«5В020100 – философия» мамандығы бойынша


EE 2206 – ЭТИКА ЖӘНЕ ЭСТЕТИКА



Pdf көрінісі
бет60/190
Дата21.04.2023
өлшемі1,66 Mb.
#85098
түріБағдарламасы
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   190
Байланысты:
Философия бак.

EE 2206 – ЭТИКА ЖӘНЕ ЭСТЕТИКА 
Көлемі 2 кредит 
 
Авторлар: 
Нұрышева Г.Ж. – философия ғылымдарының докторы, профессор, 
ҚазҰУ философия кафедрасының меңгерушісі; 
Әбдірасылова Г.З. – философия ғылымдарының кандидаты,ҚазҰУ 
философия кафедрасының доценті; 
Әмірқұлова Ж.А. – философия ғылымдарының кандидаты, ҚазҰУ 
философия кафедрасының доценті. 
Пікір жазғандар: 
Еділбаева С.Ж. – философия ғылымдарының докторы,Әл-Фараби 
атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры; 
Сағиқызы А.С. – философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР 
БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану Институты философия 
бөлімінің меңгерушісі. 
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ 
«Этика және эстетика» – «5В020100-Философия» мамандығы бойынша 
бакалавр дайындауға арналған білім беру бағдарламасының міндетті оқу 
пәні. 
Курс студенттердің бойында этика мен эстетика, этикалық және 
эстетикалық ойлардың тарихи кезеңдері туралы білім қалыптастыруға; 
этикалық және эстетикалық нормаларды түсінудің теориялық негізін 
құрайтын басты да шешуші ұғымдар мен категорияларды игеруге; 
ғылымилығымен және тарихилығымен ерекшеленетін іргелі зерттеулердің 
әдістемесін дамытуға бағытталған.
Курсты оқытудың қажеттілігі Қазақстандағы қоғамдық өмірдің барлық 
салаларында болып жатқан сапалы әлеуметтік өзгерістерден туындайды, 
себебі демократиялық қоғам құруды этикалық және эстетикалық білімге ие, 
үйлесімді қалыптасқан тұлға ғана табысты жүзеге асыра алады.
Құзіреттіліктер (білім алу нәтижелері):
«Этика және эстетика» курсын оқу нәтижесінде студент мына 
құзыреттіліктерге ие болуы тиіс: 
Білу: 
- этика және эстетиканың пәні мен міндеттерін; 
- осы пәнді оқып-үйренудің өзектілігін және қажеттілігін; 
- этика мен эстетиканың қалыптасуының теориялық және әлеуметтік 
алғышарттарын; 


68 
- этика мен эстетиканың негізгі ұғымдарын, анықтамаларын, 
категорияларын тарихи ретроспективада; 
- этиканың және эстетиканың іргелі мәселелерін; 
- этикалық және эстетикалық теориялар мен бағыттардың негізгі 
түрлерін; 
- моральдық принциптерді; 
- этикалық және эстетикалық идеялардың әлемге әйгілі өкілдерінің 
мәтіндерін; 
- өнер теориясының негіздерін; 
- өнердегі негізгі бағыттар мен ағымдарды; 
- көрнекті өнер теоретиктерін. 
Жасай білу

этика мен эстетиканың мәнін, болмысын, функцияларын 
анықтауды; 
- этикалық және эстетикалық білімдердің ерекшеліктерін айқындауды; 
- өнердің түрлерін, стильдерін, жанрларын ажырата алуды; 
- этикалық және эстетикалық мәселелер бойынша эссе, ғылыми 
мақалалар, курстық жұмыстар жазуды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет