5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»



бет20/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   117
Мұхиттың байлықтарын игеру. Тұщы сумен қатар Дүниежүзілік мұхиттың байлықтарын тиімді пайдалану адамзаттың келелі мәселелерінің біріне айналды.
Жердің беткі ауданының 71% алып жатқан мұхит суында жер бетіндегі көптеген азалар пайда болып олардың эволюциялық дамуы жүзеге асты. Жануарлардың 75% мұхит суында пайда болған. Мұхит биомассасының құрамына тірі ағзалардың 150 мың түрі кіреді.Дүние жүзілік мұхит жер бетінде тіршіліктің қалыптасып дамуында маңызды роль атқарады. Ауадағы оттегінің 50%, адамға қажетті азықтың ақуыздың 20% береді. Болашақта адамдарды тұщы сумен қамтамасыз етеді. Мұхит суын тұщыландыру әдісімен қазіргі кезде Кувейт, Алжир, Ливия, Бермут аралдары АҚШ, Ресей, ТМД елдерінің кейбір бөліктері өздерін тұщы сумен қамтамасыз етуде.Сонымен қатар алып Айсбергтерді тұщы суды тапшы аудандарға сүйреп әкелу мәселелері жобалануда.
Дүниежүзілік мұхиттың маңызды байлықтарының бірі биологиялық және минералды байлық болып саналады. Зерттеулерге қарағанда дүниежүзілік мұхиттың биологиялық байлықтары 30 млрд адамды асырауға жетеді. Дүниежүзілік мұхиттың табанында минералдық байлықтардың мол қоры бар. Мұхит табынан дүниежүзінде өндірілетін мұнайдың 4 бөлігі өндіріледі. (3100 млн) 770 млн) Налибия мен ОАР жағалауындағы құмдардан Алмаз, тыңайтқыш өндіруге қажетті миллиондаған тонна фософр конкрециясы өндіріледі. 1999 жылдан бастап жаңа Гвинеяда мұхиттарынан мыс, темір, мырыш, алтын, күміс кендерінің мол қорын өндіру жобасы жүзеге асырала бастады. Дүниежүзіндегі су қорының 96% дүниежүзілік мұхиттың 2% жуығы жерасты суының, 2% жуығы мұздықтардың тек 0,02% материктердің беткі ағын суларының үлесіне тиеді.
Мұхиттар мен ашық теңіздерде тiршiлiк ететiн түрлi жан-жануар­лар мен өсiмдiктер, оның биологиялық ресурстарын құрайды. Ғалымдардың болжамы бойынша осы биологиялық ресурстар 30 млрд адамды асырауға жетедi. Теңiз биомас­сасының 85%-ы балықтан тұрады, қалғанын теңiз сүтқоректiлерi, балдырлар, т.б. құрайды.
Бүгiнгі таңда Жапония, Қытай, АҚШ, Аустралия, Батыс Еуропа елдерінде теңiз плантациялары мен жасанды фермаларда биологиялық ресурстарды: ұлулар мен былқылдақ­денелiлер, шаян тәрiздiлерді қолдан өсiруде.
Мұхиттың минералдық ресурстарына ─ мұнай мен газ (мұндағы мұнай қоры 120—150 млрд т деп болжануда), темiр, мыс, қалайы, сынап, алмаз, алтын, күміс, янтарь, т.б. қазбалар жатады. ­­
Қазіргі уақытта тұщы су қорлары (өзен-көлдер) жетіспейтін, шөлді аумақты мекендейтін көптеген елдер, мысалы, Сауд Арабиясы, Ливия, Қазақстан (Ақтау қаласы) мұхит-теңiздiң тұзды суын тұщыландыратын қондырғы-реакторларды пайдаланып ауыз су алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет