KFG 2207 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯСЫ
Көлемі - 2 кредит
Автор:
Оразымбетова К.Ш. - география
ғылымдарының кандидаты, география,
жерге орналастыру және кадастр кафедрасының доценті
Пікір бергендер:
Мамирова К.Н. – п.ғ.к., Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық
унивеверситетінің география кафедрасының доценті
Токбергенова А.А. - география ғылымдарының кандидаты,
әл-Фараби
атындағы Қазақ ұлттық университетінің география, жерге орналастыру және
кадастр кафедрасының доценті
ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ
Қазақстанның физикалық географиясы – география мамандығының типтік
оқу жоспарына сәйкес оқытылатын пән. Қазақстанның физикалық географиясы –
республикамыздың табиғи жағдайлары мен табиғи-аумақтық кешендерінің
ерекшелігі мен заңдылықтарын зерттейтін курстың бірі. Қазіргі кездегі табиғи-
экологиялық өзгерiстердiң болуы географиялық зерттеуге де жаңаша тұрғыдан
қарау қажеттілігін туғызды. Сондай-ақ қазіргі
өмір талабына сай әлем мен
кәсіптік географтардың алдына жаңа мәселелер қойып, ескі мәселелерді жаңаша
қарастыру қажеттілігін туғызып отыр. Мұның өзі болашақ географтардың
табиғи құбылыстар мен үрдістердің ішкі логикасының іргетасын құрайтын
негізгі теориялық мәселелерді оқып-үйренуін талап етеді.
Студент өз мамандығының іргелі ғылым курсы ретінде негізгі түсініктерін,
географиялық заңдылықтар, халықты қоныстандырудың және дүниежүзі
шаруашылығын тиімді жүргізудің
заңдылықтары, адамзаттың ғаламдық
мәселелерін қарастыра алады. Олардың қоршаған ортамен өзара байланысы,
экологиялық жағдайы мен табиғатты тиімді пайдалануын бағалау.
Бұл пәннің ерекшелігі сонда, ол студенттердің
барлық негізгі
географиялық және жаратылыстану пәндер бойынша алған білімдеріне сүйене
отырып , алған білімдерін қорытындылайды. Осы курсты оқуда студент тек
географиялық қана емес, сондай-ақ экологиялық,
экономикалық және геосаяси
ойлау қабілетін қалыптастырады.
Курсты физикалық-географиялық түсініктердің қалыптасуы мен Қазақстан
аумағындағы заңдылықтары, олардың қоршаған ортамен өзара байланысы,
экологиялық жағдайы мен табиғатты тиімді пайдалануын бағалау мен пайдалану
жолдарын біледі.Аталған пәнді оқытудың алдында өтілетін пәндер: Жалпы
жертану, Топырақтану
жөне топырақ географиясы, Метеорология және
климатология, Геоморфология, Геология және геохронология,
Биогеография,
Гидрология, Ландшафттану.
Бұл пәндер «Қазақстанның физикалық географиясы» пәнін оқытуда
эмпирикалық материал береді, табиғи кешендердің біртұтастығын, оның
дамуының заңдылығын түсінуге көмектеседі.
Қатар оқытылатын пәндер және олардың осы пәнмен оөзара байланысы:
Құрлықтар мен мұхиттардың
физикалық географиясы, Қазақстанның
экономикалық географиясы, ТМД-ның физикалық географиясы
, Антропогендік
ландшафттану нышанының міндетті элементі болып табылады, ал
«Қазақстанның физикалық географиясы» аймақтық
географиялық білімнің
көзқарастық негізін құрайтын жаратылыстану білімнің міндетті элементі болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: