5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»



бет21/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   117
Байланысты:
Лекция Уалиев (копия) (копия)

Рекреациялық ресурстар. Қазіргі таңда рекреациялық ресурстардың, яғни табиғи аумақ ресурстарының (табиғат аясы, таза ауа, тау баурайы, орман, өзен-көл, мұхит-теңіз жағалауы) демалыс, емдеу-сауықтыру орындары мен туризмнің маңызы артуда. Рекреа­циялық ресурстар шығу тегі мен пайдалану ерекшеліктеріне қарай: табиғи (теңіздік, таулы, ландшафты) және мәдени-тарихи көрікті орындар болып бөлінеді. Әлемдегі теңіздік рекреациялық ауданның ең маңыздысы: Жерорта теңізінің жағалаулары (көгілдір жағалау) мен аралдары (Франция, Италия, Испания, Грекия, Мальта, Кипр, Хорваия, Туркия т.б.); Ресей, Украина, Грузия және Болгарияның Қара теңіз жағалаулары; Кариб теңізінің алабы, Флорида, Калифорния, Гавай, Канар, Сейшель, Мальдив аралдары, БАӘ, Таиланд т.б. Тау рекреациясының басты аудандарына ─ Альпі (Франция, Швейцария, Италия, Австрия), Карпат (Польша, Словакия, Украина), Кавказ (Грузия, Армения), Кордильера (АҚШ, Канада). Ландшафты рекреацияла ауданға Байкал, Финляндияның көлді өлкесі, Чехия курорттары, АҚШ, ОАР т.б. елдердің ұлттық саябақтары жатады. Әлемдік деңгейдегі мәдени ескерткіштерге: Мәскеу Кремлі мен Санкт-Петербург Эрмитажы (Ресей), Аградағы Тәж-Махал (Үндістан), Ұлы Қытай қабырғасы мен Пекиндегі император сарайы (Қытай), Египет пирамидалары (Мысыр), Түркістандағы Ахмет Иасауи кесенесі (Қазақстан) т.б. көптеген мәдени-тарихи орындар көптеп саналады.
6-дәріс. Дүниежүзі халқының құрамы
6.1 Дүниежүзі халықының жастық-жыныстық құрамы
6.2 Дүниежүзі халықының ұлттық жә не тілдік құрамы
6.3 Еңбек ресурстары
6.1 Дүниежүзі халықының жастық-жыныстық құрамы
Халықтың жастық құрамы. Халықтың жас шамасы оның әр кезеңдегі тұрғындарының табиғи ұдайы өсуіне тәуелді. Халықтың өсімі елді болашақта еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету мүмкіндігін көрсетеді. Сондықтан тұрғындарды жас мөлшері бойынша топтастырып болашаққа болжам жасайды. Демограф-ғалымдар халықтың жас құрамын үш топқа бөледі: 0–15 жасқа дейінгі ─ балалар, 15–65 жас ─ еңбекке жарамды халық, 65-тен жоғары ─ егде тартқан, қартаң адамдар.
Әртүрлі аймақтардағы елдерде халықтың жастық құрамының арақатынасы ала-құла. Әсіресе жоғары дамыған және дамушы елдерде өте үлкен айырма жасайды. Жоғары дамыған елдерде 15 жасқа дейін балалар 22–26%, 15–65 жастағылар 58–62%, 65-тен асқандар 14–18%-ды құраса, дамушы елдерде балалар 41–45%, еңбекке жарамды адамдар 50–54%, егде адамдар 3–7% шамасында ғана.
Халықтың жас шамасы құрамына: оның ұдайы өсуі, тұрғындардың әдет-ғұрпы, әлеуметтік-экономикалық жағдайлары, өмір сүру ұзақтығы, соғыстар т.б. факторлар әсер етеді.
Еуропа халықтарының жастық құрамында балалардың үлес салмағы аз болып, егде тартқан адамдар үлесінің артуы байқалады. Бұл құбылыс «Ұлттың қартаюы», халықтың тұрмыс жағдайы өте жоғары, орташа өмір сүру ұзақтығы жоғары болуымен сипатталады. Ал орташа өмір сүру ұзақтығы төмен Азия, Африка, Латын Америкасындағы дамушы елдерде халықтың табиғи өсімі қарқындап дамып, жас балалардың үлес салмағы көп те, еңбекке жарамды және зейнеткерлер үлесі төмен. Бұл «Ұлттың жасаруы» құбылысы.
Соңғы жылдары халықтың орташа өмір сүру жасының ұлғаюына байланысты егде адамдар үлесі артуда. БҰҰ мәліметтері бойынша Жер шары тұрғындарының орташа жасы 1985 жылы 23,4 жас, 2000 жылы 26,5 жас, болжам бойынша 2025 жылы 31,2 жас, 2050 жылы 36,5 жас болатын көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет