Дәріс 11
Классикалық және толық факторлы эксперимент
Эксперимент нәтижелеріне сүйене отырып, зерттеу факторларын (Х1, Х2……..) процесс көрсеткішімен (У) байланыстыратын математикалық модельді құру.
Жалпы түрде мұндай факторлар көпмәнді болады. Оларға барлық зерттеудегі құбылмалы факторлар мен олардың біріккен әсері белгілі сандық көрсеткіштермен қатар кіреді. Мысалы, екі факторлы эксперимент мынандай сипатта болады:
У = b0 + b1x1 + b2x2 + b12x1x2,
мұндағы b0 – экспериментте анықталған барлық Уj оптимизация критериясының орташа арифметикалық мәндерінің коэффициенті,
b0 = ∑ Уj / N,
j = 1, 2, 3……, N, N – сынақ саны, ТФЭ үшін N = mk, мұндағы m – деңгейлер саны, k – факторлар саны. b1, b2 коэффициенттері х1, х2 факторларының У-ке әсерін сипаттайды. Оларды былай анықтайды:
b1= ∑ х1Уj / N; b2= ∑ х2Уj / N
b12 коэффициенттері х1, х2 факторларының У – ке қосарланған әсерін сипаттайды. Оларды былай анықтайды:
b12= ∑ (х1х2)Уj / N
bj коэффициенттерін Стьюдент t-критериясының көмегімен тексереміз. Егер tсын > tкес болса bj елеулі, ал tсын < tкес болса bj елеуcіз деп саналады да алынып тасталады.
Алынған математикалық модельдің зерттелетін процесске сәйкестігін дәлеледеу. Есептелген Fсын Фишер критериясының кестелік Fкесте мәніне салыстыру арқылы анықталады. Егер Fсын ≤ Fкесте, болса математикалық модель адекватты, ал Fсын ≥ Fкесте, болса математикалық модель адекватты емес болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |