Бұрын қарастырылмай келген немесе біржақты қарастырылған әдебиет өкілдерінің
шығармашылығын бүгінгі көзқарас тұрғысынан бағалау әр әдебиет өкілінің басты
жетістіктерін ашу. Бұл талаптың аясында қазақ сөз өөнерінің философиялық, гуманистік-
ағартушылық, эстетикалық мазмұнын жан-жақты қамту басты бағдар болады. Сондықтан
да осы кезеңдегі әдеби шығармалар мен белді авторлардың шығармашылығын жан-жақты
қарастыру кейінгі әдеби биіктеудің, кейінгі дамуының түрлі реңдерін аңғару, айқындауға,
алдыңғы әдебиеттің жетістіктерімен келетін тұстарын терең зерделеуге негіз бола алады.
Пәнге қысқаша сипаттамасы: Қазақ әдебиеті тарихындағы бұл кезең - жалпы қазақ
әдебиеті тарихындағы ең бір жемісті де қайшылықты, жан-жақты даму, өрлеу, ояну кезеңі.
Жазба әдебиеттің ркен жайған тұсы, әдеби жанрлардың әр саласында әдеби ізденістердің
белең алған тұсы болғандықтан да осы кезеңдегі әдеби шығармаларды жан-жақты
қарастыру кейінгі әдеби биіктеудің, кейінгі дамуының түрлі реңдерін аңғарып,
айқындауға, алдыңғы әдебиеттің жетістіктерімен келетін тұстарын терең зерделеуге негіз
бола алады.
Күтілетін нәтижелер:
- қазақ әдебиетінің ілгері жылжуын ғылыми тұрғыда бағалау мен саралау
жолдарын меңгеруі, қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесіне өзіндік тұрғыда баға беріп, жаңа
тұжырымдар айту;
- осы кезеңдегі әдеби ағымдар мен бағыттарды жан - жақты қарастыру арқылы
«алтын ғасыр» аталған әдебиеттің табиғатын тану.
Құзыреті:
арнайы: нақты әлеуметтік-педагогикалық жағдайды ескере отырып кәсіби қызметте
теориялық білімдерді қолдана алу біліктері мен дағдыларын меңгеру
пәндік: ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің қоғамдық - әлеуметтік жағдаймен
байланысын қарастыру арқылы әдебиеттің ой - сананы оятудағы міндеттерін айқындау.
Өзіне дейінгі әдебиетпен байланысын, дәстүрлі әдебиет үлгісін, жаңашылдықты тану.
Романтизм мен реалистік әдіс- тәсілдердің қабаттаса жүріп, өмір шындығын ашудағы
өзіндік ізденістерін бағамдау.
ЭК
Пәннің шифры: KDKA 3223
Пән атауы: Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті
Пререквизиттері: ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті
Постреквизиттері: Әдебиет теориясы, Қазіргі қазақ әдебиеті
Мақсаты: Шығармалардың идеялық тақырыптық жетістіктерінен гөрі көркемдік
жетістіктеріне баса мән берудің қажеттігі. Студенттердің әдеби талғамын жетілдіру
мақсатымен шығарма оқуға, өлең, мәтін жаттатуға дағдыландыру. Көркемдік, саяси-
теориялық негіздерін ашатын қаулы-қарарлар, эстетикалық принциптерді жүйелі түрде
талдап, оның ықпалын да ескертудің маңызын ескеру.
Пәнге қысқаша сипаттама: 1960 жылдан 1990 жылдардың аралығын қамтитын әдебиет
қилы саяси-әлеуметтік, қоғамдық оқиғаларды бастан кешті. Соған қарамай бұл дәуірде
қазіргі қазақ әдебиеті білімді, талантты, дарынды адамдармен толығуы, жекелеген
жанрлар: повесть, роман, драматургия, әдеби сын, әдеби зерттеу еңбектерінің туып,
кемелдену процесін бастан кешіргенін байыптау. Тақырыптық жағынан да қазіргі қазақ
әдебиеті белгілі шығармалар шоғырын тудыруы. Көркемдік саласында да айтулы
табыстарға қол жеткізілуі.
Күтілетін нәтижелер:
-
шығарманың идеялық-көркемдік ерекшелігін сезіне білу;
-
әр шығармаға сыншыл көзқарасын қалыптастыру;
-
оқыған шығармаларына мінездеме бергізу;
-
дәріс оқу барысында, белгілі бір шығарманы талдау барысында олардың қатысып,
өз пікірлерін ашып айтуына баулу;
-
ақындар мен жазушылардың жеке басының үлгісі, жырлары, көркем
шығармалары арқылы студенттердің эстетикалық талғамын жетілдіріп, оларды Отан
сүйгіштікке, ұлттық патриотизмге баулу.
Құзыреті:
арнайы:
-
Жанрды, шығармаларды, кейіпкерлерді, сондай-ақ оларда көтерген келелі
мәселелерді, көркемдік ерекшеліктерін еркін талдау;
-
Алдын-ала дайындаған баяндама, рефераттарымен көпшілік алдында сөйлеуге
машықтандыру,ө з ой-толғамын, өзінше түйіндеулерін келтіре отырып (дискуссия) еркін
ағытыла сөйлеуін, әдеби-сын, зерттеулерге тезис және конспект жасауға тселдіру;
пәндік:
-
Кеңес дәуіріндегі көркем шығармалардың тақырыбы мен идеясын: авторлық,
объективтік және негізгі идеяларды ажырата алуы тиіс, өлең сөздің теориялық
негіздерін: ұйқас, шумақ, бунақ, сондай-ақ әлем әдебиетідегі өлең жүйелерін
силлабикалық, метрикалық, тоникалық өлең өлшемдерін қазақ ақындары
шығармаларынан тауып, салыстыра зерттеуге төселу.
-
Автордың идеялық-адамгершілік концепциясын анықтау мақсатында оқылатын
шығарма кейіпкерлерін салыстыра отырып қарастыруға дағдыландыру
ЭК
Пәннің шифры: KKA 3225
Пән атауы: Қазіргі қазақ әдебиеті
Пререквизиттері: Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті
Постреквизиттері: Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері
(магистратура), педагогикалық іс-тәжірибе
Мақсаты: Шығармалардың идеялық тақырыптық жетістіктерінен гөрі көркемдік
жетістіктеріне баса мән берудің қажеттігі. Студенттердің әдеби талғамын жетілдіру
мақсатымен шығарма оқуға, өлең, мәтін жаттатуға дағдыландыру.
Студенттерге қазіргі қазақ әдебиеті өкілдерінің шығармаларын меңгертумен бірге оны
жаттату, мән-мағынасын түсініп оқуға, теориялық жағынан талдай білуге дағдыландыру;
-
шығарманың идеялық-көркемдік ерекшелігін сезіне білу;
-
әр шығармаға сыншыл көзқарасын қалыптастыру;
-
оқыған шығармаларына мінездеме бергізу;
-
дәріс оқу барысында, белгілі бір шығарманы талдау барысында олардың қатысып,
өз пікірлерін ашып айтуына баулу;
Пәнге қысқаша сипаттама: 1917 жылдан 1960 жылдардың аралығын қамтитын
әдебиет қилы саяси-әлеуметтік, қоғамдық оқиғаларды бастан кешті: 1917 Ақпан
буржуазиялық реовлюциясы, Қазан большевиктік реовлюциясы, социалистік құрылысты
жүзеге асыру жолындағы қым-қуыт күрес жолын, адамзат қоғамында бұрын болып
крмеген формацияны көркем бейнелеу міндеті тұрды. Бұл кезең таптық шайқастар, азамат
соғысы, қанаушы, езуші саналған әлеуметтік «тапты» қуғынға түсіру, кек қайыру
шайқасына толы кезең болғандықтан, күрделі кескілескен күрестерімен ерекшеленеді.
Қазақ елін орыс империясының отарлау саясатынан азат ету, халыққа тәуелсіздік
әперу, тәуелсіз ел болу мақсатын кздеген А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж.
Аймауытов, С. Садуақасов т.б. большевиктік идеологияны жақтағандар бітіспес күрес
ашты. Көркем әдебиет большевиктік партияның насихат құралына айналды. Уақыт, адам,
қоғамның әуселесі әдебеитте крінетіндіктен , қазіргі қазақ әдебиетінен оқылатын дәріс,
жүргізілетін практикалық сабақтарда жазушы – ақын творчествосында шындықты
ашып крсетуге, жағдайға, көркем туындының идеологиялық ықпалға түсуінің
объективті себептерін ашып, студенттердің танымын арттыру. Соған қарамай бұл дәуірде
қазіргі қазақ әдебиеті білімді, талантты, дарынды адамдармен толығуы, жекелеген
жанрлар: повесть, роман, драматургия, әдеби сын, әдеби зерттеу еңбектерінің туып,
кемелдену процесін бастан кешіргенін байыптау. Тақырыптық жағынан да қазіргі қазақ
әдебиеті белгілі шығармалар шоғырын тудыруы. Революция, революцияның қазақ
сахарасына келуі, колхоздастыру, ндіріс, Ұлы Отан соғысы, соғыстан кейінгі халық
шаруашылығын қалпына келтіру, тың және тыңайған жерлерді игеру, Сталиндік
репрессия тақырыптарына қазақ жазушылары, ақындары дендеп баруы. Көркемдік
саласында да айтулы табыстарға қол жеткізілуі. Әсіресе, ХХ съезден кейін ұлттық
әдебиеттің дамуы күрт беөлең алуы.
Күтілетін нәтижелер:
-
Тиісті деректерді келтіре отырып, пікір алмасуларда, диспуттарда өз көзқарасын,
пікірін дәлелдеуге жаттықтыру;
-
Белгілі бір мәселелерді нысана етіп, соны шешу, әрі жинақтап қорытындылауда
көркем шығармалардан, негізгі эпизодтардан ішінара іріктеп алып, мәтінді логикалық
жоғары дәрежеде ауызша және жазбаша ойын еркін жеткізуге тәрбиелеу;
Құзыреті:
арнайы:
-
Оқылған шығармалардағы кейіпкерлердің рөлі мен орнын, сондай-ақ қаһарман
характерінің қоршаған орта мен жағдайларға байланысты қалыптасуын, сомдалуын
ашып көрсете білу;
пәндік:
-
ағымдағы әдеби процестің жай-күйінен жаңа мәліметтер беру және қалыптастыру;
-
Қазіргі қазақ әдебиеті кезеңіне жататын авторлардың идеялық-адамгершілік
концепциясын анықтау мақсатында оқылатын шығарма кейіпкерлерін салыстыру;
-
Жанрды, шығармаларды, кейіпкерлерді, сондай-ақ оларда көтерген келелі
мәселелерді, көркемдік ерекшеліктерін еркін талдау.
ЭК
Пәннің шифры: ZhTB 4334
Пән атауы: Жалпы тіл білімі
Пререквизиттері: Тіл біліміне кіріспе, Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, Қазіргі қазақ
тілінің лексикологиясы, Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі.
Постреквизиттері: диплом жұмысын жазу, Академиялық грамматика теориясы
(магистратура)
Мақсаты: тыңдаушыларды тіл біліміндегі негізгі теориялармен таныстыру, оларға тіл
туралы ғылымның ткен тарихынан, қазіргі күйінен, алда тұрған міндетттерінен, шешілген
және шешілмеген проблемаларынан жан-жақты мәлімет беру.
Пәнге қысқаша сипаттама: Жалпы тіл білімі курсы жалпы тіл білімінің қалыптасу,
даму жолдары, тіл білімі тарихы, тіл білімінің басқа ғылым салаларымен байланысы,
тілдің таңбалық сипаты, тілдің жүйелік құрылымдық сипаты, тілдің даму заңдылықтары
және тіл білімінің зерттеу әдістері сияқты мәселелерді қамтиды.
Күтілетін нәтижелер: Тіл білімінің басқа қоғамдық, жаратылыстану және техникалық
ғылымдар ішінде алатын орнын, олармен байланысын айқындау. Тіл білімін дамытуға өз
үлестерін қосқан ғалымдармен, тіл білімі мектептерін меңгеру.
Құзыреті:
арнайы: кәсіби абырой мен педагог қадір-қасиетін, сондай-ақ педагогикалық этика
нормаларын сақтау, педагог мамандығының әлеуметтік маңыздылығын ұғыну, қазақ
тілінің даму тарихынан мағлұмат беру.
пәндік:
-
жалпы тіл біліміндегі осы заманғы ғылыми концепциялар мен жетістіктер туралы
мәлімет беру;
-
жалпы тіл білімінің теориясымен танысу;
-
тіл тарихын меңгеру;
-
тіл біліміндегі әдіс-тәсілдерді ажырату;
ЭК
Пәннің шифры: AT 4335
Пән атауы: Әдебиет теориясы
Пререквизиттері: Әдебиеттануға кіріспе
Постреквизиттері: педагогикалық іс-тәжірибе, диплом жұмысын жазу
Мақсаты: Әдебиет теориясы курсының ең басты мақсаты - студенттерге көркем
әдебиеттің мәнін, ерекшеліктерінің әлеуметтік, идеялы-моральдық, эстетикалық
мағынасын жеткізу. Курстың мақсаты - әдебиет теориясының сұрақтарына және әдебиет
ғылымына
қызығушылық
тудыру.Әсіресе
өөнер
құбылыстарын
өздік
және
шығармашылық тұрғыдан зерттеу дағдыларын қалыптастыру өте маңызды.
Пәнге қысқаша сипаттама: Әдебиет теориясының негізгі мақсаты - әдебиеттің даму
заңдылықтарын, көптеген шығармашыларға, әдеби процеске ортақ сипат белгілерді
айқындау.
Күтілетін нәтижелер: Әдебиеттің қоғамдық мірмен байланысын ашатын идеялық,
танымдық, ұлттық және интернационалдық сипаттарын, көркем шығарманың құрылыс
бітімі мазмұн мен түрі, тіл ерекшеліктері, әдебиетте қолданылатын көркемдік әдістер, кең
тараған жанрларды меңгеру.
Құзыреті:
арнайы: педагогикалық қызметте жоғары мотивацияға ие болу, өз бетімен білім алуға
және өзін-өзі тануға ұмтылу.
пәндік:
- қазақ әдебиетінің ілгері жылжуын ғылыми тұрғыда бағалау мен саралау
жолдарын меңгеруі, қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесіне өзіндік тұрғыда баға беріп, жаңа
тұжырымдар айта білуі;
- проза жанрының қалыптасып, дамуының обьективті себептерін ашып, айқындай
алуы, қаламгер туындыларымен танысып, ондағы дәуір демін, қоғам шындығын айқындай
білуі;
- көркем образ, әдеби характер, әдеби тип, реализм, романтизм, жазушы стилі
сияқты әдеби ұғымдардың негізгі белгілерін білуі;
ЭК
Пәннің шифры: KTS 4337
Пән атауы: Қазақ тілінің стилистикасы
Пререквизиттері: Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы, Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы,
Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы
Постреквизиттері: Стиль теориясы (магистратура), диплом жұмысын жазу
Мақсаты: Студенттерді стилистиканың негізгі мәселелерімен, стильдерді тілдік
ұйымдастыру ұстанымдарымен, тілідк құралдарды сөйлеуде қолдану заңдылықтарымен
таныстыру. Бұл пән студенттер мен оқушылардың сөйлеу мәденетін қалыптастыруға
кмектеседі.
Пәнге қысқаша сипаттама: Стилистика- тіл білімінің негізгі саласының бірі. Тілдік
элементтердің дұрыс, әсерлі қолданылуын зінің объектісі санайтын стилистика тіл
білімінің барлық салаларымен тығыз байланысты. Ол сөз ішіндегі дыбыстардың жүйелі
жұмсалуын,
орфографиялық,
орфоэпиялық
заңдылықтардың
нормасын,
сөз
мағыналарының жүйелі қолданылуын, морфологиялық сөз тұлғалары мен грамматикалық
формалардың жүйелілігін, сөз тіркестері мен сйлемдердің әр түрлі конструкцияларының
айтылмақ ойға сай жүйелі де әсерлі болу жағын үйрететіндіктен, тіл білімінің барлық
салаларымен (фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) тығыз байланысты.
Күтілетін нәтижелер: Дыбыстардың жүйелі жұмсалуын, орфографиялық, орфоэпиялық
заңдылықтардың нормасын, сөз мағыналарының жүйелі қолданылуын, морфологиялық
сөз тұлғалары мен грамматикалық формалардың жүйелілігін, сөз тіркестері мен
сөйлемдердің орынды жұмсалуын игеру.
Құзыреті:
арнайы: формализациялау, құрылымдау және жүйелеу біліктері мен дағдыларын меңгеру,
педагогикалық болмысты тұтас қабылдауға және жүйелі ойлауға қабілетті болу.
пәндік:
- болашақ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімінің өз ойын дұрыс жеткізе білуі, ойын қағазға
түсінікті де айқын түсіре алуы;
- сөз мағыналарының орынды қолданылуын грамматикалық формалардың жүйелілігін, сөз
тіркестері мен сөйлемдердің орынды жұмсалуын меңгеру.
ЭК
Пәннің шифры: Ily 1111
Пән атауы: Ілиястану
Пререквизиттері: Әдебиеттануға кіріспе
Постреквизиттері: Қазақ ауыз әдебиеті, Қазақ әдебиетінің ежелгі және хандық дәуірі
Мақсаты: Университетімізге аты берілген классик ақынның шығармашылығын терең
таныстыру, әдеби мұраларын зерттей оқыту мақсатында енгізіліп отыр. Творчестволық
негізі 1912 қаланған сонау “Балдырған”, “Қызыл жалау” қолжазбаларынан бастап, 1937
жылға дейінгі әдеби мұраларды меңгеру.
Пәннің қысқаша сипаттамасы: I.Жансүгiровтiң өмiр жолы, оның қазақ әдебиеттану
ғылымындағы
орны.
Шығармалары
мен
әдебиетiмiздегi
көркемдiк
тәсiлдi
қалыптастырудағы елеулi үлес қосқандығы.1912 жылдан 1937 жылға дейін жазған
туындыларының мазмұны, сюжеті, мәтіні толық қарастырылмақ.
Күтілетін нәтижелер:
-
Ілияс Жансүгіров мұраларымен танысумен бірге, шығармаларды талдай
білуге;
-
идеялық-көркемдігін айқындауға білу;
-
әр шығармаға мінездеме беруге; практика сабағында тақырып аясын аша білуге
тиіс.
Құзыреті:
арнайы:
-
Оқу бағдарламаларында қамтылған әдеби мәтіндерді игеру, тілдің грамматикалық
нормаларын сақтау, көпшілік алдында шешен де мәөнерлі сөйлеу дағдыларын,
шығармашылық ой жүйесін қалыптастыру.
-
өз қызметінде информатикалық құралдарды, компьютерлік техниканы меңгере білуі
керек.
пәндік:
-
әдебиеттану ғылымының, қазақ әдебиеті даму дәуірлерінің теориялық, практикалық
мәселелерін, І.Жансүгіров шығармашылығын жете игеруі керек.
ТК 1.1
ЖМ-1
Пәннің шифры: Saya 1102
Пән атауы: Саясаттану
Пререквизиттері: Қазіргі Қазақстан тарихы
Постреквизиттері: Құқық негіздері
Мақсаты: саяси өмір саласындағы күрделі құбылыстар мен тенденцияларға өз бетінше
талдау жасау дағдысын ұялату, саясат туралы қажетті білім беру, студенттердің санасында
ұғымдық ақпаратты қалыптастыруға ықпал ету. Саяси ғылым, саясат, саяси билік,
мемлекет, элита, саяи мәдениет және идеология сияқты толық түсініктерді қалыптастыру
және оның механизмдерін түсіндіру.
Пәнге берілген қысқаша сипаттама: Саясаттану саясаттың өмір сүрү зандарын оның
тарихи дамуын зерттейді. Саясаттанудың мазмуны сонымен қатар билік, мемлекетаралық
қатынас мәселерерінен де тұрады. Саясат теориясы антикалық дәуірден бастап казіргі
саяси процестерді қарастырады.
|