5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша Элективті пәндер каталогы



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата06.03.2017
өлшемі0,63 Mb.
#8399
  1   2   3   4   5

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті 

Гуманитарлық  факультет  

 

 

 

БЕКІТЕМІН 

Бірінші проректор – оқу-әдістемелік  

жұмыстар  жөніндегі  проректор,  

ОӘК төрайымы 

 ___________   Л.Қ.Еркінбаева  

«_____»_________________2016 ж. 

Хаттама № ____________________ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5В011700 -  «Қазақ тілі мен әдебиеті»  мамандығы бойынша 

Элективті пәндер каталогы 

 

Қабылдау жылы: 2016 ж. 



 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Талдықорған, 2016 

ЭК 

 

 

Пәннің шифры: TBK 1201 

Пән атауы: Тіл біліміне кіріспе 

Пререквизиттері:   

Постреквизиттері:  Қазіргі  қазақ  тілінің  лексикологиясы,  Қазіргі  қазақ  тілі  фонетикасы, 

Қазіргі қазақ тілі морфологиясы, Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі, 



Мақсаты:  Тіл  біліміне  кіріспе    курсы  қазақ  филологиясының  студенттері  үшін    ана 

тілінің  (қазақ  тілінің)  құрылымын,  фактілерін  ғылыми  терең  түсіуге,  ана  тілінің  туыс 

тілдермен генетикалық жақындығын білуіне, ал басқа туыс емес тілдермен типологиялық 

ұқсастықтарын салыстыруға мүмкіндік береді.  



Пәннің  қысқаша  сипаттамасы:  Лекцияда    қазақ  тілін  оқытудың  теориялық  мәселелері 

қарастырылып,  практикалық  сабақтарда  қазақ  тілін  оқытудың  нақты  әдістемелері 

талданады,  оқу-  әдістемелік  әдебиеттер  талданады,  қазақ  тілі  сабақтарының  болмысы 

танылады. 



Күтілетін нәтижелер: 

-  қазақ  тілінің  жалпы  тілдер  жүйесіндегі,  түркі  тілдер  жүйесіндегі  өзіндік  орны  мен 

ерекшеліктерімен байланыстыра білу іскерлігі; 

-  Оқу  құралдарымен,  анықтама  және  ғылыми  әдебиеттермен  жұмыс  жасай  білу  дағдысы 

қалыптасады.  



Құзыреті:  

арнайы:  әлеуметтік  серіктестікке  және  педагогикалық  ынтымақтастыққа  қабілетті  болу; 

педагог мамандығының әлеуметтік маңыздылығын ұғыну. 



пәндік:  қазақ  тілін  оқытудың  теориялық  мәселелерін  меңгере  келе,  практикалық  қазақ 

тілін  оқытудың  нақты  әдістемелерін,  оқу-  әдістемелік  әдебиеттер  талдау,  қазақ  тілі 

сабақтарының болмысын тану. 

 

ЭК  

Пәннің шифры: АК 1202 

Пән атауы: Әдебиеттануға кіріспе 

Пререквизиттері:  

Постреквизиттері:  Қазақ  ауыз  әдебиеті,  Қазақ  әдебиетінің  ежелгі  және  хандық  дәуірі, 

ХІХ  ғасырдағы  қазақ  әдебиеті,  ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  әдебиеті,  Кеңес  дәуіріндегі 

қазақ әдебиеті, Әдебиет теориясы 

Мақсаты: Курстың мақсаты - әдебиет теориясының сұрақтарына және әдебиет ғылымына 

қызығушылық  тудыру.  «Әдебиеттануға  кіріспе»  пәні  –  студенттерге  көркем  әдебиеттің 

сыры  мен  сипатын,  мәні  мен  маңызын  танытатын,  әдебиеттің  тарихын  зерттеуге,  сынып 

дамытуға бірден-бір қажет әдебиетінің теориялық мәселелерін толғайтын пән.  



Пәннің қысқаша сипаттамасы:  «Әдебиеттануға кіріспе» пәні сөз өөнерін, тарихи-әдеби 

процесті,  әдебиет  дамуының  заңдылықтарын,  көркем  шығармаларды,  жазушылардың 

шығармашылық ғұмырнамасын оқытады. 

Күтілетін нәтижелер: 

 

-  Әдебиеттің  мазмұны  мен  пішіні,  диалектикалық  бірлігі,  тақырып  пен  идея, 



тақырып таңдау мәселесін жазушының дүниетанымы мен тақырып өзектілігі мәселелерін 

аша білуі; 

 

- әдеби образ және оның жасалу жолдарын, мифтік, романтикалық, реалистік образ 



өзгешіліктерін ажырата білуі; 

 

-  көркем  образ,  әдеби  характер,  әдеби  тип,  реализм,  романтизм,  жазушы  стилі 



сияқты әдеби ұғымдардың негізгі белгілерін білуі

 

- типтендіру проблемасын, композиция мен сюжет туралы, композицияның көркем 



шығармадағы идеяларды жүйелеу, образдарды тұтастыру, мазмұнды қиыстырудағы рөлін, 

сюжеттің даму заңдылықтарын, суреттеу, баяндау, мінездеу, лирикалық шегіністер сырын 

ашуы;  


 

-  поэтикалық  тіл  ерекшелігін,  көркемдік  компонеттерін,  өөлең  сөздің  теориясын, 

көркем    шығарманы  бағалау,  эстетикалық  қағидалар,  суреткерлік  шеберлік  сырын 

түсіндіріп, студенттердің көркем шығарманы талдауға дағдылануы  



Құзыреті:  

арнайы:  шығармашылық  қызметтің  теориялық  негіздері,  шығармашылық  психологиясы 

саласындағы  білімдерді  меңгеру,  сыни  тұрғыда  ойлауға,  жаңа  педагогикалық  идеяларды 

геөнерациялауға қабілетті болу. 

пәндік:  Әдебиеттің  мазмұны  мен  пішіні,  диалектикалық  бірлігі,  тақырып  пен  идея, 

тақырып таңдау мәселесін жазушының дүниетанымы мен тақырып өзектілігі мәселелерін 

аша білуі. 

 

ЭК  

Пәннің шифры: КAA 2210 

Пән атауы: Қазақ ауыз әдебиеті 

Пререквизиттері: Әдебиеттануға кіріспе, Ілистану 

Постреквизиттері:  Қазақ  әдебиетінің  ежелгі  және  хандық  дәуірі,  ХІХ  ғасырдағы  қазақ 

әдебиеті, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті, Кеңес дәуіріндегі  қазақ әдебиеті, Әдебиет 

теориясы 

Мақсаты: Фольклордың тарихын, терең тамырлы табиғатын, синкреттік сипатын таныту, 

оны өзге ғылым салаларымен байланысты (тіл, этнография, тарих, археология, философия 

т.6.)  оқытуды  кажет  етеді.  Дәрістік  білімді  семинар  сабақтармен  сабақтастыру,  арнайы 

тақырыптарға  жазба  жұмыстарын  орындату,  студентердің  ойлау,  сөйлеу  және  жазу 

мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. 

Пәннің  қысқаша  сипаттамсы:  Казак    халқының  ауыз  әдебиеті  курсын  жоғары  оқу 

орындарында  оқыту  ісі  болашақ  мамандарды  туған  халқының  ғасырлар  бойы  жасаған 

дәстүрлі  мәдениеті  үлгілерімен,  халық  өөнерінің  түрлерімен  жан-жақты  таныстыруды 

камтамасыз ететін білімдік үрдіс. 



Күтілетін нәтижелер: 

-  Фольклорлық  туындылардағы  кейіпкердің  рөлі  мен  орнын,  сондай-ақ  кейіпкер 

харектерінің  қоршаған  орта  мен  жағдайларға  байланысты  қалыптасуын  ашып  көрсете 

білуі; 


- Жанрды, шығармаларды, кейіпкерлерді, сондай – ақ оларда көтерген келелі мәселелерді, 

көркемдік ерекшеліктерін салыстыра отырып қарастыра білуі; 



Құзыреті:  

арнайы:    Кәсіби  қызметте  қажетті  іргелі  білім,  білік  және  дағды  қалыптастыру,  көркем 

әдебиеттің  танымдық-тәрбиелік,  көркемдік-эстетикалық,  ұлттық  сипаттарын  айқындай 

алу, талдау. 

пәндік:  Фольклордың  тарихын,  терең  тамырлы  табиғатын,  синкреттік  сипатын  таныту, 

оны өзге ғылым салаларын (тіл, этнография, тарих, археология, философия т.6.) меңгеру, 

мамандыққа қатысты қолдана білу 

 

           

ЭК  

Пәннің шифры: EKHDA 2211 

Пән атауы:   Ежелгі және қазақ хандығы дәуірі әдебиеті  

Пререквизиттерi: Әдебиеттануға кіріспе, Қазақ ауыз әдебиеті 

 

Постреквизиттерi: Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті, Әдебиет теориясы 



Пәннің  қысқаша  сипаттамасы:    Білге  Қаған,  Қорқыт,  Әл-Фараби,    Махмұд  Қашқари, 

Жүсіп Баласағұн, Ахмед Иүгінеки, Ахмет Яссауи, Сүлеймен Бақырғани, Хорезми,  Құтб, 

Сайф Сарай, Дүрбек,  Әбілғазы, Қадырғали Жалайри,  Хайдар Дулати, Бабыр  

Мақсаты: Ежелгі түркі тілді әдебиет – бертін келе қазақ халқының этникалық құрамына 

енген тайпалардың көне дәуірдегі әдебиеті, олардың ру ұлыстармен бірге  жасаған көркем 



сөз  өнерін  таныту.  Ежелгі  дәуірдегі  ХҮ  –  ХҮIII  ғасырларда  өмiр  сүрген  жыраулар  - 

Сыпыра,  Асан  қайғы,  Қазтуған,  Доспамбет,  Шалкиiз,  Жиембет,  Марғасқа,  Ақтамбердi, 

Тәтiқара,  Үмбетей,  Бұхар,  Ктеш,  Шал  және  т.б  сөз  зергерлерiнiң  өөмірі  мен 

шығармашылығы  қарастырылады.  Жыраулар  мен  ақындар  поэзиясының  өзiндiк  даму 

ерекшелiктерiн,  басылу  жайы  мен  зерттелуiн,  оның  кейiнгi  кезеңдегi  әдебиетке  әсерiн 

жеткiзу.  Көркем  шығарманың  идеялық-тақырыптық  негізін,  тілдік-көркемдік  табиғатын, 

қазақ  әдебиетінің  өзіне  тән  сипаттарын,  ұлттық  әдеби  процестің,  әдебиет  терминдерінің 

ерекшеліктерін  жете  түсіндіріп,  көркем  шығарма  негізінде  талдау  студенттерге  сапалы 

теориялық білім беру, эстетикалық талғамын қалыптастыру.  

Сөз  зергерлерiнiң  өмірі  мен  шығармашылығы  қарастырылады.  Көркем 

шығарманың идеялық-тақырыптық негізін, тілдік-көркемдік табиғатын, қазақ әдебиетінің 

өзіне  тән  сипаттарын,  ұлттық  әдеби  процестің,  әдебиет  терминдерінің  ерекшеліктерін 

жете  түсіндіріп,  көркем  шығарма  негізінде  талдау  студенттерге  сапалы  теориялық  білім 

беру,  эстетикалық  талғамын  қалыптастыру.  Қазақ  хандығының  құрылуы  қарсаңындағы 

қоғамдық,  әлеуметтiк,  саяси  жағдай,    Жошы  ұлысының  бiрнеше хандыққа  бөлiнiп кетуi. 

Алтын  Орда  мен  Ақ  Орда  болып  құрылуы,  одан  кейiнгi  қазақ  хандығының  құрылуына 

негiз  болған  алғышарттар.  Қазақтың  алғашқы  хандары  -  Әбiлхайыр,  Керей  мен  әз 

Жәнiбек, одан кейiнгi Қасым хан, Тәуекел хан, Жәңгiр хан, Тәуке хан, сол кезеңдегi ақын 

– жыраулардың шығармашылығы, өмірі, қоғамы, заманы. Жыраулар шығармашылығында 

ерлік  мәселелеріне  елдік  мәселелерінің  қоса  жырлануы.  Ақтамберді,  Үмбетей,  Тәтіқара 

жыраулардың  толғауларындағы  сыртқы  жауларға  қарсы  күрес,  ерлік  сарыны.  Бұхар 

шығармашылығында  қазақ  халқының  өміріндегі  мәселелердің  көрініс  табуы.  ХҮ-ХҮІІІ 

ғасыр  поэзиясында  жыраулық  дәстүрдің  одан  әрі  дамуы  және  ақындық  поэзияның 

алғашқы  өкілдерінің  шығуы.  Жыраулар  поэзиясының  тақырыптық,  көркемдік,  жанрлық 

жағынан  толығуы,  адам  образының  жасалуы,  тарихи  тұлғалар  бейнесінің  жырлануы. 

Жыраулар поэзиясындағы Бөгембай, Абылай хан бейнесі. Дін, этика, мораль мәселелері, 

байлық  пен  кедейлік,  о  дүние  мен  бұ  дүние  жайы  сөз  етілетін  философиялық- 

дидактикалық үлгідегі туындылар, өлең-жырлардың күнделікті өмірге, тұрмысқа қатысты 

тақырыптармен толығуы. 

Күтілетін нәтиже:   

-  бүкіл  түркі  тілді  халықтарға  ортақ  әдебиеттің  /ҮІ-ХҮ-ғасырлар  және  ХҮ  –  ХҮІІІ  ғғ 

жыраулар поэзиясының  негізгі   ағымын крсету; 

тарихын меңгерту; 



шығармалардың ішкі мазмұнын игерту; 

кейіпкерлердің алар орнын айқындау; 



- студенттерге қазақ хандығы тұсындағы жыраулардың шығармаларын меңгертумен бiрге 

оны жаттау, мән-мағынасын түсiну, талдата бiлу;  

-  идеялық – көркемдiк ерекшеліктерін айқындау бiлу; 

-  әр шығармаға мiнездеме беру

- практикалық  сабақта өз беттерінше жұмыс жасап, көркем шығарманың тақырып аясын 

аша бiлу. 



Құзыреті:  

арнайы:  құрылымдау  және  жүйелеу  біліктері  мен  дағдыларын  меңгеру,  педагогикалық 

болмысты тұтас қабылдауға және жүйелі ойлауға қабілетті болу; ұлттық әдебиеттің жалпы 

даму жолы, белесті кезеңдері, көркемдік-эстетикалық мәселелерін игеру;  

пәндік

-  ежелгі дәуірдегі шығармалармен танысып, сюжеті мен композициясын талдау; 

-  идеялық-көркемдігін айқындай білу; 

-  әр шығарма кейіпкеріне мінездеме беру; 



-  ХҮ  –  ХҮIII  ғасырларда  өмiр  сүрген  жыраулар  -  Сыпыра,  Асан  қайғы,  Қазтуған, 

Доспамбет, Шалкиiз, Жиембет, Марғасқа, Ақтамбердi, Тәтiқара, Үмбетей, Бұхар, Көтеш, 

Шал және т.б сөз зергерлерiнiң өмірі мен шығармашылығын меңгеріп, талдай білу. 


      

                                         



ЭК  

Пәннің шифры: KKTF 2212 

Пән атауы:  Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы 

Пререквизиттері:    Тіл  біліміне  кіріспе,  Нормативті  қазақ  тілі,  Тілдік  қатынас  негіздері, 

Ономастика және елтану 



Постреквизиттері: Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы, Қазіргі қазақ тілі морфологиясы 

Мақсаты:    фонетиканың  тіл  білімінің  бір  саласы  екендігі,  оның  салалары  мен  зерттеу 

әдістері туралы түсінік беру; тіл дыбыстарының дауыс қатысына қарай жіктелуі: дауысты 

және    дауыссыз  дыбыстар  туралы  түсінік  беру;  дыбыстардың  классификациясы  мен 

емлесін  меңгерту;  орфография  және  орфоэпия  туралы  түсінік  беру;  сөзге  толық 

фонетикалық талдау жасауға үйрету. 

Пәннің  қысқаша  сипаттамасы:  Қазіргі  қазақ  тілінің  фонетика  саласы  –  тіл 

дыбыстарының жүйесін, жасалу ерекшеліктерін,  әртүрлі сипаты мен бір-бірімен тіркесу 

заңдылықтарын  зерттейтін  тіл  білімінің  бір  саласы.  Табиғи  дыбыстардың  тіл 

дыбыстарымен  арақатынасы,  тіл  дыбыстарының  жасалуы,  олардың  сапасы,  тілдің  ең 

кіші  блшегі  ретіндегі  дыбыстардың  қызметі,  казақ  тілінің  дыбыстар  жүйесі, 

дыбыстардың  бір-біріне  әсері,  орфография  мен  орфоэпия,  казақ  графикасының  дамуы 

мен  қазіргі  жай-күйі  туралы  нақты  ғылыми  түсінікті  фонетика  пәні  береді.  Сонымен 

қатар, қазіргі қазақ фонетикасының зерттелу жайы да сөз болады.   



Күтілетін нәтижелер: 

-

 



 фонетиканың салалары мен зерттеу әдістерін;  

-

 



қазақ тілінің дыбыстық жүйесін, оның құрамын, жіктелуін; 

- буын мен екпін түрлерін; 

-  үндестік  заңы:  буын  үндестігі  мен  дыбыс  үндестігі  арқылы  қазақ  тілінің  өзіне  тән 

ерекшеліктерін; 

- орфографиялық және орфоэпиялық нормаларды; 

- фонетикалық құбылыстарды; 



Құзыреті:  

арнайы:   

-  ойлау  мәдениеті  жоғары,  дүниетанымы  кең,  білімді  тұлғаны  қалыптастыру;  кәсіби 

қызметке қажетті жаңа білім алу дағдысын игеру;  

-  өз  бетінше  интернет  ресурстарынан  фонетикаға  қатысты  ақпаратты  іздей  білу,  талдау, 

сараптау.  

пәндік:  фонетиканың  салалары  мен  зерттеу  әдістерін;  қазақ  тілінің  дыбыстық  жүйесін, 

оның  құрамын,  жіктелуін  тәжірибеде  пайдалана  білу,  фонетикалық  және  фонологиялық 

талдау жасауды меңгеру. 

                                  



ЭК  

Пәннің шифры: KKTL 2213 

Пән атауы:  Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы  

Пререквизитттері:  Тіл  біліміне  кіріспе,  Қазіргі  қазақ  тілінің  фонетикасы,  Нормативті 

қазақ тілі, Тілдік қатынас негіздері, Ономастика және елтану 



Постреквизиттері:  Қазіргі қазақ тілі морфологиясы, Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі 

Мақсаты:  Қазіргі  қазақ  тілі  лексикологиясы  мен  фразеологиясы  курсының  ең  негізгі 

мақсаты  –  қазақ  тіл  білімінің  лексикология  және  фразеология  саласы  бойынша 

тыңдаушыларға  жүйелі  білім  беру,  алған  білімдерін  практикалық  және  лабораториялық 

дәрежеде  пысықтап,  толықтыру.  Білімгерлерге  қазіргі  қазақ  тілі  лексикологиясы  мен 

фразеологиясы туралы ғылыми-теориялық білім бере отырып, оның болашақта зерттелуге 

тиісті  проблемаларына  байланысты  білімгерлердіғылыми  ізденіске  баулып,  олардың 

шығармашылық ой-пікірін жетілдіріп отыру. 


Пәннің қысқаша  сипаттамасы: Қазаіргі қазақ тілі лексикологиясы курсы - жоғарғы оқу 

орындарының  қазақ  тілі  мен  әдебиетінен  маман  даярлайтын  факультеттерінде  оқылатын 

ғылыми-теориялық пән. Пән қазақ тілінің шығу тегі, атқаратын қызметі, зерттелу дәрежесі 

жайында  жалпы  мағлұмат  беретін  кіріспе  блімнен  басқа  сөз,  сөз  мағынасы  мен  қазақ 

тілінің  сөздік  құрамы,  фразеологиясы  туралы  толық  ғылыми-теориялық  блімнен  және 

лексикологияның лексикография, этимологиямен байланысына қатысты зекті мәселелерді 

қамтитын қорытынды блімнен тұрады. 

Күтілетін нәтиже: 

-  Қазіргі  қазақ  тілі  .лексикологиясының  объектісі  мен  міндетін,  жіктелетін  салаларын 

ажыратады; 

- Қазақ тілі лексикологиясының семантикалық сипатын, сөз бен мағына, оның түрлері мен 

типтерін, олардың пайда болу жолдарын меңгереді; 

-  Сөздік  құрамының  және  қордың  айырмасы,  олардың  толығу,  даму  жолдары,  сөздік 

құрамының  қолданылу  сипатына  қарап  түрлері  және  олардың  ерекшеліктері,  актив, 

пассив сөздік құрам қатыстарының шарттары мен белгілерін ажыратады; 

- Мәтінге лексикалық талдау жасауға үйренеді; 

- Қазақ фразеологиясының зерттелуін, даму, қалыптасуы жайлы мәлімет бере алады. 



Құзыреті:  

арнайы:  этикалық құндылықтар жолын ұстану, ізгілікке бейім болу; жалпы тіл біліміндегі 

осы  заманғы  ғылыми  концепцияларды  меңгеру,  оларды  жұмыс  барысында  оңтайлы 

пайдалана білу. 

пәндік:  қазақ  тілінің  шығу  тегі,  атқаратын  қызметі,  зерттелу  дәрежесі  жайында  жалпы 

мағлұмат  беретін  кіріспе  бөлімнен  басқа  сөз,  сөз  мағынасы  мен  қазақ  тілінің  сөздік 

құрамы, фразеологиясы туралы толық ғылыми-теориялық блімнен және лексикологияның 

лексикография, этимологиясын меңгеру. 



 

ЭК  

Пәннің шифры: KKTM 2214 

Пән атауы: Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы 

Пререквизиттері: Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы 

Постреквизиттері: Қазақ тілінің стилистикасы, Жалпы тіл білімі 

Мақсаты:  Курстың  басты  мақсаты  болашақ  мамандарды  қазақ  тіліндегі    сөздердің 

тұлғалық өзгеруі, сөз және  оның формалары, оны қарастырудың жолдары мен тәсілдері, 

амалдары  туралы  және    сөз  атаулының  әлденеше  рет  өзгеріске    ұшыраған  түрлері  мен 

олардың  топтарға блінуі, әр топқа енген сөздердің  өзіне тән  грамматикалық  сыр-сипаты  

жөнінде  терең теориялық  білім беру мақсатын  кздейді  

Пәннің  қысқаша  сипаттамасы:  «Қазіргі  қазақ  тілінің  морфологиясы»    пәні  қазақ  тілінің 

морфологиялық  құрылысының  теориялық  негіздерімен,  грамматикалық  мағыналар  мен 

олардың берілуі және жарыққа  шығу жолдары, амал-тәсілдерімен таныстыру және қазақ 

тіліндегі  сөздердің  лексика-грамматикалық  топтарын,  тілдегі  грамматикалық  мағыналар 

мен    формалар  туралы  ғылыми-  теориялық  білімді  жүйелі    жүргізу    жайында    мәлімет 

береді. 


Күтілетін нәтижелер:  

-  сөздердің  морфологиялық  құрылымын,  негізгі  грамматикалық  ұғымдар  мен 

категорияларды; 

- сөз құрамы және морфемалардың жасалу жолын; 

- сөз формалары, олардың жасалу жолын; 

-  сөз  таптары,  олардың  жіктелуі;  зат  есім,  оның  лексико-грамматикалық,  синтаксистік 

сипаты;  сын  есім,  оның  синтаксистік  қызметі;  сан  есім,  оның  лексико-семантикалық, 

морфологиялық сипаты; есімдіктердің жасалу жолы, түрлері; 

- етістіктің лексика-семантикалық, морфологиялық сипаты; 

- үстеудің морфологиялық белгілері, түрлері; 



- еліктеу сөздердің семантикалық, фонетика-морфологиялық, синтаксистік сипаты; 

- одағай, оның түрлері, қызметі; 

- шылау, олардың түрлері, жасалу жолдарын мақсатты түрде қолдана білуге үйренеді. 

Құзыреті:  

арнайы:  педагогтың  кәсіби  парызын  ұғыну,  педагогикалық  қызмет  нәтижесіне 

жауапкершілікпен қарау. 



пәндік:  қазақ  тіліндегі    сөздердің  тұлғалық  згеруі,  сөз  және    оның  формалары,  оны 

қарастырудың  жолдары  мен  тәсілдері,  амалдары  туралы  және    сөз  атаулының  әлденеше 

рет згеріске  ұшыраған түрлері мен олардың  топтарға блінуін меңгеру.  

 

ЭК  

Пәннің шифры: KKTS 2215 

Пән атауы:  Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі 

Пререквизитттері: Тіл біліміне кіріспе, Қазіргі қазақ тілі морфологиясы  

Постреквизиттері: Қазақ тілінің стилистикасы, Жалпы тіл білімі 

Мақсаты:  Синтаксистік  тұлғалар,  олардың  түрлері  коммуникативтік  грамматикалық 

дербес  синтакасистік  формалар,  синтаксистік  жүйе  салаласа,  сабақтаса  байланысқан  сөз 

тіркестері мен оларды құруға қатысатын амалдар туралы түсінік  беріп, жай сөйлемдердің 

грамматикалық сипатын, семантикалық -грамматикалық формаларын таныту. 

Синтаксис-морфология  сияқты  грамматиқаның  бір  саласы.  Синтаксис-  сөйлем 

құрудың  жүйесі,  сондықтан  құрмалас  сөйлемнің  өзіндік  белгілері,  басқа  тілдік  

конструкциялардан айырмасы, жасалу жолдары мен түрлері туралы және  оның қалптасу, 

даму  жолдары  жайлы  теориялық  білім  беруді,  практикалық    блімі  студенттердің  

меңгерген блімдерін  бекітуді, білім дәрежесін толықтыра  түсуді мақсат  етеді.  

Пәннің қысқаша  сипаттамасы:  «Қазіргі қазақ тілі» курсының синтаксис саласы  – тіл, 

әдебиет, мамандрын дайындау  үшін  оқылатын лингвистикалық пәндердің негізгісі. Курс 

бүгінгі  күні жалпы халық қолданып жүрген қазақ әдеби тілінің фонетикалық, лексикалық, 

грамматикалық жүйесін ғылыми-теориялық  негізден  танытады. 

«Қазіргі қазақ тілі синтаксисі» пәні қазақ тіліндегі сөйлем құрау  материалдары сөз 

тіркесі,  сөздердің  тіркесу  формалары,  есімді  және  етістікті  тіркестер  ,  олардың 

ерекшеліктері, мағыналық қатынастарын, сөйлем мүшелері,  сөйлемді   тану принциптері, 

сөйлемнің,    сөйлем  мүшелерінің  қатынасына  қарай  түрлері,  сөйлемнің  оқшау  сөздер 

арқылы күрделенуі, олардың тыныс  белгісі жайлы теориялық  материалдарды қамтиды. 

 

Курс    теориялық  біліммен  қатар  практикалық  дағдылар    беруді  міндет  етеді. 



Сондықтан лекциялар мен семинар сабақтар қатар жүреді: тіл фактілерін нақты танытып, 

олардың сөйлеу  мәдениетін  жазу сауатын жетілдіреді. 



Күтілетін нәтиже: 

-Сөз тіркестерін жасау тәсілдерін, тіркесу формаларын меңгереді. 

-Жай сөйлем түрлерін , жасалу жолдарын  игереді. 

-Сөз тіркесі және жай сөйлем бойынша талдау жасауға дағдыланады. 

-Құрмалас сөйемнің жалпы сипаты, түрлері мен жасалу жолдарын және құрмалас сөйлем 

интонацмясы, стильдік қызметін анықтай алады; 

-Құрмалас  сөйлемнің  заңдылықтарын  сақтауға,  дұрыс  іс  жүзінде  қолдана  білуге 

дағдыланады; 

-Жай  сөйлем  мен  құрмалас  сөйлемдердің  ара  қатынасын,  айырым  белгілері  мен 

ұқсастықтарын танып, сараптайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет