Саясикартасының қалыптасу кезеңдері. Африка отарлаудан аса зор зардап шеккен материк. Отарлық жүйенің ыдырпауы ХХ ғасырдың 50 жылдарынан бастады. Құрылықтағы ең соңғы отар Намибия 1990 өз тәуелсіздігін алды. 1993 ж. Африканың саяси картасында Эфиопиядан бөлінген жаңа мемлекет Эритрея пайда болды.
Африканың қазіргі саяси картасының қалыптасуына еуропалық отарлау, кейіннен отар елдердің тәуелсіздігін алуы басты ықпал етті. Қазіргі кезде БҰҰ-ның айрықша мәртебесіне ие Батыс Сахарада тәуелсіздік үшін күрес жалғасуда. Әлі күнге дейін сақталып қалған еуропалық иеліктер қатарына Реюньон аралы (Франция), Әулие Елена аралы (Ұлыбритания), Сеута және Мелилья қалалары (Испания) жатады.
. Экономикасы артта қалған Мозамбик, Бурунди, Руанда, Ангола, Сомали тәрізді дамуы жағынан артта қалған мешеу елдерде соғыс қимылдарының әсерінен жергілікті халық арасында жұқпалы аурулар кеңінен таралып, аштық әсерінен өлім-жітім көбеюде.
Елдердің мемлекеттік құрылымы. Қазіргі Африкада 55 тәуелсіз мемлекет бар. Лесото, Марокко және Свазилендтен басқа елдердің барлығы республика. Әкімшілік-аумақтық құрылымы жағынан Нигерии мен ОАР басқалары унитарлы мемлекеттер.
Табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстары. Африканың жер қойнауы минералды ресурстарға, яғни пайдалы казбаларға ерекше бай. Мұнай мен газдың ірі кен орындары Ливия (барланған қоры — 4 млрд т), Нигерия (2,8 млрд т), Алжир (1,3 млрд т), Египет жерінде; ал тас көмірдің мол қоры Оңтүстік Африка жерінде шоғырланған. Кобальт пен мыстың аса ірі қоры Замбия мен Конгода; марганец Оңтүстік Африка мен Зимбабведе; боксит Гвинея мен Камерунда; платина, алтын және темір Онтүстік Африкада (алтын өндіруден дүние жүзінде бірінші орында); алмас Конго, Ботсвана, ОАР, Намибия, Ангола, Ганада; фосфорит Марокко, Тунис, ОАР-да; уран Нигер, ОАР, Намибияда орналасқан. Минералды шикізаттар сапасы жоғары әрі ашық әдіспен өндіріледі.
Жалпы, Африка жерінде су ресурстарының қоры жеткілікті, бірақ оның материк бойынша таралуы біркелкі емес. Материктегі су ресурстарының тең жартысы Конго (Заир) өзенінің үлесіне тиеді, сондай-ақ Ніл, Нигер, Замбези, Оранж өзендерінің де су ресурстары едәуір. Өзен сулары жер суаруға кеңінен пайдаланылады, өзен ағысы бөгеттер арқылы реттеліп отырады. Ірі өзен бойларында су көлемі 15 км3 жететін 12 бөгет салынған. Ең ірілері: Нілдегі Насер және Кариба, Замбезидегі Кабора-Басса бөгендері.
Африка өзендерінде аса зор гидроэнергетикалық ресурстар жинақталған, яғни дүние жүзі өзендеріндегі жалпы қордың 1/3-не жуығы, яғни 780 млн кВт-ы осында. Конго өзенінде 390 млн кВт, Замбезиде 137 млн кВт, Нілде 50 млн кВт, Оранж өзенінде 31 млн кВт, ал Батыс Африка өзендерінде 130 млн кВт-қа дейін гидроэнергетикалық қор жинақталған. Бірақ бұл ресурс әлі өз дәрежесінде пайдаланылмай келеді.
Африканың жер қоры да айтарлықтай. Жан басына шаққанда өңделетін жер үлесі Оңтүстік-Шығыс Азия немесе Латын Америкасы елдеріндегі көрсеткіштен әлдеқайда жоғары. Бірақ жарамды жердің 1/5-і ғана өңделеді. Ніл, Нигер өзендері бойындағы және Мозамбик ойпатындағы аллювийлі топырақтардың егіншілік үшін маңызы өте зор. Африка жерінің 10%-ға жуығын орман алқабы алып жатыр. Орман әсіресе Шығыс (287 млн га) және Экваторлық Африкада (500 млп га) кең таралған
Экологиялық жағдайы мен табиғат қорғау. Африканың қазіргі экологиялық жағдайының өте нашар болуының себебі әріде жатыр. Ұзақ жылдар бойы отарлық езгіде болуы, оның табиғат ресурстарының есепсіз талан-таражға салынуына себепші болды, әсіресе минералды ресурстар көп ысырапқа ұшырады. Ылғалды тропиктік ормандардағы бағалы ағаштар (эбен, шарап пальмасы, қола ағашы) аяусыз кесілді.
Сонғы 50 жылда Сахараның ауданы 650 мың км2-ге артты. Тек қана Суданда шөл зонасының шекарасы жыл сайын 6-7 км-ге жылжиды және қуатты желдер (самум) 60 млн т-ға жуық топырақтың жоғарғы қабатын ұшырып әкетеді. Миллиондаған гектар ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жер зиянкестерге қарсы қолданылатын улы химикаттармен ластанады. Көптеген елдерде ауыз суы өте тапшы.
Кенияда ұлттық бақтар мен қорықтар ел жерінің 15%-ын алып жатыр. Оларда да піл, керік, мүйізтұмсық, зебра, буйвол, бөкен, арыстан, қабылан және т.б. Ұлттық бақтардың ең маңыздылары: Рувензори (Уганда), Вирунга (Заир мен Руанда жерінде), Цаво (Кения), Серенгети және Нгоронгоро (Танзания), Кафул (Замбия), Калахари-Хемсбок (Ботсвана), Крюгер (ОАР).