6 дәріс Химия және мал шаруашылығы


Хлорамфеникол (левомицетин)



бет2/2
Дата06.03.2023
өлшемі20,54 Kb.
#72118
1   2
Байланысты:
лекция 6 Химия және мал шаруашылығы

Хлорамфеникол (левомицетин) – малшаруашылығында қолдануға тыйым салынған, кең спектрлі əсері бар синтетикалық антибиотик. Препараттың салыстырмалы арзандығы жəне жоғары бактерияға қарсы тиімділігі кең ауқымда рұқсатсыз қолданылуына мүмкіндік береді, сондықтан ет, бауыр, бүйрек, сүт, сүзбе, қаймақ, сыр, жұмыртқа жəне басқа өнімдерде 0,02-0,50 бірл./үлгі граммы концентрациясында (белсенділіктің 1 бірлігі 1 мкг таза затқа сəйкес келеді) левомицетиннің қалдықты мөлшері жиі байқалады.
Тетрациклин кең спектрлі əсері бар тиімділігі жоғары антибиотик болып табылады, медицинада əртүрлі ауруларды емдеуге, сонымен қатар мал емдеуде микробқа қарсы əсері жоғары болғандықтан қолданылады, (хлортетрациклин, окситетрациклин) тетрациклинмен ластанған өнімді тағамға қолданған адамның берілген антибиотикке микрофлора тұрақтылығының дамуына байланысты қауіпті болып саналады. Тетрациклин тобы антибиотиктерінің қалдықты мөлшерінің РЕШК-сы ет, сүт жəне т.б. тағам өнімдерінде 0,01 бірл./г-ды (өте таза тетрациклинде 1 бірлік 1 мкг-ға сəйкес келеді) құрайды.
Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын ет өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптарда антибиотиктердің қалдықты мөлшері рұқсат етілмейді жəне бір грамм үлгіде антибиотикалық белсенділік бірлігі үлесінің деңгейінде (мкг) нормаланады.
Қазіргі уақытта антибиотикалық препараттардың қалдықтарын аналитикалық анықтау үшін антибиотиктер жəне талданатын экстрактінің стандартты сандарының көмегімен микроағзалардың тест – дақылдарының өсімін тіркеуге негізделген микробиологиялық əдістер; эффектісі жоғары сұйықтық хроматографиясы; массспектрометрлі детекторлы сұйықтық хроматографиясы (МССХ); талданатын заттың өзіндік дағы пайда болғанда тіркеуге мүмкіндік беретін жұқақабатты хроматография (ЖҚХ); арнайы органикалық хромоформы бар антибиотикті сəулелейтін кешеннің түзілуіне негізделген флуоресцентті анализ қолданылады. Антибиотиктерді ұшатын жағдайға ауыстыру қиын болғандықтан газдық хроматография əдісі қолданылмайды.
Соңғы уақытта гормондар жəне синтетикалық жолмен алынған гормональды белсенді заттар малшаруашылығында мал азығының сіңімділігін жақсарту үшін, жануарлардың тұқымдылығына серпіліс беру, өсімталдығын, буаздық кезеңін реттеу, жыныстық жетілуін тездету жəне басқа да мақсаттарда кеңінен қолданыс тапқан. Ғылымның дамуымен байланысты анаболикалық əсері бойынша тиімділігі табиғи гормондардан 100 есе жəне одан да жоғары гормональды препараттар ойлап табылған. Бұл препараттардың тиімділігі жоғары жəне арзан болуы малшаруашылығы тəжірибесіне қарқынды түрде енгізуді анықтап берді (диэтилстильбэстрол, синэстрол, диенэстрол, гексэстрол жəне т.б.). Бірақ табиғи аналогтарымен салыстырғанда көптеген синтетикалық гормональды препараттар өте тұрақты болып шықты, олар нашар метаболизденеді жəне жануар ағзасында көп мөлшерде жинақталып, тағам тізбегі бойынша тағам өнімдеріне көшеді. Қолданылған гормональды препараттардың қалдықтары мал сойылғаннан кейін шикі етте қалып, ет өнімдері арқылы адам ағзасына жетуі мүмкін. Синтетикалық гормональды препараттар тағам дайындағанда тұрақты болады, адам ағзасының зат алмасуы барысында жəне физиологиялық функцияларында жағымсыз дисбаланс тудыруы мүмкін. Гормональды препараттар жəне басқа биокатализаторларды қолдану олардың ағза жасушасы жəне тіндерінде жинақталуына жəне токсикологиясына байланысты тиянақты гигиеналық зерттеулер жүргізуді талап етеді. Адам ағзасында гормондардың артық болуына байланысты заң бақылау тəртібін бекітіп, олардың қолданылуын шектейді.
Мысалы, біздің елдің малшаруашы лығында стильбендерді қолдануға рұқсат етілмейді. Сондықтан көтерме саудада сатылатын ет өнімдерінің құрамында диэтилстиль бэстрол болмауы тиіс. Эстрадиол жəне тестостерон мөлшері өнімде 0,0005 жəне 0,015 мг/кг-нан аспауы тиіс.
1981 жылы ААҰ/БДСҰ комитеті малшаруашылығындағы гормондар жəне гормональды белсенді заттарды қарастырып, қолданылатын заттарды:
1) еті адам тағамына қолданылатын, жануарларда кездесетін гормондарға ұқсас гормондар жəне олардың эфирлері;
2) гормон туындылары, гормональды белсенді қосылыстар сияқты ксенобиотикалық қосылыстар, адамның эндогенді гормонына ұқсамайтын гормональды белсенді табиғи заттар жəне осы қосылыстардың туындылары сияқты екі категорияға бөлді.
ААҰ/БДСҰ Комитетінің отырысында, еті тағамға қолданылатын малды азықтандыру үшін ксенобиотикалық анаболикалық заттарды тұтыну тиімділігін бағалау барысы көп жағдайда пестицидтерді бағалауға ұқсас деген пікір айтылды, себебі бұл үшін:
1) айтарлықтай толық, қажетті токсикологиялық мəліметтер;
2) алдыңғы қатарлы малшаруашылық тəжірибесіне сəйкес көрсетілген заттарды қолдану барысында қалдықтардың сипаты жəне деңгейі жөнінде жеткілікті мəліметтер сияқты екі элемент қажет.
Алдыңғы қатарлы малшаруашылығы тəжірибесіне қелсек, ксе нобиотикалық анаболикалық заттардың тиімділігі туралы мəліметтер, тиімді нəтижеге жету үшін қолданылатын мөлшері, сынау барысында алынған қалдықтар деңгейі туралы мəліметтер, сонымен қатар бақылау үшін немесе мониторинг мақсатында қолданылуы мүмкін қалдық деңгейін талдау əдістері туралы мəліметтер алу қажет. Токсикологиялық мəліметтер тұтынушыларда эндокринологиялық жəне токсикологиялық зардап тудыратын малшаруашылық өнімдерінде болатын қалдықтар жəне метаболиттер, осы қосылыстардың потенциалды канцерогенді белсенділігін ескере отырып ұсынылуы тиіс.
Көптеген елдерде, соның ішінде Еуроодақта жəне Қазақстанда көптеген гормональды препараттарды қолдануға тыйым салынған. Химиялық стимуляторларды қолданудың экономикалық тартымдылығы тағам өнімдері құрамындағы гормондардың қалдықты мөлшеріне қатаң бақылау орнатуды талап етеді. Еуропалық қауымдастықтың қолданыстағы директивасының негізінде ет жəне ет өнімдеріндегі (мал жəне құс еті) гормональды препараттардың қалдықты мөлшеріне заттар қатары бойынша жүйелік бақылау орнатылған.
Еуропалық қауымдастық елдерінде тұтынушылар денсаулыққа қауіпсіз концентрацияда болса да «гормональды» технологиямен алынған, гормональды препараттар қалдығы бар ет жəне ет
өнімдерін алудан бас тартады. Еуропалық нарықта өз орнын табу үшін көптеген малшаруашылығы кəсіпорындары мал өсіру барысында гормондарды қолданудан бас тартуға мəжбүр болуда.
Өкінішке орай, қазіргі уақытта Қазақстанда гормональды препараттарды бақылаудың міндетті тəртібі емес тек ұсынымы қарастырылған. Жекелеп алғанда, 2003 жыл, 11 маусымдағы
№ 4.01.071.03 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі жəне тағамдық құндылығына қойылатын гигиеналық талаптар» санитарлық ережелері жəне нормаларына сəйкес жануар текті өнімдерде
жануарлардың өсім стимуляторлары, соның ішінде гормональды препараттардың қалдықты мөлшері бақыланады, Бірақ бұл бақылау, өнімді дайындау жəне сақтауда қолданылатын жануарлардың өсім стимуляторлары жəне дəрілік препараттары жөніндегі өндіруші (жеткізуші) ұсынатын ақпаратқа негізделеді. Осылайша, егер ойы арам жеткізуші еттің «гормональды» технологиямен өсірілгендігі жөнінде ақпаратты жасырса, құрамында гормональды препараты бар өнімдердің Қазақстан нарығына ену қауіптілігі туындайды, бұл жағдайда гормональды препараттардың қалдықты мөлшерін анықтау міндетті емес.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет