5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»


-дәріс. Дүниежүзінің көлік және коммуникация кешені. Халықаралық экономикалық қатынастар



бет63/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   117
Байланысты:
Лекция Уалиев (копия) (копия)

11-дәріс. Дүниежүзінің көлік және коммуникация кешені. Халықаралық экономикалық қатынастар
11.1 Дүниежүзінің көлік және коммуникация кешенінің салалық құрамы. Құрылық көлігі
11.2 Су және әуе көлігі
11.3 Халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі түрлері. Халықаралық туризм
11.4 Халықаралық қаржы-қаражат жүйесі. Халықаралық банктер

Көлік – материалдық өндірістің ерекше саласы. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптен айырмашылығы өндіріс үрдісінің барысында ол жаңа өнім шығармайды, оның физикалық-химиялық қасиеті мен санын өзгертпейді. Көліктің бұл кеңістікте жүк пен адамдарды тасмалдау арқылы олардың орналасқан орындарын өзгерту. Сондықтан көлік жұмысының нәтижесінде тасмалданған өнім көлемін көрсеткіштері болып табылатын тонна-шақырыммен есептелінетін жүк айналымы және жолаушы-шақырыммен есептелінетін жолаушы айналымы алынады.


Қазіргі заманауи көлдік түрлеріне темір жол, автомобиль, су (теңіз және өзен), әуе және құбыр көліктері жатады. Олардың барлығы бірігіп дүниежүзінің көлік жүйесін түзеді. Қатынас жолдарының түрлері бойынша көлік жүйесінің даму деңгейін бағалау төмендегі көрсеткіштерінің көмегімен жүргізіледі: белгілі бір елдің аумағына немесе тұрғындар санына шаққандағы жол желілерінің ұзындығы мен жиілігі; көліктің белгілі бір түрлерінің көлік жұмысындағы (жүк және жолаушы айналымындағы) пайыз есебімен алынған үлесі.
Соңғы жылдары автомобиль, құбыр және әуе көліктері бәрінен де жылдам дамуда. Теңіз көлігініңде маңызы біршама артты. Дамыған елдердің барлығында дерлік теміржол көлігінің үлесінің кемуі байқалуда.
Дүниежүзілік көлік жүйесі XX ғасырда қалыптасты. Оны экономикасы дамыған және дамушы елдердің көлік жүйесіне бөлуге болады. Дүние жүзінің ірі аймақтар жеке елдерінің көлік жүйесіндегі көлік түрлертінің ара-қатынасы әр түрлі. Әсіресе Жпония, АҚШ, Франция, Германия, Ұлыбритания т.б елдерде көліктіктік инфрақұрылымның даму деңгейі өте жоғары. Қазіргі кезеңде дүние жүзінде Солтүстік Американың, шетелдік Еуропаның, Латын Америкасының, Оңтүстік және Оңтүстік-Батыс Азияның аумақтық көлік жүйелеріне бөліп қарау қабылданған.
Барлық көлік құралдары мен қатынас жолдарының басым бөлінгі экономикасы дамыған елдерде шоғырланған. Аймақтық көлік жүйелерінің ішінде қатынас жолдарының ұзындығы (дүние жүзіндегі жолдар желісінің 30% қамтитын) мен көліктің көптеген түрлері бойынша жүк пен жолаушы айналымынан жетекші орын алатын Солтүстік Американың жүйесі ерекше көзге түседі; қатынас жолдарының жиілігі мен көліктердің қозғалу жиілігі жөнінен басқа аймақтардың барлығын басып озатын Еуропа; дүниежүзілік қатынас жолдарын желісінің 10% қамтитын, жалпы жүк тасмалының көлемі жөнінен бірінші орын алатын ТМД елдерінің біртұтас көлік жүйесі.
Африканың, Азияның, Латын Америкасының дамушы елдерін қамтитын басқа аймақтарда көлік жүйесі қалыптасу сатысында тұр. Аталған аймақтарда әліде болса малды жүк көлігі ретінде қолданудың рөлі әлі де болса жоғары болғандықтан темір жол, құбыр көлігі сияқты заманауи көлік түрлерінің кейбірі әлі де нашар дамыған. Тұтастай алғанда электрлендрілген теміржолдардың, қатты жабынды автомобиль жолдарының ұзындықтарының артуы, диаметрі ірі құбыр желілерінің үлесінің артуы сияқты дүние жүзіндегі көлік желісінде сапалық өзгерістер өсіп келеді. Көлік желілерінің сапасын арттырудың басқа көрністеріне: кеме жүзетін каналдармен (Суэц және Панама каналдары, Гибралтар бұғазын бойлай өтетін Транспериней автомагистралі) бағыттас автомобиль магистральдарың, құбыр желілерін; теңіз және теміржолды қамтитын трансқұрылықтық жүк тасымалының (Транссібір – Жапония – АҚШ-ың шығыс жағалауы, Трансамерика, Батыс Еуропа - Таяу және Орта Шығыс) контейнерлік жүйесін (дүние жүзіндегі жүктің 40% контейнерлермен тасымалданады); жүк тасмалы бірнеше мемлекеттің аумақтары арқылы өтетін көп магистральды көлік дәлізін (мысалы, Еуропадағы тоғыз, Ресейдегі екі көлік дәлізі: Новороссийск мен Астраханға дейін созылатын Берлин - Варшава - Минск - Мәскеу - Төменгі Новгород, Хельсинки - Санкт-Петербург - Мәскеу - Киев - Одесса) құруды жатқызуға болады.
11.1-кесте. Дүниежүзінің көлік жүйесінің даму динамикасы, мың. шақырым



Қатынас жолдарының түрлері

Жылдар

1950

1980

1995

2005

Темір жол
соның ішінде электрлендіріген

1 320
60

1 248
164

1 180
200

1 115
278

Автомобиль жолы,
соның ішінде қатты жпабынды

15 400
7 645

22 300
16 000

24 000
22 000

32 345
19 403

Кеме жүзетін өзендер мен каналдар

560 

540

550

550

Мұнай құбырлары

175

520

680

820

Магистральды газ құбыры

186

760

1 100

1 420

Әуе жолдары

3 300

6 900

8 500

10 100



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет