«5В020100 – философия» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет62/190
Дата21.04.2023
өлшемі1,66 Mb.
#85098
түріБағдарламасы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   190
Байланысты:
Философия бак.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
 
«Этика және эстетика» курсының пәні және функциялары 
Этика – мораль туралы ғылым. Философиялық білім жүйесінде 
этиканың пайда болуы. Этиканың пәні және мәні. Этиканың пәнінің тарихи 
өзгеруі. Этиканың бөлімдері: алдыңғы этика, жеке, ерекше этикалық 
жүйелердің пайда болуы (кәсіби этика, тұйық идеологиялық жүйелер 
этикасы, жас мөлшеріне байланысты топтар этикасы және т.б.), этикалық 
ілімдер тарихы, моральдық болжамдау. «Этика», «мораль», «адамгершілік» 
ұғымдарының эволюциясы. Этиканың функциялары (қызметтері). 
Эстетиканың пәні. Эстетика – әсемдік туралы ғылым. Эстетикалық 
мәселелелер шеңбері: эстетикалық сана; эстетикалық категорияларды 
қалыптастыру; 
эстетикалық сананың объективті шындықпен өзара 
байланысы. Эстетика – өнердің мәні мен заңдары туралы ғылым. Өнердің 
адам мен қоғам өміріндегі рөлі. Өнертану – ғылымдар жүйесі: өнерлердің 


70 
тарихы мен теориясы, көркемдік сын, әдебиеттану, музыкатану, театртану, 
кинотану және т.б. Эстетиканың функциялары (қызметтері).
Этика – мораль туралы ілім 
Мораль ұғымы. Мораль – қоғамдық сананың салыстырмалы түрде 
дербес формасы. Моральдың әлеуметтік мәні, мақсаты және қызметтері, 
құрылымы 
мен 
негізгі 
ұғымдары. 
Мораль 
және 
адамгершілік. 
Адамгершіліктің негізгі тарихи даму кезеңдері. 
Жалпыадамзаттық құндылықтар ұғымы. Қоғамның дамуы және 
адамдардың мінез-құлықтарын әлеуметтік реттеу механизмдері. Аксиология, 
деонтология. Моральда болуға тиіс пен болып отырғанның сәйкес келмеуі – 
адамгершіліктік иллюзиялардың бастауы. Адамгершілік ғылыми мәселе 
ретінде. Этика ғылымының әлеуметтік-философиялық, әдістемелік және 
көзқарастық қырлары: биоэтика, мораль және құқық, мораль және саясат, 
мораль және дін. 
Этиканың ұлттық сипаты. Ұлттық қатынастар этикасы. Азаматтық 
этика. Жалпыадамзаттық этикалық құндылықтардың басымдығы. 
Моральдың категориялары: игілік, ізгілік пен зұлымдық, асыл қасиет 
және жамандық, әділдік, бақыт, еркіндік, жауапкершілік, ар-ұждан, өмірдің 
мәні, өлім. 
Әдістемелік принциптер: абсолютизм, авторитаризм, волюнтаризм,
догматизм, нигилизм және т.б. 
Көзқарастық 
принциптер: 
альтруизм, 
гуманизм, 
гедонизм, 
индивидуализм, оптимизм, пессимизм, патриотизм және т.б. 
Моральдық принциптер: кісілік, адалдық, ар-намыс, ержүректік, 
махаббат, эгоизм.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет