№6 дәріс. Сөздіктер мен анықтамалықтар. Сөздіктердің тҥрлері. Сөздіктердің тҥрлері



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата25.11.2023
өлшемі0,74 Mb.
#125831
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6
Омонимдер сөздік 
тұлғасы бір, мағыналары әр түрлі сӛздерді, ал 
антонимдер сөздігі
 мағыналары қарама-қарсы сӛздерді қамтиды.
Фразеологиялық сөздіктер
 
тілдегі тұрақты тіркестердің (идиомдар, 
фразеологизмдер) 
мағынасын 
түсіндіріп, 
стилистикалық 
сипатын 
айқындайды.
Этимологиялық сөздіктер
 
жеке сөздердің тарихын, шығу төркінін 
ашады
.
Орфографиялық сөздік
 
сөздердің дұрыс
 
жазылуын, ал орфоэпиялық 
сөздік дұрыс айтылуын көрсетеді
(Қазақ тілінің орфографиялық сӛздіктері; 
Қазақ тілінің орфоэпиялық сӛздіктері).  
Терминологиялық сөздіктер 
жеке ғылым салаларына байланысты 
терминдерді түсіндіреді, олардың түрлері кәсіп салаларына қарай ұдайы 
толығып отырады.
 
Лингвоелтану сөздігі
белгілі бір тілде сөйлеушілердің ұлттық 
ерекшеліктерін сипаттайды.


Топонимикалық сөздіктер
жер-су аттарын түсіндіруге, қаламгер 
тілінің сөздігі оның шығармаларының көркемдігін, ұлттық тіл байлығын 
қолдану ерекшелігін тануға арналған.
Мұнан басқа да 
диалектологиялық, 
ономастикалық, паронимдік, жиілік, жаңа атаулар, т.б. сөздік
түрлері 
бар. Техниканың дамуына байланысты сӛздік түзудің компьютерлік 
технологиясы жасала бастады. Компакт-дискімен таратылатын немесе 
компьютерлік жүйенің серверлерінде орналастырылған түрлі электрондық 
сӛздіктер бар. 
 
АНЫҚТАМА 
Анықтама – мазмұны белгілі бір фактіні немесе оқиғаны 
дәлелдейтін, растайтын ісқағазының бір тҥрі.
Анықтаманың құқықтық дәрежесі жоғары, заңдық күшке ие. Себебі 
біздің жеке басымызды куәландыратын құжатымызды жоғалтып алған 
жағдайда, оның орнын уақытша анықтама ауыстыра алады. Сондай- ақ, 
перзентханаларда сәбидің ӛмірге жаңа келгендігін растау үшін де 
анықтамалар беріледі. 
Анықтаманың түрлері: 
1.
Жеке адамға қатысты анықтама. 
2.
Қызметтік анықтама. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет