6 дәріс Тақырыбы: Қабыну патоморфологиясы Мақсаты мен міндеттері



бет8/8
Дата01.03.2023
өлшемі369,87 Kb.
#70611
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
№6 дәріс

Атрофиялық цирроз (Лаэннек) – бауыр кішірейген, тығыз, беті ұсақ бұдырлы немесе түйіршікті. Тілік бетінде сұрғылт дәнекер ұлпа баулары көрінеді, олар сарғыш түсті бауыр паренхимасы ошақтарын қоршап тұрады.
Бауырдың қабығы жуандаған, гиалинденген. Гистологиялық зерттеуде дәнекер ұлпа жайылып өскенін көруге болады. Қалыпты жағдайдағы полигоналды бауыр бөліктері мүлдем жоқ. Орталық вена бөліктің шетінде орналасқан. Бауыр торшалары атрофия мен дистрофия күйінде, ядролары жойылған немесе пикноз бен рексис күйінде. Өріс алған дәнекер ұлпа бастапқы кезде лимфоциттерге, гистиоциттерге, плазмоциттерге бай болады, кейіннен ондағы торшалар саны азайып, фиброзды ұлпаға айналады.
Диапедез бен эритроциттердің ыдырауына байланысты гемосидерин түзіледі. Циррозда тамырлар да өзгереді. Капиллярлардың атрофиясы салдарынан бауырдың қанмен қамтамасыз етілуі бұзылады, порталды жүйе декомпенсацияға ұшырап, асцит туындайды.
Гипертрофиялық цирроз – сирек кездеседі. Бауырдың көлемі ұлғаяды, салмағы 20 кг дейін. Бөлікаралық, бөлік ішіндегі дәнекер ұлпа қаулап өседі, бауыр тығызданады, беті тегіс, немесе сәл түйірлі, сарғыш немесе жасыл түсті, 3-6 айлық бұзауларда жиі болады. Гистологиялық зерттеуде дәнекер ұлпа диффузды өскен, арасында бауыр паренхимасы көрінеді. Өт пигменттері көп болғандықтан сарғаю байқалады.
Билиарлы цирроз - өт жолдарының қабынуына (холангиттік) және өт жолдарында өттің іркілуіне (холестаттық) байланысты. Басында мүше үлкейеді, беті кедір-бұдырланады, кейіннен кішірейеді. Гистологиялық зерттеуде дәнекер ұлпаның өсуімен қатар, өт капиллярларында өттің жиналуын көруге болады.
Инфекциялық цирроз – бруцеллезде, гемопрозооздарда бауырда дистрофиялық және қабыну өзгерістердің салдарынан дәнекер ұлпаның өсуі байқалады.
Паразитарлық цирроз – фасциолезде, дикроцелиозда – бауыр үлкейеді, тығыздығы қатаяды, көптеген қанталаулары, саңылаулары бар. Өт жолдары зақымданады. Гистологиялық зерттеуде: бауырда некробиозды, қабынуды, гранулалық ұлпаның өсуін көруге болады.
Цирроз кезінде бауырдан тыс болатын өзгерістер: кілегейлі, сірлі қабықтардың сарғаюы, теріде көптеген қанталаулардың болуы, лимфалық түйіндердің ұлғаюы (әсіресе шажырқайлық лимфалық түйіндердің), көк бауырдың ұлғаюы, асцит.


Бақылау сұрақтары:

  1. Қабыну дегеніміз не, оның себептері.

  2. Қабынудың морфологиялық белгілері қандай, олардың сипаты.

  3. Қабынудың жіктелуі.

  4. Экссудациялық қабынудың жіктелуі, оның жеке түрлері және морфологиялық сипаттамасы.

  5. Альтерациялық қабыну.

  6. Пролиферациялық қабынудың түрлері, морфологиясы.

  7. Бауыр циррозы: анықтамасы, түрлері, морфологиясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет