Анар ЖҰМАДІЛОВА,
№15 орта мектептің қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
қарастырылғанына қарамастан,
орта білім беру жүйелерінде
әлемдік жоғары деңгейде қол
жеткізген анағұрлым танымал
оқыту
әдістемелері
арасын-
да сындарлы (конструктивті)
теориялық
оқыту
тәсіліне
басымдылық
берілген.
Бұл
оқытудың басты бағыты – ойлау-
ды дамыту болып табылады.
Бағдарламаның негізін құрайтын
жеті
модулді,
оқушылардың
тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей
тәсілдермен
меңгеретіндігін
жете түсіну-мұғалім қызметіндегі
маңызды дүние. Сабақтарды
күнделікті өмірмен, мектеппен бай-
ланысты түсіндіру немесе бейне-
роликтермен көрсеткен көріністер,
бірлесіп өткізген пікірталастар,
жас ерекшеліктеріне қарай оқыту
немесе талантты және дарынды
оқушылардың білім алуын арт-
тыру мақсатында жаңа техноло-
гияны пайдалану арқылы керек
материалдарды интернеттен алу
жолдарын үйрету тиімді тәсіл
болып отыр. Қазақ елінің жаңа
форматтағы мұғалімі міне осындай
жандар болуы керек.
Бастысы, қазіргі мұғалімде
ұ й ы м д а с т ы р у ш ы л ы қ ,
құрылымдылық,
бейіміділік,
сараптамалық қабілеттер болуы
тиіс. Ол сонымен бірге ұлттық
құндылықтарды яғни этнопеда-
гогика, этнопсихология негіздерін
меңгерген, ғаламдасуға байланы-
сты «Интернет» жүйесін меңгерген,
әлемдік білімге сай, мәдениеті
жоғары жеке тұлға тәрбиелей ала-
тын ұстаз болғаны жөн.
Елбасымыздың «Мәңгілік Ел»
ұлттық идеясы негізінде ең абы-
ройлы, ең мәртебелі де білімді
шәкірт дайындауда іскерлік таныта
білейік. Қазақ елінің жаңа форматты
мұғалімін дайындауда жаңа үлгідегі
білім беріп, өмірге оң көзқарастарын
қалыптастыруда
аянбай
еңбектенсек, озық елдер арасында
Қазақстанның білімді жастарының
орны ерекше болары ақиқат.
Анар НҰРБАЕВА,
К.Д.Ушинский атындағы
№7 орта мектептің қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
«Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай
болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мек-
тептен балалар көбірек білім алып шықпақшы.
Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі білімді,
педагогикадан, методикадан хабардар, жақсы
оқыта білетін мұғалім»
А.Байтұрсынов.
Жетісу
университеті
МЕРЕЙ
бейсенбі, 19 наурыз,
2015 жыл
5
ОТАН ҮШІН ОТ КЕШКЕНДЕР
Кешегі кеңес дәуірінде Наурыз мерекесін тойламақ түгілі ескіліктің сарқыншағы деп атын
атауға қорқатын халқымыз Тәуелсіздіктің арқасында Ұлыстың ұлы күнімен қайта қауышты.
Қауышу дегеннен шығады ғой, ежелгі түрік-парсы елдері 14 наурыз күнін «қауышу,
көрісу» күні деп қабылдаған. Дәл сол күні адамдар бір-бірімен құшақтасып көрісіп, хал-
ахуал сұраған, «келер жылдарға аман жетіп, жақсылықта қауышайық» деп тілек айтқан.
Осы дәстүр ел арасында қайта жаңғырған сыңайлы. Оның дәлелі ретінде «Достық пен
келісім» үйі ғимараты алдында өткен дүбірлі жиынды айтсақ болады. Жетісудағы этностық-
мәдени орталықтар ақшаңқай үйшіктерін қаз-қатар тігіп, ұлттық киімдерін сәндене киіп,әнін
әуелетіп шырқап, биін мың құбылтып билеп, бір-бірін жетектей сүйреп, қалжыңмен түйреп
оңтүстіктік қазақстандық бауырларын құшақ жая қарсы алды. Сағынысқан жүректер та-
бысып, жылы тілектер төгілді. Төрткөз түгел жиылып, наурыз көже құйылып, қымыз-шұбат
бойға қуат дарытып қонақтар дастарханнан дәм татты. Оларға Алматы облысы әкімінің
орынбасары Б.Өнербаев ыстық ықыласын білдіріп, «20 игі іс» акциясына орай өткізілген
қайырымдылық шаралардың ұйытқысына, достық пен ынтымақтастықтың, тоқшылық пен
молшылықтың символына айналған Тайқазанды табыстады. Тамаша осы дәстүрдің ба-
рысында бізге де бірнеше этностық-мәдени орталықтардың өкілдерімен сұхбаттасудың
сәті түсті.
М.Ш.Гасанов, «Барбанг» курдтер қауымдастығы Алматы облыстық филиалының
төрағасы:
– Бүгінгі күннің ерекшелігі – қыстың қаһарынан қысылмай өтіп, көктемнің күн шуағына
бөленіп, көңілдеріне қуаныш ұялаған жұртшылықтың бір-бірімен кеуде түйістіріп көрісіп,
қауышуы. Бұл– біздің ата-бабамыздан келе жатқан игі
дәстүр. Наурыз мерекесінің алғашқы әдет- ғұрыптарының
бірі.
– Маликшах Гасанович, «әр елдің салты басқа,
жылқысы ала қасқа» дегендей Наурыз мерекесін
тойлауда, оның ас мәзірін дайындауда курділер мен
қазақтардың арасында айырмашылық бар ма?
– Рас айтасыз, мысалы, жастарымыз алтыбақан құрып,
әткеншекте тұрып ән шырқамайды. Олар би жарысқа
көбірек әуес. Одан кейін наурыз көжені дайындауда тағы
бір ерекшелік бар. Курділер жеті-тоғыз түрлі өнімді са-
лып наурыз көже, яғни «гыраж» дайындағанмен оған
қазақтар сияқты қыстан қалған соғым салмайды. Ешбір
ет өнімінсіз жасайды.
– Е, бәсе, «қазақ пен қасқыр етсіз жасай алмайды»
дегенді курділер шығарған екен ғой.
– Мүмкін (күлді). Одан кейін жастарымыз от жағып
үстінен секіріп билейді. Оның мәнісі арадағы махаббат
ұшқыны оттай ыстық болсын дегені.Отпен аластату ыры-
мы қазақтарда да бар ғой. Жалпы біз қазақ еліне үлкен құрметпен қараймыз. Дос түгілі
дұшпанын аузына ақ құйып қарсы алатын қасиетті халық қой. Орайлы сәтті пайдала-
нып бүкіл қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Дендеріне саулық,
отбасыларына құт-береке, жарқын ғұмыр тілеймін. Қой жылында қой үстіне боз торғай
жұмыртқалаған заман болсын.Туы биік, тұғыры берік, достығы мызғымас Мәңгілік елге
айналайық.
Е.П.Порсева, «Полония» поляк этно-мәдени орталығының төрайымы:
– Елена Петровна, Польшада поляктар да
Жаңа жыл – Наурыз мерекесін көктемде той-
лайды дейді ғой, рас па?
– Әзілкеш екенсіз (күлді). Польшада қалай екенін
қайдам, бірақ қазақстандық поляктар Наурызды
дәстүрлі түрде көктемде тойлайды. Кеңес үкіметі
қаншалықты тиым салмасын әр жылы аналарымыз
қазақтар сияқты сол күні ас дайындап, дастархан
жазып, көрші-қолаңға наурыз көже тарататын. Ба-
лалар тәттіге тойып, қызыл-жасыл киініп ән айтып,
би билейтінбіз. Міне бүгінгі таңда Елбасымыздың
көрегенділігінің арқасында Қазақстандағы жүзден
астам ұлттың өкілі бір шаңырақтың астында, бір
керегенің ішінде татулықпен Наурыз мерекесін
тойлап жатыр. Наурыз – халықтардың ынтымақ
пен бірлігінің символына айналған халықаралық
дәрежедегі ұлы мерекеге ұласып отырғаны бізді
қуантады. Лайым, осы достығымыз ғасырдан-
ғасырға жалғаса берсін деп тілеймін. Аспанымыз
ашық,өміріміз бейбіт, күніміз шаттыққа толы болсын.
– «Полония» поляк этностық-мәдени
орталығы өзінің би өнерімен көп жерде көзге
түсіп, мәшһүр атанып жүр дейді. Оның мәнісі
неде?
– Рас, бізде Татьяна Матвеевна Мануйлоның жетекшілігіндегі «Солнышко» балалар би
ансамблі Қазақстанда ғана емес, шетелдерде де өнер көрсетіп жүр. Өйткені оның бишілер
тобы жыл сайын жазғы демалыста Польшаға барып үш жылдық хореографиялық курста
өнер үйреніп қайтады. Бұның өзі елімізде балаларға жасалынып жатқан қамқорлықтың бір
көрінісі емес пе?
– Әңгімелеріңіз үшін үлкен рахмет.
Сұхбаттасқан Үсен ӨМІРЗАҚОВ.
Міне, қытымыр
қыстың сарышұнақ
аязынан қысылмай
шыққан ел- жұрт
көктен нұр боп
құйылып жердің
тоңын жібіткен,
Самарқанның көк
тасына дейін
үгіткен қасиетті
Наурыз мерекесінің
алғашқы күндерін
шаттықпен қарсы
алып, мәре -сәре
болып жатыр.
Ынтымақтастық пен
бірліктің символы
Ұ
лы Жеңістің қуанышы мен салтанатынан кешегі қайғысы мен
азасы анағұрлым ауыр. Сондықтанда күші аса басым жауды
жеңіп шыққан ұрпақ өкілдерінің еңбегі тарихтан өзінің лайықты
орнын алды. Ерен ерлік көрсеткен халықтың тарихын әр уақытта
қастерлеп есте сақтауға тиіспіз.
Ұлы Жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. Соғыс салған ауыр зардап-
тар мен қайғы-мұңды ұмытуға болмайды. Сол бір сұрапыл күндерде бар
жастық ғұмырын қиып, қанкешті майдан даласында қасық қандары
қалғанша шайқасқандар қатарында біздің жетісулықтардың да болуы
бір жағы қуаныш болса, бір жағы мақтаныш.
Еранкевич Петр Тимофеевич – Ұлы Отан
соғысының ардагері. 1925 жылы дүниеге келген. 1943
жылы Талдықорған қалалық әскери комиссариаттан
әскерге шақырылған. Жапонияны азат ету шайқасының
басынан аяғына дейін қатысқан. Соғыстан кейін зей-
нет жасына шыққанға дейін, яғни 1985 жылға дейін
ауылшаруашылығы саласында қажырлы еңбек еткен.
Соғыстағы ерліктері және мерейтойлық мерекелерде
бірнеше мемлекеттік марапаттар иеленген.
Домаев Николай
Фомич – Ұлы Отан
соғысының ардагері.
1920 жылы Сарқанда
туған. 1941 жылы
әскер
қатарына
шақырылып,
1945
жылға дейін барла-
ушы болған. «Гер-
манияны
жеңгені
үшін» және тағы
басқа көптеген медальдардың және ІІ дәрежелі
Отан соғысы орденінің иегері. Соғыстан кейінгі
жылдары зейнеткерлікке шыққанға дейін елдің
әлеуметтік жағдайын көтеру жұмыстарында абырой-
лы қызмет атқарып,
е л - ж ұ р т ы н ы ң
ы қ ы л а с ы н а
бөленген жан.
Климов
Ва-
силий Нестеро-
вич – Ұлы Отан
соғысының ардагері. 1925 жылы Шығыс Қазақстан
облысының Самар ауданы орталығында дүниеге
келген. 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, І
Украина, І Белоруссия майданындағы шайқастарға
және Праганы азат ету майданына қатысқан. №313
атқыштар полкін басқарған командир талай қанкешті
ұрыстарда ерлік көрсеткен. Соғыстан кейінгі жылдары
Талдықорған қаласындағы құрылыс компаниясында
инженер қызметінде болған. І дәрежелі Отан соғысы
орденімен және «Гер-
манияны
жеңгені
үшін», «Ерен ерлігі
үшін» медальдары-
мен марапатталған.
Астафуров Петр
Иванович – Ұлы
Отан
соғысының
ардагері. 1920 жылы Омбы облысының Ракиты ауы-
лында туған. Соғысқа дейін Текелі қаласындағы жеңіл
өнеркәсіп саласында қызмет еткен. 1942 жылы әскер
қатарына шақырылып, Тынық мұхиты әскери флотында
қызмет етті. Кейін Жапонияны азат ету шайқастарына
қатысқан. 1948 жылы елге аман-есен оралып, Текелі
қаласында түрлі салада қажырлы еңбек етті. Жанкешті
ұрыстарда көрсеткен ерлігі бағаланып, І дәрежелі Отан
соғысы орденімен және «Германияны жеңгені үшін» ме-
дальдарымен марапатталған.
Жеңісті жақындатқан
ЖЕТІСУЛЫҚТАР
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНА 20 ЖЫЛ
Жетісу
университеті
6
бейсенбі, 19 наурыз,
2015 жыл
ҰЛЫС КҮНІ ТӨРІМДЕ
Наурыз
Келер қайтып тырналар,
Суға толар жылғалар.
Суық қабақ, сұр кезең,
Гүл тағынар, нұрланар.
Наурыз, көктем тойланар,
Желікке жел байланар.
Бәйек болып жеңгелер,
Алды - артыңды айналар.
Базына құрар бажалар,
Базарға шығар ағалар.
Сыбағасын дәметіп,
"Қыз" төркінін жағалар.
Бойжеткендер назданар,
Сезімдерге жаз қонар.
"Қыз қууда" таяқ жеп,
Бозбалалар мәз болар.
Асылар тәтті көжелер,
«Диеталар» тежелер.
Шылдырлатып шолпысын,
Сандық ашар әжелер.
Немерелер "ата"-лар,
Атасы қайтып жата алар.
Ұйқы көрмей атқұмар,
Бапталар саяқ, сақалар.
Көкпаршылар, палуандар,
Білекпен бәйге алғандар.
Тақым қызған тартыста,
Ойқастар да алшаңдар.
Қария көзге жас алар,
Ана жер тоңнан босанар.
Тойлап кеткен көкенің,
"Бастаңғысы" жасалар.
Алтыбақан тербелер,
Ашылар көңіл-перделер.
Ұлыста ұлы мейрам жоқ,
Наурызға тең келер!
Жанбай ӨЗДЕНБАЕВ
Осы айда әдемі қиыршық қар түседі,
оны наурызша дейді. Халық ауыз
әдебиетінің классикалық үлгісі «Қыз
Жібек» лиро-эпикалық жырындағы
Қыз Жібектің ақтығын наурыздың
ақша қарына теңеуі наурызда жауған
қардың қасиетін халықтың ерекше
қадір тұтуынан. Ақ ұлпа қар - кіршіксіз
тазалықтың, пәктіктің, еріп, иіп тұратын
мейірімнің, жұмсақтықтың нышаны.
Алаш зиялысы М.Дулатов. «На-
урыз қазақтың шын мағынасындағы
ұлт мейрамы. Наурызды қазақтан
басқа күншығыс жұрттарының көбі
мейрам етеді. Бірақ бұлардың бәрін
салыстырғанда
Наурызды
біздің
қазақтың мейрамы етуі айрықша сый-
ымды, артықша дәлелді. Неге десеңіз,
марттың ескіше 9-ында, жаңаша
22-сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп,
жаз жетіп, шаруа кенеледі»,-деп жаза-
ды. Қазақтың Жаңа жылы – жазғытұрғы
күн мен түннің теңелген күні (22 март)
болады. Жаңа жылдың ертеңіне жарық,
жылы күн қараңғы суық түннен ұзара
бастайды. Наурыз ай аты емес, пар-
сыша - жаңа күн, яғни бірінші айдың
алғашқы күні деген мағына береді.
Ал соғда, хорезм, қазақ күнтізбесінде
жаңа мағынаға ие болып, ай аты-
на айналғандықтан, бүгінде наурыз
жылдың алғашқы айының атауы ретінде
Аяла, Наурыз,
Наурыз - тіршілік тамырына
қан жүгіріп, дүние дүбірге то-
лып, жер ана жүрегі дірілдей
соғып, табиғат балауса
көк түске боялатын киелі
көктемнің, жаңару, жаңғыру,
түлеу маусымының алғашқы
айы. Адамзат біткеннің өңіне
нұр тұнып, көңілін қуаныш
кеулеп, жүрегіне жыр ұялап,
бусанған топырақтың, бүр
жарған бұтақтың, дүр етіп
шыққан көктің, алтын күрек
лептің, күн көзінің құйған
жылуынан тұла бойына бұла
сезім мен
бұлқынған күш
бітеді.
қалыптасып кеткен. Көшпенділердің
байырғы астрономиялық түсінігінде
жыл алты ай қыс, алты ай жаз бо-
лып бөлінеді. Жазды жағымды,
қысты жағымсыз бейнеде
суреттеу «Диуани лұғат
ат-түрікте» кездеседі.
Мысалы, Қыс пен
Жаздың айтысында:
«Қыс
сенде
бүрсең-дейді
жан-
жануар,
Жаз менде бар
сұлулық мән бағы
бар»,- деген жолдар-
дан соны аңғаруға бо-
лады.
Махмұд Қашқари: «Олар-
да (түркілерде) күннің аты
жоқ. Апта деген ұғым ислам діні
кіргеннен кейін ғана пайда болған.
Көшпенді өмір сүріп, мұсылман
болмаған түркілер жылды төрт
маусымға бөліп, әр үш айды бір
атпен атайды» - дейді. Суық пен
жылының, жұт пен молшылықтың
күресін көрсететін ертегілер мен
аңыздарға
мол
болғандықтан
кейбір ғалымдар наурыздың шығуын
дуалистік
теориядан
да
іздеген.
Наурыздың түп-төркіні ежелгі түркі
тайпаларының мүшел есебімен де бай-
ланысты. Халық өзінің тұрмыс-салты
мен шаруашылық кәсібіне байланысты
ертеден тойланып келе жатқан Наурыз-
ды «Ұлыстың ұлы күні» деп қастерлеп,
күллі жақсылықтың бастауына жорып,
қалтқысыз сеніп, жасару, жаңғыру
сәті, молшылық, тыныштық әкелетін
«ақжарылқап күн туған» киелі маусым
деп қабылдаған.
Григориан күнтізбесі бойынша ескіше
9 наурыз жаңаша 21- нен 22- сіне
қараған түнге сәйкес келеді. Ежелгі
Русьте христиан дінін қабылдағанға
дейін, ағылшындар XVIII ғасырдың ба-
сына дейін жаңа жылды наурыз айын-
да тойлаған. Тілдегі ұқсастықтардың
өзі де осыған меңзейді. Парсыша ноу-
жаңа, орысша-нов, ағылшында- нью,
немісше-нейс, латынша-нео. Бұл айды
соғдалықтар – «наусарыз», армияндар
– «новасарди» деп атаған. Жыл басы
жазғытұрғы күн мен түннің теңелу күніне
негізделген азаматтық (календарлық)
жылдың
дәлсіздігінен
қазақ
күнтізбесіндегі 21 күндік айырмашылық
– юлиан календарындағы қателіктен.
Байырғы қазақ күнтізбесінде жаңа жыл
үнемі күн мен түннің теңелген күнінен,
григориан календары бойынша 22 март-
тан басталады. Римдіктер біздің жыл
санауымыздан бұрынғы VIII
ғасырдың орта шенінен
бастап
қолданған
күнтізбеде жаңа
жылды наурыз-
дан бастаған.
Бірінші айды
соғысқа тый-
ым
салу-
шы
құдай
М а р с т ы ң
( л а т ы н ш а
М а р т и у с т ы ң )
а т ы м е н
атаған.
Түркі халықтарының
жыл қайыруына қатысты
Махмұд
Қашқари
жазған
аңыз
аңдысына сөз берейік: «Түркілер
он екі жылды он екі хайуанның аты-
мен атайды. Балаларының жасы мен
өткен күндердегі соғыс тарихын, сол
сияқты түрлі есте тұтар шақтарды
жылдардың айналуымен есептейді.
Бұның өзіндік шығу тарихы болған.
Түркі хақандарының біреуі өзінен бұрын
болған соғыстың тәсілін үйренбек бо-
лады. Бірақ сол соғыстың болған жы-
лын анықтауда мықтап қателеседі.
Осы жағдайға байланысты хақан
халқымен кеңес өткізіп, былай дейді:
"Тарихты анықтауда қалай қателессек,
келешек ұрпақтарымыз да дәл солай
қателеседі. Сондықтан біз он екі айды
аспанның он екі бұрышына негіздеп,
әр бір жылға ат қоялық. Бізден кейінгі
жыл есебі сол жылдардың айналыс
тәртібімен есептелсін. Сөйтіп бұл іс
өзімізден кейінгілерге мәңгілік естелік
мұра болып қалсын!». Бұл ұсынысты
халқы қоштаған соң хақан аңға шығып,
барлық аңды Іле өзеніне қарай қууды
бұйырады. Халық тәмәм аңды қуып
келгенде қорыққанынан алғашқы он
екісі өзеннен жүзіп өтеді. Cолардың
аты жылға есім болып
қойылады. Ең алдымен
өткен тышқан жыл басы
болып саналады.
Омар Хаям «Наурыз-
нама» атты кітабында
Күн
тізбесінің
тари-
хын, сол тізбе бойын-
ша Иран патшаларының
Наурыз
күнін
қалай
белгіленгендіктерін және
мейрамды қай мезгілде
өткізгендіктерін
діни
аңыздармен астасты-
ра сипаттайды. Десек те
парсыларда наурыз бен
наурыздың екінші сыңары
«руз и михр» (бізше 21
қыркүйек) діни мейрам
емес
шаруашылыққа
қатысты
мейрамдар
болған. «Күн мен ай
аспанның екі көзі, наурыз
бен меһран -уақыттың
екі көзі»,- деп жырлаған
парсылар.
Наурыздың
парсы
патшалығынан
бергі аталып өтетіндігі
туралы қызықты дерек-
тер де мол. Дарий пат-
ша Наурыз үшін Персе-
полис қаласын арнайы
безендірген.
Наурызға
ерекше мән берген парсы
патшалары оны барын-
ша сән-салтанатпен атап
өткендіктен патша деңгейінде тойла-
натын Наурыз Шах-Наурыз аталған.
Наурызды бар бекзаттығымен атап
өтетін парсы патшалары құлдарына
қайрымдылық жасап, кешіреді екен.
«Құл құтылар құрықтан, Күң құтылар
сырықтан»,- деген жолдар да сол
дәстүрден қалған.
Наурызда ешқандай діни ғибадат
орындалмайды,
дегенмен
Наурыз
мерекесі ислам мәдениетімен толықтай
үндестік табады деуге де болады.
Наурыздың игілікті дәстүрлерінің
Қазақ Жаңа
жылын «Наурыз»
дейді. Наурыз әулиенің,
әнбиенің аты болмаса керек.
Сондықтан, қазақтың Науры-
зы – дін мейрамы емес, тұрмыс
мейрамы»,-деп нақтылай
түседі
Мағжан Жұмабаев.
ӘЗ НАУРЫЗ – ЖЫЛ БАСЫ
Көктем әні
Көктем келді далаға көрік беріп,
Бозбаланың бойына желік беріп.
Сары гүлін ауланың немересі,
Әжесіне жинап жүр теріп беріп.
Құлпырған іші ауланың,
Қызыққа толы жан-жағым.
Мұрынды жарып барады,
Гүлінің иісі алманың.
Торғайға кеп бұтаға тұрақтаған,
Тарғыл мысық алайды ұнатпаған.
Аяғына маңқайып басын қойып,
Төбет жатыр маужырап шуақтаған.
Қызым менің Меруерт,
Күлдіреді мені кеп.
Мысығына ұрсып жүр,
«Байлап қоям» сені деп.
Әшейінде үйшікке тығылатын,
Аяз қысса бүрсеңдеп жығылатын.
Жан бітіпті күшігім Сұрмойнаққа,
Лақтармен қосылып жүр ойнақтап.
Түрің құрсын Сұрмойнақ,
Лақпен жүр бірге ойнап.
Тауық та жүр қыт-қыттап,
Тандырдағы күлге аунап.
Жалбыз аңқып арықтың жүйелері,
Ошақ басын жеңешем иеледі.
Табиғатқа тылсым үн, тіл бітірген,
Көктем қандай қасиетті киелі еді.
Келді жетіп көктемім,
Нұрын төгер көкте күн.
Алма гүлі аңқыған,
Мен де баққа беттедім.
Достарыңызбен бөлісу: |