5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша Элективті пәндер каталогы



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата06.03.2017
өлшемі0,63 Mb.
#8399
1   2   3   4   5

 

ТК 2.1  

Пәннің шифры: ZhAOA 3332 

Пәннің атауы: Жетісу әдебиеті  

Пререквизиттерi: Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті 

Постреквизиттері: Қазіргі қазақ әдебиеті   

Мақсаты:    Жетісу  әдебиетін  тануды  жалпы  қазақ  қаламгерлері  шығармашылығымен 

байланыстыра  қарастырып,    қазақ  әдебиетінің  өркендетудегі  қызметін  айқындау,  кейінгі 

әдебиеттегі асыл арналарын жүйелеу.  

Пәнге  берілген  қысқаша  сипаттама:  Жетісу  өлкесі  әсем  табиғатымен  ғана  емес,  жыр 

мен  сырға,  ән  мен  күйге,  өлең  мен  өнерге  толы  сан  ғасырлық  шежіресімен  де 

ерекшеленеді.  «Айтыс  өнерінің  жұлдыздары»  атанған  Бақтыбай,  Қуат,  Сара,  Қалқа  т.  б. 

өнер тарландарының сөз маржандарын оқу арқылы көркем әдебиетке, халықтың бай әдеби 

мұрасына деген құштарлық арта түсуі заңды. Жыр дүлдүлі атанған Ілияс Жансүгіровтың 

өнегесін  ұстана  келген  Ғали  Орманов,  Әділбек  Абайділданов,  Қанипа  Бұғыбаева,  Сәкен 

Иманасов  сынды  ақындарымыздың  өлеңдерін,  Әнуар  Әлімжанов,  Сайын  Мұратбеков, 

Бексұлтан Нұржекеев сияқты жазушыларымыздың прозалық шығармаларын оқи отырып, 

туған  өлке  келбеті,  тарихи  тұлғаларымыздың  тағдыры  жайлы  деректермен,  өлке 

тынысымен танысады. 



Күтілетін  нәтиже:  Жыр  дүлдүлі  атанған  Ілияс  Жансүгіровтың  өнегесін  ұстана  келген 

Ғали  Орманов,  Әділбек  Абайділданов,  Қанипа  Бұғыбаева,  Сәкен  Иманасов  сынды 



ақындарымыздың  өлеңдерін,  Әнуар  Әлімжанов,  Сайын  Мұратбеков,  Бексұлтан 

Нұржекеев сияқты жазушыларымыздың прозалық шығармаларын оқи отырып, туған өлке 

келбеті,  тарихи  тұлғаларымыздың  тағдыры  жайлы  деректермен,  өлке  тынысымен 

танысады. 



Құзыреті: 

 

арнайы

-  қазақ  әдебиетінің  ілгері  жылжуын  ғылыми  тұрғыда  бағалау  мен  саралау  жолдарын 

меңгеруі,  қазақ  әдебиетін  дәуірлеу  мәселесіне  өзіндік  тұрғыда  баға  беру,  жаңа 

тұжырымдар айта білуі; 

пәндік

- Жетісу жеріндегі проза жанрының қалыптасып, дамуының обьективті себептерін ашып, 

айқындай алуы; 

-  көркем  образ,  әдеби  характер,  әдеби  тип,  реализм,  романтизм,  жазушы  стилі  сияқты 

әдеби ұғымдардың негізгі белгілерін білуі. 

-  қаламгер  туындыларымен  танысып,  ондағы  дәуір  демін,  қоғам  шындығын  айқындай 

білуі; 

 

ТК 2.1  

Пәннің шифры: ShO 1202

 

Пән  атауыШешендік өнер  



Пререквизиттері:  

Постреквизиттері: Қазақ ауыз әдебиетіҚазақ әдебиетінің ежелгі және хандық дәуірі 

Мақсаты:    Шешендік    сөздер  -өз  заманындағы  қоғамдық  өмірдің  ең  көкейтесті,  ең 

маңызды  мәселелерін  қозғаған,  толғаған  өнер.  Шешендік    сөздерде  қазақ  өмірін 

көркемдеп бейнеленген телегей шындығы бар. Шешендік  сөздер тарихын, себебін, ақын 

мақсатын,  идеясын  танып,  шығарма  құрылымының  жүйесін,  көркемдік,  тілдік, 

эстетикалық  ерекшелігін  аңдатып,  мектеп  бағдарламасы  көлемінде  алған  түсініктерін 

тереңдетін,  болашақ  мамандарға  қойылатын  талап  деңгейінде  шешендік  өөнер 

ғылымының қыр-сырын танытып, теориялық тұрғыда талдай білуге үйрету 

Пәннің  қысқаша    сипаттамасы:  Риторика  немесе  шешендік  өнер  ғылымы  «өнердің 

падишасы»  ретінде  саналған.  Ол  поэтиканың,  логиканың,  стилистиканың  және 

грамматиканың  өркендеуіне  үлкен  әсер  етті.  Осы  уақытқа  шейін    сан  ғасырлық  тарихы 

бар  ұлттық,  яғни  би-шешендер  мұрасы  көркем  сөз  ретінде  бағаланды  да,  әлеуметтік  –

қоғамдық  мәні,  мемлекет  тағдырын  шешудегі  ересен  қызметі  елеусіз,  ескерусіз  қалды. 

Шешендік өнер - теңдесі жоқ  ұлттық олжамыз, таусылмас қазынамыз. Шешендік өнер - 

теңдесі  жоқ    ұлттық  олжамыз,  таусылмас  қазынамыз.  Оның  қарасөздеріндегі  әр  өсиет- 

саналы, сөз ұғар қазақ баласы үшін үлкен мір мектебі.  



Күтілетін нәтижелер: 

-Шешендік  сөздерді тереңдеп тану, философиялық ойлар сырын ұғыну.  

-Шешендік  сөздердің астарын, жұмбақ қыр-сырын түсіну,  

-Тақырыптық  -  идеялық,  көркемдік  тұрғыдан  талдау  жасау,    бүгінгі  бағытын  аңдау,  

қалауы бойынша өлең, қарасөз жаттау.   

Құзыреттілігі: 

арнайы: ұлттық құндылықтар  жүйесінде орын алу, этикалық құндылықтар жолын ұстану

ізгілікке  және  оптимизмге  бейім  болу;  педагогикалық  ынтымақтастыққа  қабілетті  және 

толерантты болу. 

пәндік

Қазақ би-шешендерінің шешендік сөздері мен билік сөздерін талдап, жаттап оқу; 

 

Шешендік сөздерді талдай білу, сөз астарына үңілу; 



 

Көркемдік-идеялық бірлігін айқындау; 



 

Іс-тәжірибелік сабақтарда тақырыптардың ерекшелігін ашу; 



Қазақ билері мен батырлары мұрасы негізінде елді сүюге , отаншылдыққа тәрбиелеу.

 

ТК 2.3  

Пәннің шифры: KBMZh 3221

 

Пән атауы: Кәсіби бағытталған мәтінмен жұмыс   



Пререквизиттері: Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы, Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі 

Постреквизиттері: Қазақ тілінің стилистикасы 

Мақсаты:    Кәсіби  мәтінде  қолданылған  тілдік  құралдардың  мәнін  ашып  түсіндіру,  сол 

арқылы  түпкі  нәтижеге  –  мәтіннің  (көркем  шығарманың)  көркем  бейнелі  болмысын 

түсінуге қол жеткізу. Көркем туындылар тілін зерттеудегі ілім-тәжірибелерді басшылыққа 

ала  отырып,  студенттерге  лингвистикалық  талдаудың  жолдарын,  практикасын  үйрету. 

Мәтінде  қолданылған  тілдік  элементтердің  мағынасын,  мәнін,  эстетикалық  қызметін 

ашып айқындау. 



Пәннің  қысқаша  сипаттамасы:  Кәсіби  бағытталған  мәтінмен  жұмыс  -  өзіндік  талдау 

принциптері, әдіс-тәсілдері бар, талдаудың бірнеше аспектілері айқындалған оқу пәні. Бұл 

пән  арнайы  курс  ретінде  жоғары  оқу  орындарының  оқу  жоспарына  1983  жылы  еніп, 

оқытыла бастады. 

Кәсіби  бағытталған  мәтінмен  жұмыс  курсының  негізгі  нысаны  -  кәсіби  мәтінде, 

ондағы  тілдік  құралдардың  көркем  мазмұнды  бейнелеуге  қатысын  айқындау.  Курс 

публицистикалық  мәтінде  қолданылған  тілдік  құралдардың  мағынасын,  мәнін, 

эстетикалық  қызметін  айқындауды  мақсат  етеді.  Кәсіби  мәтіннің  пішінін  үңіле  зерттеу 

арқылы  оның  идеялық,  эстетикалық  болмысын  ашуға  болады.  Кәсіби  мәтінді  талдаудың 

жолдары мен әдістерін үйретеді. 



Күтілетін нәтижелер: 

-студенттерге  кәсіби  мәтінмен  жұмыс  істеудің  әдіс-тәсілдері  мен  принциптері  туралы 

ұғым-түсінік 6epу; 

-кәсіби мәтіннің ұйымдасқан біртұтас эстетикалық күрделі құрылым екенін түсіндіру; 

-студенттерді көркем шығарма тілін түсіпіп, оны талдай білуге дағдыландыру. 

Құзыреті:  

арнайы: 

-  ойлау  мәдениеті  жоғары,  дүниетанымы  кең,  білімді  тұлғаны  қалыптастыру;  кәсіби 

қызметке қажетті жаңа білім алу дағдысын игеру;  

-  өз  бетінше  интернет  ресурстарынан  мәтінге  қатысты  ақпаратты  іздей  білу,  талдау, 

сараптау.  

пәндік:  кәсіби  мәтіннің  мазмұнын,  стильдік  ерекшелігін,  жазылу  жүйесін  талдауға 

негізделеді. 



 

ТК 2.3  

Сөйлеу мәдениеті/   

Пәннің шифры:  SM 3221

 

Пән атауы: Сөйлеу мәдениеті 



 

   

Пререквизиттері: Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы, Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі 

Постреквизиттері: Қазақ тілінің стилистикасы 

Мақсаты: Курстың басты мақсаты болашақ мамандарды әдеби тілдің нормаларын сақтап, 

сөзді  орынды  қолданып,  айтар  ойын  мәнерлі  де  көркем,  айқын  әрі  әсерлі  етіп  жеткізе 

білуге баулу.  

Қалыптасқан тілдік норманы, қалыпты сақтап, одан жнсіз ауытқуға жол бермеу. Тіл 

мәдениеті  тілдік  нормамен  тығыз  байланысты,  өйткені  тілдік  норма  сөзді  дұрыс  айту, 

сөзді  емле  ережесіне  сай  жазу,  сөзді  өз  мағанасына  сай  қолдану,  сөйлемді  дұрыс  құрау 

болса,  тіл  мәдениеті  ғылымы  осы  процестердің  орындалуын,  бұзылмауын  қадағалайды. 

Аталған курс студенттерді осы теориялық мәселелерді меңгере отырып, қарым-қатынаста 

пайдалана білуге дағдыландырады. 

Пәнге  берілген  қысқаша  сипаттама:  «Коммуникативтік  дағды  теориясы  мен 

практикасы» пәні тмендегі мәселелерді қамтиды:  тіл мәдениеті пәні және оның мазмұны, 



тілдің  анықтамасы  және  оның  мәні,  қызметі,  адам  міріндегі  тілдің  рлі  мен  сйлеу 

мәдениетінің    маңызы.  Сондай-ақ  сйлеу  техникасы,  дауыс,  сөз  қолдану  мәдениеті,  тіл 

мәдениеті және жергілікті тіл ерекшеліктері, тілдік норма, тіл және сөйлеу, ауызша сөйлеу 

және  оның  ерекшелігі,  сөздердің  айтылуы  мен  жазылуы,  ауызекі  және  жазбаша  сөз 

қолданудағы қателіктер жайлы мағлұмат беріледі.  

Күтілетін  нәтиже:  сөйлеу  мәдениетінің  әлеуметтік  маңызы,  сөз  байлығы,  сөз  әдебі, 

сөйлеу  әуені,  әдеби  тілдің  нормалары,  шешен  сөйлеу  мәдениеті,  шешендіктің 

сипаттамасын  меңгеру,  мақал  -  мәтелдер,  қанатты  сөздер  пайдалана  отырып,  кпшілік 

алдында сөйлей білу.  



Құзыреті:  

арнайы:  кәсіби  қызметте  теориялық  білімдерді  қолдана  алу  біліктері  мен  дағдыларын 

меңгеру; этикалық құндылықтар жолын ұстану, ізгілікке және оптимизмге бейім болу; 



пәндік: 

-  қарым-қатынаста  білімгер  жағдаятқа  байланысты  ойын  анық,  дәл,  орынды  жеткізе 

білуге; дұрыс сөз саптауға;  

-кәсіби пікір алмасуға; өзіндік пікірін дәйекті түрде жеткізуге; 

-сйлеу  барысында  қанатты  сөздерді,  мақал-мәтелдерді,  көсем  сөздерді,  афоризмдерді, 

тілдік фактілерді мақсатты түрде қолдануға үйренеді.   



 

ТК 2.4 

Пәннің шифры: ZhEP 3228 

Пән: Жазушы еңбегінің психологиясы 

Пререквизиттері: 

Әдебиеттануға 

кіріспе, 

Кеңес 


дәуіріндегі 

қазақ 


әдебиеті 

Постреквизиттері: Әдебиет теориясы, Қазіргі қазақ әдебиеті 

Мақсаты: Ақын-жазушының қиялынан шығарма тудыру барысында  ар жағында бірдеңе 

болу керек. Жазушылық – кәсіп емес, өнер. Қаламгердің қоғамдық бейнесі, дүниетанымы, 

өмірлік  тәжірибесі,  «екінші  мамандығы»  болуы,  саяхатты  үзбей  жасауы  ғана  қаламына 

күш  беретінін  дәлелдеу  керек.  Қабілет,  елестету  күші,    шабыт,  ақыл-ой  кемелділігі,  есте 

сақтау,  еңбекке  төзімділік,  денсаулық  –  бәрі  жазуға  ауадай  қажет  нәрселер  –  осыны 

үйрену керек. 



Пәнге қысқаша сипаттама: Жазушы еңбегін оқытудың  маңызы, жазушының қоғамдық 

тұлғасы, өз бетімен жазушылық еңбекке араласу, жазушының психологиялық дайындығы, 

шығарма  жазуда  идея  мен  түрткі  болатын  ойдың  оянуы,  материал  жинау,  жоспарлау, 

образ,  сюжет  пен  композиция  құру,  шығарма  тілін,  жанрын  таңдау,    жазу  мехнаты 

мәселелерін  жан-жақты  талдап,    екінші  сөзбен  айтқанда  жазушының  лабораториясына  

енгізу болып табылады. 



Күтілетін нәтижелер:. Жазушы еңбегін зерттеп білу үшін қалай, неден  бастап зерттеуді, 

әр  шығармасы  үшін  материалды  қайтіп  жинап,    сорттап,  тергеп,  тексеріп,    таңдап  алып, 

кәдеге жаратынын білу қажет.  

Құзыреті:  

арнайы:  өмірді  бақылау,  эксперимент,  идея  мен  топшылау,  материал  жинау,  жоспарлау, 

образ  жасау,  сюжет  пен  композиция  құру,  тіл,  жанр  таңдау,  жазу  –  бәрі  қамтитын 

критерийлерді меңгеру,  тексеріп, жазушының биік тұлғасын саралап беру. 

пәндік:  Қаламгер  еңбегін  оқытудың    маңызы,  оның  қоғамдық  тұлғасы,  жазушының 

психологиялық  дайындығы,  шығарма  жазуда  идея  мен  түрткі  болатын  ойдың  оянуы, 

материал жинау, жоспарлау, образ, сюжет пен композиция құру, шығарма тілін, жанрын 

таңдау,  жазу мехнаты мәселелерін жан-жақты талдай білу. 



 

ТК 2.4 

Пәннің шифры: Mag 3333 

Пәннің атауы: Мағжантану 

Пререквизиттері : Әдебиеттануға кіріспе 

Постреквизиттері: Қазіргі қазақ әдебиеті   

Мақсаты:  Мағжан  шығармаларының  әдебиеттегі  орнын  айқындап,  белгілеу, 

өлеңдерінің негізгі сипаттарын ашып крсету. 

Ақын 

поэмаларының 



жанрлық-

тақырыптық,  идеялық-көркемдік  ерекшеліктерін  жете  зерттеп,  оларды  бүгінгі  күн 

тұрғысынан  жаңаша  бағамдау.  Мағжан  Жұмабаев  шығармаларын  жан-жақты  талдау 

арқылы оның әдеби процестегі маңызын крсету, қазақ әдебиеті тарихындағы алар орнын 

пайымдау.  

Пәнге  берілген  қысқаша  сипаттама:  Мағжан  Жұмабаев  қаламынан  туған  дүниелер  - 

халық  үшін  таусылмас  қазына.  Мағжан      поэзиясының,      оның      суреткерлік  шеберлігі, 

ақындық ой асқақтығы, көркем тіл үлгісі, стилінің даралық ерекшелігі  - оның жыр әлемі 

адам  жанының  нәзік  қатпарларына  еркін  сіңісіп,  мейірімділік  пен  сұлулыққа  жетелейтін 

бояуы ашық,  нақышы әсем кең тынысты, ғұмырлы, мәңгілік жыр-толғауында. 

Күтілетін  нәтиже:  Мағжан  Жұмабаев  шығармаларын  жан-жақты  талдау  арқылы  оның 

әдеби процестегі маңызын крсету, қазақ әдебиеті тарихындағы алар орнын пайымдау.  



Құзыреті: 

арнайы: альтернативті шешім таба білу біліктері мен дағдыларын меңгеру, сыни тұрғыдан 

ойлауға, жаңа педагогикалық идеяларды игеруге  қабілетті болу; 



пәндік:  

 

-  автордың  идеялық  -  адамгершілік  концепциясын  анықтау  мақсатында 



оқытылатын шығарма кейіпкерлерін салыстыра отырып қарастыра білуі; 

       


-  жанрды,  шығармаларды,  кейіпкерлерді,  сондай-ақ  оларда  көтерген  келелі 

мәселерді, көркемдік ерекшеліктерін салыстыра отырып қарастыруы; 

       

-  әдеби сын – зертеулерге тезис және конспект жасай білуі. 



                                                                                

ТК 2.4 

Пәннің шифры: BA 3228 

 

Пән атауы: Балалар әдебиеті



                                                     

Пререквизиттері: 

Әдебиеттануға 

кіріспе, 

Кеңес 


дәуіріндегі 

қазақ 


әдебиеті 

Постреквизиттері: Әдебиет теориясы, Қазіргі қазақ әдебиеті 

Мақсаты:  балалар әдебиетінің өмір тәжірибесіне негізделе қоғам талабына сай жазылған  

әдебиет  тарихымен  байланыстыра  отырып,  курстың  теориялық  және  зерттелуі  туралы 

кеңінен мағлұматтар беру. 

Күтілетін  нәтиже:  Балаларға  арналған  шығармаларды  талдау  арқылы  прозалық, 

поэзиялық шығармаларды талдау  дағдыларын қалыптастырады. 



Құзыреті: 

арнайы:  ақпараттарды  басқару  дағдылары  мен  біліктерін  игеру,  зерттеу  мәдениетін 

жетілдіруге ұмтылу; ағымдағы әдеби үдерістің даму бағыты жайлы пікір білдіру. 



пәндік: 

-

 



қазақ балалар  әдебиетінің даму кезеңдерін айқындау; 

-

 



балалар әдебиетінің негізгі өкілдерін, олардың шығармаларын меңгеру; 

-

 



балалар  арналған  шығармалардың  идеясын,  композициялық  құрылымын  талдай 

білу; 


-

 

балаларға арналған шығармалардың көркемдік ерекшеліктерін, кейіпкерлер әлемін 



саралай білу. 

 

ТК 2.5  



Пәннің шифры: KTRP 3228 

Пән : Қазақ тарихи романының поэтикасы 

Пререквизиттері: Әдебиеттануға кіріспе, Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті 

Постреквизиттері: Әдебиет теориясы, Қазіргі қазақ әдебиеті 

Мақсаты:  университеттер  мен  педагогикалық  жоғары  оқу  орындарында  әдетте  ІY 

курстарда,  сырттай  оқытатын  блімдерде  бесінші  курстарда  оқытылады.  Мұның 



әдістемелік  жағынан  пайдасы  зор.  Теориялық  білімдері  толысқан,  мәтін  мен  жұмыс 

істеуге дағдыланған студенттерді қазақ тарихи романдарының  поэтикасын сезініп-білуге, 

талдауға  қиналмай  еркін  бойлаттыру.  Қазақ  тарихи  романының  поэтикасына  қанықтыру 

арқылы  студенттерді  ұлттық  әдебиеттің  жеткен  жетістіктерімен  әлем  тарихи 

романдарынан жетістіктерін үйлестіре талдай отырып, көркемдік шеберліктің мүмкіндігін 

ұғындыру қажет. 



Пәнге    қысқаша  сипаттама:  Тарихи  роман  тууына  негіз  болатын  алғышарттар. 

Тарихшылық  мәселесі.  Ежелгі  дәуір  әдебиетіне  енетін  Ә.Әлімжановтың  «Ұстаздың 

оралуы», 

Д.Досжановтың 

«Жібек 

жолы», 


Х.Әдібаевтың 

«Отырар 


ойраны» 

романдарындағы  жанрлық  ерекшеліктер.  Кейіпкерлерінің  уақыт  дистанциясына  жауап 

беруі.  Тарихи  принциптерді    қатаң  сақтауы.  Жанрлық  ізденістер.  Көркем  образдар 

жүйесін  қалыптастырудағы  табыстары.  Отаршылдық  езгіге  қарсы  ұлт-азаттық 

қозғалыстарының  тарихи  романдарда  бейнеленуі.  Қазақ  тарихи  романдарында  образы 

жасалатын  тұлғалардың  образын  талдау  студенттерге  сапалы  теориялық  білім  беретіні, 

эстетикалық талғамдарын қалыптастыратыны. 

Күтілетін нәтижелер: 

-

 



әр кейіпкерге мінездеме беру; 

-

 



типтік образдардың сипатын танытатын кілтін таптыру; 

-

 



тақырып, мазмұн, идея деген ұғымдарды саралаттыру; 

-

 



тарихи романдардағы кейіпкерлердің қажырлы істері, батырлық, ерлік дәстүрлері 

арқылы студенттерді отан сүйгіштікке, патротизмге баулу. 



Құзыреті: 

арнайы:  жас  ұрпаққа  дүниетаным,  тіршіліктің  ғылыми  философиялық  діни  негіздері 

туралы  білім  беру;  ұлттық  әдебиеттің  жалпы  даму  жолы,  белесті  кезеңдері,  көркемдік 

мәселелері жнінде өзіндік пікір білдіру. 

пәндік: 

-

 



тарихи романдардың көркемдік ерекшеліктерін айқындай білу; 

-

 



шығарманың көркемдік компоненттерін ажырату; 

-

 



тарихи романдардағы халықтық, ұлттық сипаттарды тану; 

 

ТК 2.5 

Пәннің шифры: Muk 3333 

Пәннің атауы: Мұқағалитану 

Пререквизиттері : Әдебиеттануға кіріспе 

Постреквизиттері: Қазіргі қазақ әдебиеті   

Мақсаты: Қазақ жырының құдіреті атанған ақын шығармашылығын жан-жақты зерделей 

зерттеу  мүмкіндіктері  туды.  Әдебиетші  маман  ретінде  ақынның  азаматтық  бейнесін 

туындылары арқылы таныту.  

Пәнге  берілген  қысқаша  сипаттама:  Мұқағали  Мақатаев-қазақ  поэзиясында  ең 

оқырманы  көп,  қалың  халық  басты  жанашыры  болған  ақын.  Қазақ  жырының  құдіреті 

атанған ақын шығармашылығын жан-жақты зерделей зерттеу мүмкіндіктері туды.  

Күтілетін нәтиже: 

-

 

студенттерді талдай білуге үйрету; 



-

 

 лириканы оқыту жолдары мен әдіс-тәсілдерін меңгерту

-

 

ақын шығармаларының өзіндік ерекшеліктерін игерту. 



-

 

оқыту әдіс-тәсілдерін үйрету. 



-    Мұқағали шығармалары арқылы ақын-лирикті, ақынның өзін таныту; 

Құзыреті:  

арнайы:  педагогикалық  міндеттерді  шешуде  түрлі  пәндер  салаларындағы  білімдерді 

біріктіру біліктері мен дағдыларын меңгеру, әлеуметтік серіктестікке және педагогикалық 

ынтымақтастыққа қабілетті болу. 


пәндік:  М.Мақатаев  шығармашылығын  меңгеру;  шығармаларының  идеясын,  көркемдік 

ерекшелігін  талдай  білу;  әдебиетші  маман  ретінде  ақынның  азаматтық  бейнесін 

туындылары арқылы танып білуі, көркемдік көкжиегін анықтау. 

                                               



ТК 3.1  

Пәннің шифры:  BMMPShD 3330

 

Пән  атауы:  Болашақ  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  мұғалімінің  педагогикалық  шеберлігін 

дамыту 

 

 

 

   

Пререквизиттері: Педагогика, Этнопедагогика 

Постреквизиттері:  Қазақ тілін оқыту әдістемесі, Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі, Қазақ 

әдебиетін оқытудың дәстүрлі емес әдістері,  



Мақсаты:    Мұғалімдердің  педагогикалық  және  кәсіби  шеберлігін,  құзырлылығын  

және  сабақ    беру  әдістемесін  үздіксіз  жетілдіру  арқылы  оқушылардың  сапалы  білім 

алуына,  шығармашылық  деңгейінің  жоғары  сатыға  жетуіне  ықпал  етудің  жолдарын 

үйрету.  Болашақ  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  мұғалімінің  өз  ісін  жоғары  деңгейге  жеткізуге, 

кәсіби  сауаттылықтарын  жетілдіруге,  оқыту  процесіне  жаңа  технологияларды  ендіру 

арқылы  оқыту  сапасын  арттыруға    ұйытқы  болуға,  парасатты  жеке  тұлғаны 

қалыптастыруға,    оқу-тәрбие  жұмысын  қазіргі  заман  талабына  және  мемелекеттік  білім 

беру стандартына сай жүргізуге баулу. 



Пәннің  қысқаша  сипаттамасы:  Жеке  тұлғаны  қалыптастыру  мен  дамыту  бағытында 

жасалған  педагогикалық  ғылым  мен  іс-тәжірибедегі  жетістіктерді  оқып  үйрету;  Қазақ 

тілінен  оқушылардың  білімі  мен  біліктілікті,  дағдыны  сапалы  игеруді  қамтамасыз  ету 

жолында оқу-дамыту ортасын құруды меңгерту; Қазіргі заман талабына сай оқушылардың 

білімін  жан-жақты  тереңдету  арқылы  оқушылардың  ізденімпаздық  қабілеттерін 

дамытудың жолдарын көрсету; Оқушылардың ғылыми - танымдық қабілетін арттырудың 

әдістемесін меңгерту; . 

Дарынды оқушылармен жұмысты жандандырудың жолдарын ұсыну.  



Күтілетін  нәтижелер:  Мұғалімдердің      ақпараттық  -  коммуникациялық  технология 

негізінде    жұмыс    жүргізе  алуы;  Мұғалімдерге  жаңа  педагогикалық  технологиялар  мен 

инновацияларды  өз  тәжірибесіне  енгізуі;  Озық  педагогикалық  тәжірибелерді  зерттеуі, 

үйренуі, ендіруі; Әдістемелік шеберлігін, кәсіби деңгейін арттыру арқылы сапалы білімге 

қол  жеткізуі;  Ерекше  қабілетті  оқушыларды  анықтап,  қабілетіне  қарай  ығармашылыққа 

баули алуы; Үлгерімі төмен оқушылармен үздіксіз жұмыс жүргізе алуы. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет