5В060900 «География» мамандығы бойынша


ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ



Pdf көрінісі
бет54/177
Дата05.10.2022
өлшемі1,65 Mb.
#41559
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   177
Байланысты:
5В060900-География

ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ 
№ 
Тақырыптар атауы 

Қазақстан табиғатын физикалық географиялық зерттелу тарихы 

Геологиялық тарихы және палеогеография 

Негізгі тектоникалық құрылымдардың даму ерекшеліктері 

Орографияның негізгі сипаттамалары 

Климаттық жағдайлар 

Жыл мерзімдері бойынша негізгі метеорологиялық элементтердің 
сипаттамасы 

Беткі сулар және олардың қоры 

Ішкі континенталдық теңіздер мен көлдер, қазаншұңқырлар 
генезисі 

Қазіргі мұздану және көпжылдық тоң 
10 
Қазақстанның топырақ жамылғысы 
11 
Қазақстанның өсімдік жамылғысы 
12 
Қазақстанның фаунасы 
13 
Табиғи зоналар және физикалық географиялық аудандастыру 
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ 
 
Кіріспе 
«Қазақстанның физикалық географиясы» пәнін оқытудың мақсаты 
географияның негізі түсініктерімен, Қазақстанның аумағының табиғатынаның 
даму заңдылығын игеріп , табиғатқа аймақтық тұрғыда терең талдау жасауды 
игеру.
Еліміздің 
жекеленген 
аймақтарының 
физикалық 
географиялық 
ерекшеліктерін, құрамдас бөліктердің өзара байланыстарын және табиғи 
кешендердегі құбылыстар мен үрдістерді ашып айқындау; табиғи ресурстарды 
пайдалануда еліміздің аумағын шаруашылықта қолдану және болашақта игеру 


болжамдары және зерттеу тарихының негізін ашу мен оларды ұтымды 
пайдалану қажеттілігі, оларды қорғауды оқуда оларға бағдар беретін білімді 
меңгерту. «Қазақстанның физикалық географиясы» пәнін оқытудың міндеттері. 
Студент аталмыш пәнді оқу барысында:
– еліміздің және оның жекелеген аймақтарының табиғи жағдайлары мен 
ресурстарын зерттеуде ғылыми категориялық аппаратты меңгеруге тиісті
оларды ғылыми шығармашылық тұрғыда және жеке өз бетінше жұмыс жасауға 
даярлау; географиялық ғылымдардың әдіснамасы және зерттелу тарихы, 
географиялық болжау мен жүйелі білімді меңгеруге тиісті;
– табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану күнделікті зерттеу 
жұмысында қолдана білуге тиісті. физикалық-географиялық аудандардың табиғи 
және табиғи-ресурстық потенциалын зерттеу 
«Қазақстанның физикалық географиясы» пәні жаратылыстану білім 
жүйесінде айрықша орын алады, өйткені ол негізгі және аймақтық география 
пәндерінің теориялық іргетасы болып табылады.
«Қазақстанның физикалық географиясы» пәнінің объектісі және әдістер 
жүйесі. Ұсынылып отырған пәннің оқыту объектісі Қазақстанның табиғи 
жағдайлары мен геожүйелер туралы теориялар болып табылады.
«Қазақстанның физикалық географиясы» пәні география ғылымының 
концептуальдық қағидаларын негіздейді. Пәннің әдістер жүйесін талдау, синтез, 
абстрактілеу, салыстыру сияқты жалпы ғылыми әдістер, сондай-ақ арнаулы 
әдістер құрайды.
Қазақстанның физикалық географиясы курсында әртүрлі эмпирикалық 
байланыстарды орнату мен теориялық тұжырымдарды алу үшін қолданылатын 
негізгі амалдар– салыстырмалы географиялық (картаны талдауды қоса), жүйелік 
және тарихи амал, сондай-ақ математикалық және статистикалық амалдар. 
Пәннің категориалдық аппараты: әдіс, методология, танымның әдістері, табиғи 
үрдістер мен үдерістер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   177




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет