Құзыреті:
арнайы: Теориялық білімдерін өмір көріністерімен ұштастыру, оқушылардың мамандыққа
байланысы қызығушылықтарын арттыру, пәнге байланысты тұрақты қызығушылықтары
мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.
пәндік: озық тәжірибені тарату және танымдық жұмыстарды ұйымдастыру; әдістемелік
және ақпараттық мәліметтер жинағын құру; педагогтардың оқу-әдістемелік, тәжірибелік
іс-әрекетін ұйымдастыру; оқушылардың ой-өрісін, шығармашылығын дамытуға,
дүниетанымын кеңейтуге арналған жұмыстарды ұйымдастыру; Мемлекеттік тілді
оқытудың тиімді әдістемесін жетілдіру жұмыстары.
ТК 3.2
Пәннің шифры: GT 3225
Пән атауы: Лексика-грамматикалық талдау әдістері/
Пререквизиттері: Қазіргі қазақ тілі морфологиясы, Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі
Постреквизиттері:
Қазақ
тілінің
стилистикасы,
Когнитивті
лингвистика,
Этнолингвистика
Мақсаты: Грамматиканың жалпы теориялық мәні бар мәселелерімен танысу.
Грамматиканың теориялық негіздеріне қатысты ғылыми еңбектермен, грамматикалық
ұғымдар: грамматикалық мағына, грамматикалық тәсіл, грамматикалық форма және
грамматикалық категория туралы мағлұмат алуға баулу. Сөз тіркесі мен сйлемге тән
басты белгілерді қамту.
Пәнге берілген қысқаша сипаттама: Грамматикалық талдау - өзіндік талдау
принциптері, әдіс-тәсілдері бар, талдаудың бірнеше аспектілері айқындалған оқу пәні.
Курста фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік кешенді талдау түрлері,
жүргізілу реті оқытылады.
Күтілетін нәтиже:
-
қойылған сұрақтарға логикалық ойлау арқылы дұрыс әрі дәл жауап бере білу;
-
тыңдаған не оқыған әдебиеттерді ғылыми-теориялық тұрғыдан талдай білу;
-
баспасөз материалдары және қосымша әдебиеттер негізінде хабарлама,баяндама,
реферат жаза алуы да көзделген.
Құзыреті:
арнайы: нақты әлеуметтік-педагогикалық жағдайды ескере отырып кәсіби қызметте
теориялық білімдерді қолдана алу біліктері мен дағдыларын меңгеру; ұлттық
құндылықтар жүйесінде орын алу, этикалық құндылықтар жолын ұстану, ізгілікке және
оптимизмге бейім болу;
пәндік:
-
грамматиканың теориялық негіздеріне қатысты ғылыми еңбектермен танысу;
-
грамматикалық ұғымдар: грамматикалық мағынаны, грамматикалық тәсілді,
грамматикалық форманы және грамматикалық категорияны меңгеру;
-
сөз тіркесі мен сөйлемге тән басты белгілерді игеру.
ТК 3.3
Пәннің шифры: BAG 1202
Пән атауы: А.Байтұрсынов және әдебиеттану ғылымы
Пререквизиттері:
Постреквизиттері: Қазақ ауыз әдебиеті , Қазақ әдебиетінің ежелгі және хандық дәуірі
Мақсаты: Ахмет Байтұрсынов қазақ әдебиеттану таңдау курсы – студенттерге көркем
әдебиеттің сыры мен сипатын, мәні мен маңызын танытатын, әдебиеттің тарихын
зерттеуге, сынып дамытуға бірден-бір қажет әдебиетінің теориялық мәселелерін
толғайтын пән. «Ахмет Байтұрсынов-қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салушы»
таңдау курсы студенттерге біріңғай жалаң теориялық қағидаларды ғана ұсынбай әлемдік
әдебиеттің классикалық үлгілермен ұлттық әдебиеттің әр жанрдағы танымал
туындыларын шебер талдау арқылы нақты әрі деректі ұғындыруды мақсат тұтады.
Пәнге қысқаша сипаттама: Қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салған-Алаштың
ардақты азаматы, ұлт ксемі, ғалым, тілші, әдебиетші, фольклортанушы, ақын, аудармашы,
көсемсөз шебері - Ахмет Байтұрсынов. Ахмет Байтұрсыновтың ғалым – теоретик, эстетик,
сыншы тұлғасын айқындап беретін күрделі зерттеу еңбегі – «Әдебиет танытқыш». Қазақ
әдебиеттану ғылымының ғылыми негізі, методологиялық арналары, басты-басты
терминдері, принциптері, категориялары түп-түгел осы еңбекте қарастырылады.
Күтілетін нәтиже: Ахмет Байтұрсынов және әдебиеттану ғылымы таңдау курсын оқып
үйренуде көркем әдебиет ең негізгі роль атқарады. Пәнді оқу барысында білімгер:
-
көркем образ түрлерін жасалу тәсілдерін, образдың көркемдік әдіс, әдеби тек тарапынан
жіктелуін;
-
шығарма құрылымының ерекшеліктерін, сюжет пен композиция арақатынасын, бірігіп әрі
өзіндік өзгешеліктерін;
Құзыреті: өлең сөздің теориялық негіздерін: ұйқас, шумақ, бармақ, бунақ сондай-ақ әлем
әдебиетіндегі өлең жүйелерін: шығарма туралы пікір жазу, өзіндік ой толғау, бағалай алу
тиіс.
ТК 3.3
Пәннің шифры: KAST 1202
Пән атауы: Қазақ әдеби сынының тарихы
Пререквизиттері:
Постреквизиттері: Қазақ ауыз әдебиеті , Қазақ әдебиетінің ежелгі және хандық дәуірі
Мақсаты: Қазақ әдебиетіндегі сыншылдық ойлардың негіздері.Халықтық эстетика.
Фольклор мен халық әдебиетіндегі көркем сөздің рлі. Шоқан Уәлихановтың, Ыбырай
Алтынсариннің көркемдік танымы. Абайдың эстетикалық көзқарасы. XIX ғасырдың аяғы
мен XX ғасырдың басында қазақ баспасөзінің тууы.Баспасөз беттеріндегі әдебиеттік
материалдар. XX ғасырда қазақ әдеби сынының дамуы. Коммунистік партияның әдебиет
саласындағы саясаты. Пролетариат басшылары ассоциацияларының құрылуы. Қазақ
әдебиетнің даму бағыты жайлы пікірталастар. Сәкен Сейфуллин, Мағжан Жұмабаев,
Мұхтар Әуезов шығармалары жайындағы сын пікірлер. Мәдени мұраға кзқарас. Әдебиет
сынының партиялық кзқарасқа негізделуі(Ғ. Тоғжанов). Әдебиеттік ой-пікірлердің
тууы(А.Байтұрсынов. "Әдебиет танытқыш").Әдеби сынның жалғасы.
Пәнге қысқаша сипаттама: Сын─әдебиеттану ғылымының бір саласы. Оның әдебиет
тарихымен, әдебиет теориясымен байланысы мен айырмашылықтары. Сынның
эстетикаға, журналистикаға жақындығы. Әдеби сынның қоғамдық ой-пікірде алатын
орны. Сыншылық өнер мен сыншының принциптілігі. Әдебиет классиктерінің сын туралы
пікірлері. Сын тарихы. Қазақстандағы әдеби сынның тарихына арналған еңбектер.
Күтілетін нәтижелер:
- жанрды оларда ктерілген келелі мәселерді, ерекшеліктерін салыстыра отырып
қарастыруы;
- сынның әдебиеттану ғылымының бір саласы, оның әдебиет тарихымен, әдебиет
теориясымен байланысы мен айырмашылықтарын түсіну.
Құзыреті:
арнайы: нақты әлеуметтік-педагогикалық жағдайды ескере отырып кәсіби қызметте
теориялық білімдерді қолдана алу біліктері мен дағдыларын меңгеру.
пәндік:
- тиісті деректерді келтіре отырып, пікір алмасуларда, диспуттарда өз көзқарасын,
пікірін дәлелдеуі, әдеби сын – зертеулерге тезис және конспект жасай білуі;
- белгілі бір мәселелерді нысана етіп, соны шешу, әрі жинақтап қорытындылауда
көркем шығармалардан, негізгі эпизодтардан ішінара іріктеп алып,/ ауызша және жазбаша
/ баяндауы/.
ТК 3.4
Пәннің шифры: EL 4337
Пән атауы: Этнолингвистика
Пререквизиттері: Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы, Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі
Постреквизиттері:
педагогикалық іс тәжірибе
Мақсаты:
тарихи жаңғырту, яғни халық стереотиптерін (таптаурындарын) анықтау, әлем
халықтарының фольклорлық бейнесін ашу,тіл арқылы этностың болмысын танып білу
Пәннің қысқаша сипаттамасы: Этнолингвистика — этнос болмысын оның тілі арқылы
танып-білу мақсатынан туындаған лингвистиканың (тіл білімінің) жаңа да дербес бір
саласы. «Тіл әлемінің» өзіндік табиғатын, даму заңдылықтарын толық та жан-жақты
зерттеу барысында іштей жіктеліп, дүниеге келген социолингвистика, психолингвистика,
статолингвистиика, паралингвистика іспеттес этнолингвистика да — «этностаным» мен
«тілтаным» ғылымдарының ортақ проблемасы шеңберінде тоғысу нәтижесінде пайда
болған жаңа сала. Ол — этностың дүнияуи табиғатын тереңнен танып-білу үшін басқа
емес, тек тіл феноменінің өзіне ғана тән ғажайып мүмкіншіліктері мен қазына байлығын
зерделеп зерттеуді мақсат ететін ғылым.
Күтілетін нәтижелер:
- Негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білу, ғылыми идеяларға
сын көзбен қарап дәлелдей алу және концепциялар мен теорияларды талдау;
- тілді талдаудың негізгі әдістерімен танысып, оларды практика жүзінде қолдануға
шыңдалу;
Құзыреті:
арнайы:
- этнолингвистика саласының өзекті мәелелерін біліп шығады; алған білімдерін
практикада қолдана біледі.
пәндік:
- тілдің әртүрлі субстантивтік және реляциялық мағына элементтерін ажырата білуі және
топтастыра білу дағдысын;
- этнолингвистиканың теориялық курсының алғы шарттарын білуі тиіс.
- тіл байлығын, ой-өрісін дамытуға арналған жаттығуларды орындай алуы тиіс.
ТК 3.4
Пәннің шифры: KL 4337
Пән атауы: Когнитивті лингвистика
Пререквизиттері: Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы, Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі
Постреквизиттері: педагогикалық іс тәжірибе
Мақсаты: адамның әлемді түсінуі, қабылдау үдерісі, білімді жинақтау қалай жүзеге
асатынын саралау. «Когнитивтік лингвистика» –жүйелі ғылыми-теориялық білім беруді
мақсат ете отырып, оның болашақта зерттелуге тиіс мәселелеріне байланысты
студенттерді ғылыми ізденіске баулып, олардың шығармашылық ой-пікірін жетілдіріп
отыруды өзінің міндеті деп санайды. Курстың теориялық бөлімінде когнитивтік
лингвистиканың ғылым ретінде танылуы, оның ғылымдар арасында алатын орны, басқа
ғылым салаларымен байланысы, оның зерттеу әдістері жайлы мәліметтер беру.
Пәннің қысқаша сипаттамасы: адам санасы мен оның технологиялық ойлауы. Бұл
пәнаралық ғылым адам санасының белгілі бір жақтарын, ең алдымен оның жүйелі түрде
ойлауымен және дүниені тану үдерістерімен байланысын зерттеуге арналған.
Күтілетін нәтижелер: Когнитивтік лингвистиканың саласының өзекті мәселелерін біліп
шығады; Курстың теориялық бөлімінде когнитивтік лингвистиканың ғылым ретінде
танылуы, оның ғылымдар арасында алатын орны, басқа ғылым салаларымен байланысы,
оның зерттеу әдістері жайлы алған білімдерін практикада қолдана біледі; Тәжірибелік
сабақтарда концептуалдық талдаудың негізгі әдістерін меңгереді; Концептілердің мәдени
парадигмаларын және олардың концептідегі менталдық өрістерін сипаттауды меңгереді
;
Құзыреті:
арнайы:
- когнитивтік тіл білімі аспектісі тұрғысында бұрын зерттелген еңбектер мен тақырыпқа
қатысы бар мәселелерге шолу жасап, оларды ой елегінен өткізу;
- когнитивті тіл білімі бағытының қызметін, яғни тілге дейінгі санада қалыптасқан дүние
туралы ақпараттардың жинақталуын талдау;
- когнитивтік лингвистиканың қазіргі қазақ тіл білімінде алатын орны, оның басқа
ғылым саласымен байланысын зерделеу;
- дүниенің санада бейнелену көрінісін анықтау;
- концептілік талдау жасау үлгілерін анықтау.
пәндік:
- когнитивтік лингвистикаға қатысты ұғымдарды, терминдерді меңгеру;
- көркем мәтінді концептуалды талдау, мәтіндегі тірек мағына, тірек сөздердің құрамын
анықтау, базалық концептіні табу, концептуалдық кеңістікті білдіретін сипаттарды
саралау;
- тіл мен ойдың, тіл мен сананың, тіл мен танымның тұтастығы арқылы тілдік қатынасты
жете меңгеру.
ТК 3.4
Пәннің шифры: OE 1204
Пән атауы: Ономастика және елтану
Пререквизиттері: Тіл біліміне кіріспе
Постреквизиттері: Қазіргі қазақ тілі фонетикасы, Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы
Мақсаты: Қазақ тіліндегі ойконим, гидроним, ороним, урбаноним, гороним, некроним
және т.б. сияқты жалқы есім түрлерін, олардың құрылым-құрылысын, семантикалық
сипатын, этимологиясын, сөзжасамдық ерекшеліктерін меңгерту. Білімгерлерге қазіргі
қазақ тілі ономасиологиясы туралы ғылыми-теориялық білім бере отырып, оның
болашақта зерттелуге тиісті проблемаларына байланысты білімгерлердіғылыми ізденіске
баулып, олардың шығармашылық ой-пікірін жетілдіріп отыру.
Пәннің қысқаша сипаттамасы: Пән қазақ тіліндегі жалқы есімдердің шығу тегі,
атқаратын қызметі, зерттелу дәрежесі жайында жалпы мағлұмат беретін кіріспе блімнен,
ономастикалық бірліктердегі ақпаратқа қатысты өзекті мәселелерді қамтитын қорытынды
блімнен тұрады.
Күтілетін нәтижелер:
- Ономасиологияның объектісі мен міндетін, жіктелетін салаларын ажыратады;
- Ономастикалық бірліктердің семантикалық сипатын, сөз бен мағына, оның түрлері мен
типтерін, олардың пайда болу жолдарын меңгереді;
- Мәтінге лексикалық талдау жасауға үйренеді;
Құзыреті:
арнайы: сыни тұрғыдан ұғынылған ақпараттар негізінде саналы шешім
қабылдауға;з бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, мақсатқа жету үшін танымдық
қызметті жоспарлауға және жүзеге асыруға;
пәндік: қазақ тіліндегі ойконим, гидроним, ороним, урбаноним, гороним, некроним
және т.б. сияқты жалқы есім түрлерін, олардың құрылым-құрылысын, семантикалық
сипатын, этимологиясын, сөзжасамдық ерекшеліктерін меңгереді.
ТК 3.5
Пәннің шифры: KAODEA3332
Пән атауы: Қазақ әдебиетін оқытудың дәстүрлі емес әдістері
Пререквизиттері: Педагогикалық мамандыққа кіріспе, Педагогика.
Постреквизиттері: педагогикалық іс-тәжірибе
Мақсаты: ақпараттың ішінен өзіне қажеттісін таңдап,оны пайдалану, проблемаларды
шешу және шешім қабылдау, өзіндік пікір,идеялар, тұжырым, түсінік келтіру, оларды
дәлелдей және қорғай білу, ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас құра білу, бірлесе
жұмыс жасай білу, жанжалдарды болдырмау, өмірге деген көзқарасын, ұстанатын
сенімдерін,
қажеттіліктерін,
құндылықтарын
жалпы
адами
құндылықтармен
байланыстыру, өздігімен үйрене білу, өз білімін әрқашан да дамытып отыру.
Пәнге қысқаша сипаттама: Интербелсенді оқу/оқыту-әрекетпен және әрекет арқылы
оқу\оқыту, ал мұндай ұстаным қомақты нәтижелерге жеткізетін ең тиімді жүйе деп
есептелінеді, өйткені адамның жадында бірінші мезетте тек өзінің әрекеттері мен өз
қолымен жасағаны ғана қалады.
Күтілетін нәтиже: Мектепте оқытудың белсенді түрлерін қолданудың басты дәлелі
белсенді түрде оқу мен сыни ойлау өмірде қолданыс табатын білім береді.
Құзыреті:
арнаулы:
-
мектепте білім берудің әр кезеңінде қазақ әдебиетін интербелсенді әдістермен
оқытудың мақсат-міндеттерін анықтай алу іскерлігі;
-
интербелсенді оқытудың шарттары мен ережелерін меңгеру, қазақ әдебиетін
оқытуда мотивация тудыру, сәттілікке бағытталу, бірлескен топтық жұмысты,
интербелсенді оқытуды ұйымдастыра білу.
ТК 3.6
Пәннің шифры: GZZhUA 4339
Пән атауы: Қазақ тілі бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру
әдістемесі/
Пререквизиттері: Педагогикалық мамандыққа кіріспе
Постреквизиттері: Қазақ тілін оқыту әдістемесі, Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Мақсаты: Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруға
ықпал етеді. Оқушылар қоршаған ортамен таныса отырып өзіндік зерттеу әрекетінің
көмегімен жаңа білімді дайын күйде емес, өзі ашады.
Пәнге қысқаша сипаттама: Зерттеу жұмысымен айналысу, шығармашылық жоба жазу
оқушының аналитикалық ойлау қабілетін дамытады, шешім қабылдай алу қабілетін
қалыптастырады. Оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың
жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға көмектеседі.
Күтілетін нәтиже: дербес ойлап, кез келген жағдайда шешім қабылдай алатын,
дүниетанымы терең, жан-жақты дамыған шәкірттер тәрбиелеу
Құзыреті:
арнаулы: констукциялық диалог ауқымындағы біліктері мен дағдыларының болуы,
педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті және толерантты болу.
пәндік: баланың қабілетін, дарынын ашу және әрбір оқушының өз мүмкіндіктерін, қабілет
және икемділігін таныта білуіне жағдай жасау, мектепте оқушыны ізденушілікке баули
отырып ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл
табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына көмектесу.
ТК 3.6
Пәннің шифры: KTABZhZhAN 4339
Пән атауы: Қазақ тілі бойынша жазба жұмыстардың әдістемелік негіздері
Пререквизиттері: Педагогикалық мамандыққа кіріспе, Психология және адам дамуы
Постреквизиттері: Қазақ тілін оқыту әдістемесі, Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Мақсаты:
- адамдардың қарым-қатынас құралының бірі - жазбаша сөйлеу екендігі және осы
құбылыстың өзіндік ерекшеліктерін анықтау;
- екіншіден, мектепте оқушыларға қазақ тілін оқыту барысында жазбаша сөйлеу
әрекетін дамыта оқыту барысының осы кезге дейінгі жайын танып-білу;
- қазақ тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың жазбаша сөйлеу әрекеті икемділіктері
мен дағдыларын қалыптастыру әдістемесінің мақсаты мен құрылымын нақтылау.
Пәннің қысқаша сипаттамасы: Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жүргізілетін
жазба жұмыс түрлерінің маңыздылығын көрсетеді.Жазба жұмыстарының қолданылуына
-
Оқу/оқыту қысқа мерзімде ақпараттың көлемді білігін тиімді түрде ұсынатын,сол
ақпаратты жоғарғы деңгейде игеретін және практикада бекіте алатын әдістерді қолдануды
талап етеді.
-
оқу-танымдық процестің заңдылықтарын негізге ала отырып, оқушының
танымын кеңейтетін, ойлауын дамытатын, тілін дамытатын танымдық, лингвистикалық,
дидактикалық, пән мен оның ішіндегі жекелеген тақырыптардың өз ерекшеліктерінен
туындайтын әдістер мен тәсілдер жүйесін тиімді қолдана білу іскерлігі.
пәндік:
мән беріледі. Олардың талаптары қарастырылады. Қазақ тілінде жүргізілетін жазба
жұмыстардың қажеттілігі дәлелденеді.
Күтілетін нәтижелер:
-
жазба жұмыстарының жүргізілу әдістемесін үйреніп шығады;
-
Жазба жұмыстарының талап шарттарын меңгеріп, соған сәйкес бағалау
нормаларын үйренеді.
Құзыреті:
арнайы:
- сөйлеу әрекетінің басты түрі болып табылатын жазбаша сөйлеу әрекетін дамытуға
арнайы бағытталған әдістемелік жүйенің теориялық және практикалық негіздерін
тану - қазақ тілін оқыту әдістемесіндегі тіл дамыту саласының ғылыми жағынан
толығуына игі ықпалын тигізеді;
- жазбаша тілді дамыту арқылы сауаттылығын арттырудың, тілдік қатысымды саналы әрі
терең меңгеруінің, тіл арқылы дүниетанымдық көзқарасы дұрыс қалыптасуының айқын
да сенімді жолын тануға болады.
пәндік:
-жазбаша тілдің лингвистикалық ерекшеліктері мен нормаларын тану және оларды
оқушылардың жазбаша тілін дамыту әдістемесінің лингвистикалық негізі ретінде
басшылыққа алу арқылы оқушыларды жан-жақты дамыған түлға ретінде қалыптастыруда
жазбаша сөйлеу әрекетіне баулудың маңызды екендігі;
- оқушылардың жазбаша тілін дамытудың арнайы әдістемесін жасаудың теориялық бастау
көздерін зерттеу арқылы балалардың ауызша және жазбаша тілі дамуының
ерекшеліктерін педагогикалық және психологиялық тұрғыдан анықтауға болады.
Қазақ тілі мен әдебиеті
кафедрасының меңгерушісі А.Рахимова
Достарыңызбен бөлісу: |