5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»


-дәріс. Дүниежүзі халқының қоныстану ерекшеліктері



бет24/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   117
Байланысты:
Лекция Уалиев (копия) (копия)

7-дәріс. Дүниежүзі халқының қоныстану ерекшеліктері
7.1 Дүниежүзі халқының қоныстану ерекшеліктері
7.2 Халықтың көші-қоны
7.3 Қоныстанудың негізгі түрлері. Кенттену
Халықтың орналасу ерекшеліктері. Әлем халықтарының құрлықтарда таралуы, тығыздығы әркелкі. Ол алдымен табиғат жағдайларына: климатқа, жер бедеріне, тұщы су қорына, мұхит пен теңіздердің жақындығына байланысты. Адамдардың табиғаты тiршiлiкке қолайлы және әртүрлi ресурстарға, жазық жер, орман-суға бай жерлердi қоныстануы заңды.
Ғаламшар тұрғындарының негізгі бөлігі (90%) Солтүстік жарты шарда, оның ішінде Азияда 60% тұрады. Сонымен қатар Шығыс жарты шарда халықтың көп бөлігі (80–85%) шоғырланған. Құрлықтың 15%-ы табиғат жағдайлары қолайсыз (қатаң қиыр солтүстік, ну ормандар, биік таулар, құрғақ шөлдер, батпақтар т.б. адам аяғы жетпейтін жерлер) мүлде қоныстанбаған.
Жер шары тұрғындарының басым бөлігі қоңыржай, субтропиктік және субэкваторлық климаттық белдеулерде таралған. Оған қоса 50%-дан астамы теңіз деңгейінен 200 м, 80%-ы 500 м биіктіктегі жазық жерлерде және 30%-ның тұрған жері теңіз жағалауынан қашықтығы 50 км-ден аспайды.
7.2 Халықтың көші-қоны
Халықтың көші-қоны (миграция) адамзаттың құрлықтағы бір орыннан екінші орынға орын алмастыруы (механикалық қозғалысы, көшіп-қонуы). Халықтың көші-қоны оның санына, құрамына, орналасуына, тығыздығына үлкен әсерiн тигiзедi. Көшi-қон сипатына қарай: сыртқы (мемлекетаралық) және iшкi (ел аумағында) болып бөлінеді. Сыртқы көші-қон жағдайында, адамдардың ата-мекендерiнен шетелдерге кетуi эмиграция, басқа елдің азаматтары көшіп келуі иммиграция деп аталынады. Ішкi көшi-қонға халықтың бiр мемлекет ішiндегi қоныс аудару жатады. Көшi-қонның негізгі себептерi: экономикалық, әлеуметтік, саяси, дiни, әскери т.б. жағдайлар.
Адамзат тарихындағы негізгі миграция ─ Ұлы географиялық ашылулар заманынан бастап Еуропа халқының Жаңа Дүние аталатын Солтүстiк және Оңтүстiк Америка, кейіннен Аустралия құрлықтарына жаппай көшуі. Африкадан ХVI-ХIХ ғасырлар аралығында миллиондаған негр-құлдар күшпен Америкаға жеткiзiлген.
Қазiр көшi-қон Батыс Еуропа мен Парсы шығанағы алабына ауысты. XX ғасырдың екiншi жарты­сынан сыртқы көшi-қонның жаңа түрi: «ақылдың ағылуы» ─ бiлiктiлiгi мен білімі өте жоғары мамандарды, (ғалым­дарды, инженерлердi, дәрiгер­лердi т.б.) талантты өнер иелерін жан-жақты қызықтырып, өз елдерiне тарту саясаты жүрді. Елімізде «Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiк» құрылып, 1997 жылы «Халықтың көшi-қоны туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. Тәуелсiздiк жылдары алыс-жақын шетелдерден елiмiзге 450 мыңнан астам қандастарымыз оралды. Халықтың iшкi көшi-қоны барлық мемлекеттерде болады, халықтың күнкөрiс қамымен ауылдық жерден қалаларға ағылуы әлi толастамай отыр. Батыстың дамыған елдерiнде бұл процесс аяқталған, олар керiсiнше, шулы, iрi қалалардан қала маңына, ауылдық жерге көшуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет