«5В020100 – философия» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет61/190
Дата21.04.2023
өлшемі1,66 Mb.
#85098
түріБағдарламасы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   190
Байланысты:
Философия бак.

Дағдыларды меңгеру 
- сауатты кәсіби талқылау жүргізе алу, өз ойларын логикалық түрде 
баяндау; 
- өмірінің өзекті мәселелері бойынша өз ұстанымын дәлелді қорғау; 
- этикалық және эстетикалық мәселелерді талдауға арналған қажетті 
материалды іздеп, іріктей алу. 
Пререквизиттер: Мамандыққа кіріспе, Философия тарихы. 
Постреквизиттер: Онтология және гносеология, Философиялық 
антропология, Әлеуметтік философия. 
ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ 
 
Кіріспе 

Этика және эстетика курсының пәні және функциялары 

Этика – мораль туралы ілім 

Этикалық ойдың негізгі тарихи даму кезеңдері 

Қазақ ойшылдарының философиялық-этикалық ілімдері 

Жоғары мектеп оқытушысының және ғалымның кәсіби этикасы 

Этикет – адами қатынастардың сыртқы көрінісі 

Эстетиканың пәні 

Эстетикалық теориялардың даму тарихы 
10 
ХІХ-ХХІ ғасырлардағы эстетика 
11 
Қазақ халқының эстетикасы 
12 
Өнердің онтологиясы 
13 
Қазіргі заман адамын эстетикалық тәрбиелеу мәселелері 


69 
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ 
 
Кіріспе 
«Этика және эстетика» курсы болашақ философтарды мораль және 
әсемдік туралы ғылымға баулуға бағытталған. Оларды игеру студенттердің 
бойында шындықты моральдық-адамгершіліктік және эстетикалық түсіну 
тәжірибесін және үлгілі мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады. 
Осылайша, бұл курс теориялық қана емес, 
нақты-практикалық та миссия 
атқарады.
«Этика және эстетика» курсының мақсаты: студенттерді этика және 
эстетика кеңістігіне енгізу; адамзаттың адамгершіліктік тәжірибесімен және 
дүниені эстетикалық қабылдау тарихымен таныстыру; үйлесімді өмірдің 
көзқарастық және рухани-эстетикалық бағдарламаларына ие болуға ықпал 
ету. 
Пәннің міндеттері: этикалық және эстетикалық ойлардың тарихи даму 
кезеңдерін зерттеу, этикалық және эстетикалық концепцияларды қазіргі 
заман динамикасы тұрғысынан талдай білу, студент жастарды әлемдік және 
отандық этикалық-эстетикалық мұраға баулу. 
Зерттеу объектісі – адамгершілік, әсемдік, этикалық және эстетикалық 
ілімдер тарихы, этикалық және эстетикалық категориялар, шындықты 
эстетикалық игерудің ерекшелігі.
Пәнді оқып-үйрену әдістері. Курсты оқыту барысында келесі 
философиялық принциптер қолданылады: 

тарихилық және логикалықтың бірлігі; 

абстрактылықтан нақтыға көшу; 

жүйелілік; 

даму; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет