10.2 Дүние жүзінің мал шаруашылығы
Мал шаруашылығы. Дүние жүзінің мал шаруашылығы егіншілікпен, тамақ өнеркәсібімен тығыз байланысты дамиды. Мал шаруашылығы мүйізді ірі қара, шошқа, қой, жылқы, түйе, бұғы, құс шаруашылықтарына бөлінеді. Дүние жүзіндегі ірі қараның саны 1,3 млрд. бас. Ол аймақтарда салыстырмалы түрде біркелкі таралғанымен өнімділігінің деңгейі әркелкі. Қоңыржай белдеудің орманды, орманды дала зоналарында жайылымды және бір орында тұрғызып бордақылауға негізделген етті-сүтті және сүтті бағыттағы ірі қара өсіріледі. Батыс Европа елдерінде дүниежүзінде өндірілетін сүттің 30% шоғырланған (10.3-кесте).
Етті бағыттағы ірі қара біршама құрғақ аймақтарда өсіріледі. Етті бағыттағы ірі қара Азия, Африка, Латын Америкасы елдерінде басым. Сүтті және етті бағыттағы ірі қара АҚШ-та, Канадада, Ресейде, Германияда, Аустралия мен Жаңа Зеландияда дамыған.
10.3-кесте. 2000 жылы малбасының саны жөнінен дүниежүзінде жетекші орын алған он ел млн. бас есебімен.
Елдер
|
Мүйізді
ірі қараның саны
|
Елдер
|
Шошқаның саны
|
Елдер
|
Қойдың саны
|
Үндістан
|
214,9
|
Қытай
|
429,1
|
Қытай
|
127,2
|
Бразилия
|
163,5
|
АҚШ
|
62,2
|
Австралия
|
119,6
|
Қытай
|
107,6
|
Бразилия
|
27,4
|
Үндістан
|
57,6
|
АҚШ
|
98,5
|
ГФР
|
26,3
|
Иран
|
53,9
|
Аргентина
|
55,0
|
Польша
|
18,5
|
Жаңа Зеландия
|
46,1
|
Эфиопия
|
35,1
|
Ресей
|
17,3
|
Ұлыбритания
|
44,7
|
Судан
|
35,0
|
Испания
|
17,0
|
Судан
|
42,5
|
Мексика
|
30,3
|
Франция
|
16,2
|
Пәкістан
|
31,3
|
Ресей
|
28,6
|
Үндістан
|
16,0
|
Түркия
|
30,2
|
Австралия
|
26,7
|
Мексика
|
13,9
|
ОАР
|
29,2
|
Шошқа шаруашылығы Европада, Шығыс Азияда, Америкада дамыған. Шошқа кез-келген климат жағдайында өсе беруімен ерекшеленеді. Шошқа шаруашылығы дамыған маңызды ареалдар халық жиі қоныстанған аудандармен өнеркәсіпті аудандарда, тамақ өнеркәсіп кәсіпорындарының, картоп, астық, өңдеу орталықтарының маңында таралады. Дүние жүзіндегі шошқаның жартысынан астамы Азия елдерінде (Қытай, Жапония, Корея, Үндіқытай түбегі елдерінде), 1/3 Еуропа елдерінде, (Германияда, Францияда, Италияда, Ұлыбританияда, Ресейде, Украинада, Польшада), 10%-ға жуығы АҚШ-та өсіріледі. Діннің тиым салуына байланысты мұсылман елдерінде шошқа шаруашылығы дамымаған.
Қой шаруашылығы жер шарының барлық бөлігінде таралған. Дүние жүзіндегі қой саны 1,1 млрд бас. Ет пен жүн өнімдерін өндіретін қой шаруашылығы көптеген мемлекеттердің экономикасының маңызды саласының біріне айналды. Аустралия, Жаңа Зеландия, ОАР, Аргентина, Үндістан дүние жүзіндегі ет пен жүн өндіретін ірі елдер болып табылады. Қой шаруашылығы Ұлыбританияда, Испанияда, Түркияда, Қытайда, Орталық Азия елдерінде, Қазақстанда дамыған. Қазіргі кезде мал шаруашылығының қарқынды дамып келе жатқан саласы - құс шаруашылығы болып табылады. Дүние жүзінің мал шаруашылығының барлық салаларының өнімі жөнінен экономикасы дамыған елдер жетекші орын алады. Дамушы елдерде мал шаруашылығы өнімділігі төмен болуымен ерекшеленеді. Олардың үлесіне дүние жүзінде өндірілетін сиыр етінің 25%, сүттің 14% тиеді. Дүние жүзіндегі мал шаруашылығы өнімдерінің саудасында жетекші орынды экономикасы дамыған елдер алады. Аустралия, АҚШ, Канада, Бразилия, Франция сиыр етін экспорттаудан; Жаңа Зеландия, Аустралия, Ұлыбритания қой етін экспорттаудан; АҚШ, Франция, Бразилия, Қытай, Ұлыбритания, Нидерланды құс етін экспорттаудан; Аустралия, Жаңа Зеландия, Қытай, Ұлыбритания, Уругвай, ОАР жүн экспорттаудан жетекші орын алады. Ет товарларын экспорттаушы ірі елдердің көбі ет импорттаушысы болып табылады. Атап айтсақ, Франция мен АҚШ ет тауарларын экспорттаудың құнының жиынтығы жөнінен 2–3-ші орын алғанымен импорттау жағынан 4-5-ші орындарды алады.
Ауыл шаруашылық өндірісінің өнімділігін арттырып интенсивтендіруді көздейтін агротехникалық шараларды «жасыл рволюция» дейміз. Оның құрамына ауыл шаруашылық дақылдары мен малдың өнімділігін арттыруды көздейтін селекция, химияландыру, мелеорация кіреді. «Жасыл революцияның» екінші кезеңінде ауыл шаруашылық өндірісіне жаңа аграрлық технологиялар мен әдістерді енгізу экономикасы жоғары дамыған елдердің ірі ауыл шаруашылық құрылымдарында ғана жүзеге асыруға мүмкіндік бар.
Достарыңызбен бөлісу: |