Бидай мен жүгеріні АҚШ, Канада, Франция, Австралия, Аргентина, Қазақстан экспорттайды. Аталған дақылдардың ½ бөлігін дүниежүзілік нарыққа АҚШ шығарады. Күрішті экспорттаушы басты елдер – Тайланд, Қытай, Вьетнам, АҚШ, Үндістан астық дақылдарының тең жартысы дамушы елдерде өсіріледі.
1 гектардан алынатын бидайдың өнімділігі жөнінен Нидерланды, Бельгия, Ирландия жетекші орын алады.
Құрғақ континентті климат жағдайында протеинге бай бидайдың қатты сұрыптары біршама жақсы, ол дүниежүзінде өсірілетін бидайдың 10% құрайды. Бидайдың жұмсақ сұрыптары нан-тоқаш өнімдерін пісіретін астық ретінде кеңінен қолданылады. Ол дүние жүзінде жиналатын бидайдың 90%, егіс көлемінің 80% құрайды.
Күріш – егіс көлемі мен жиналатын өнімнің мөлшері жағынан екінші орын алады. Экваторлық және тропиктік белдеулердің маңызды астық дақылы – күріш. Оның егіс көлемінің біршама аз болуына қарамастан бір жылда жиналатын өнімі бидайдан кем емес. Дүние жүзінде 2000 жылы 560 млн. т. астам күріш жиналды. Ол дүние жүзі халқының басым бөлігінің (әсіресе Азия елдерінің) пайдаланатын тамақ өнімі болып табылады. Күріш өндіру жөнінен көшбасшы ел - Қытай және одан екі есе кем өндіретін Үндістан екінші орын алады Күріш өндіретін ірі елдердің қатарына, сонымен қатар, Индонезия, Таиланд, Жапония, Бразилия жатады.
Экономикасы дамыған елдерге агротехника мен еңбек өнімділігі жоғары, мол өнім беретін көп салалы қарқынды астық шаруашылығы тән. Дамушы елдердің басым бөлігіне механикаландыру мен химияландыру деңгейі төмен, аз өнім алатын экстенсивті астық шаруашылығы тән.
Жүгерінің көп мақсатта қолданылатын өнімділігі жоғары астық түрі. Одан крахмал, спирт, жарма тағы да басқа 150 тарта азық-түлік және техникалық өнімдер алынатындықтан маңызды астық және техникалық дақыл болып табылады. Ол АҚШ мен Батыс Еуропа елдерінде мал шаруашылығы үшін, Азияда, Африкада, Латын Америкасы мен Оңтүстік Еуропада негізгі азық-түлік дақыл болып саналады. Жүгері егілетін аудандары басты аудандар бидаймен сәйкес келгенімен сәл оңтүстікте негізінен Солтүстік Америкада Ұлы көлдердің оңтүстігінде шоғырланған. Жүгері экспорттайтын негізгі елдердің қатарына АҚШ, Канада, Аустралия, Бразилия, Аргентина жатады.
Астықтық бұршақ дақылдары (соя, фасоль, бұршақ, чечевица) азық-түлік ретінде алуан түрлі мақсатта қолданады. Ол Үндістан, Индонезия, Қытай, Корея, Вьетнам, Пәкстан сияқты елдерде басты азық-түлік ретінде маңызды орын алады.
Техникалық дақылдар талшықты, (мақта, зығыр, джут (кендір), сизаль), майлы дақылдар (күнбағыс, жержаңғақ, зәйтүн, рапс, соя), қантты дақылдар (қант құрағы, қант қызылшасы, қант пальмасы), крахмалды дақылдар (картоп, маниок, ямс, күріш, жүгері, батат), сергітетін (шәй, кофе, какао), каучукты дақылдар, дәрілік өсімдіктер болып бөлінеді. Экономикасы дамыған елдерден ауыл шаруашылық дақылдарының барлық түрлерін экспорттаудан тек АҚШ қана еркшеленеді. Техникалық дақылдардың басым бөлігі дамушы елдерде өсіріледі. Шайдың отаны – Қытай, кофе – Эфиопиядан, какао - Мексика таулы қыратынан шыққан. Дүние жүзінде жылына 6 млн.т. кофе, 2,5 млн. т. шай жиналады. Кофе плантацияларының басым бөлігі Бразилия, Колумбия, Индонезиямен қатар Бурундиде, Эфиопияда, Камерунда, Анголада, Заирде, Кот-д-Ивуарда және Үндістанда шоғырланған, Какао бұршағының 70% Африкада өндіріледі.
Солтүстік Африка мен Оңтүстік-Батыс Азиядағы құрма пальмасы, Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс Азияда, Африка мен Латын Америкасында өсетін какос пальмасы субтропиктік, тропиктік аймақтардағы маңызды азық-түліктік дақыл болып табылады. Дүниежүзілік саудада банан маңызды орын алады. Оның плантациялары Латын Америкасы, Азия мен Африканың ылғалды тропиктегі елдерінде шоғырланған.
Көкөніс, жүзім және жеміс-жидектер дүние жүзінің ауыл шаруашылығында маңызды орын алады. Әлемге танымал жеміс бақтары Жерорта теңізі жағалауында, Калифорния мен Флоридада орналасқан. Жүзімдіктердің басым бөлігі Италия, Испания, Франция, Алжирде шоғырланған.
Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық азық-түлік бөлімінде мамандарының есептеуі бойынша жердің беткі ауданының 70%-ы егіншілікті дамытуға қолайсыз, 13%-ның салыстырмалы түрде өнімділігі аз, 6%-ның өнімділігі орташа, тек 3%-ның өнімділігі жоғары. Қазіргі кезде жердің беткі ауданының 11%-ы жыртылған, шамамен жер бетінің 26%-ы жайылым ретінде пайдаланылады.